Оқиға • 18 Желтоқсан, 2024
Жетісуда 26 адам қар құрсауында қалып қойған
Ауа райы нашарлауынан әрі қалың қар салдарынан 26 жүк көлігі қар құрсауында қалған, деп хабарлайды Egemen.kz.
Құқық • 18 Желтоқсан, 2024
Отбасындағы озбырлық: себебі, салдары, сабағы
Қоғам ізгілігінің өлшемі, өркениеттің нышаны, қала берді жай ғана адамдықтың белгісі – әйел баласына деген қамқорлық пен құрметтен көрінетінін бүгінгінің көзі ашық адамдарына айтып отырудың өзі әбестік. Өкінішке қарай, әлімжеттіктің тақсіретін тартып келе жатқандар жетіп артылады. «Өз үйіңнен жау шықса, қашатын жер табылмас» дегендей, тағдырдың азабы мен азарын өзгелерден емес, өз жақындарыңнан көруден асқан қасірет жоқ. Ал өтіп бара жатқан жылда қоғамды дүр сілкіндірген оқиғалар әлеуметке қаншалықты сабақ болды?
Қоғам • 18 Желтоқсан, 2024
Облыс орталығында үшем дүниеге келді. Өңірде үшемдердің тууы туралы дерек соңғы екі жылда тіркелмепті. Ата-анасы сәбилеріне Кәрім, Әмір, Тайыр деген есімдер берді.
Президент • 18 Желтоқсан, 2024
Президент Эмманюэль Макронға көңіл айтты
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Франция Президенті Эмманюэль Макронға көңіл айту жеделхатын жолдады, деп жазады Egemen.kz.
Денсаулық • 18 Желтоқсан, 2024
Шымкент қалалық психикалық денсаулық орталығында науқастарға арналған мектеп ашылды. Оның мақсаты – адамды есінен айырып, өзіне тәуелді қылатын түрлі психотропты заттарға уланған жандарға психологиялық көмек көрсету. Аталған мектеп, сонымен бірге нашақорлық пен есірткі бизнесіне, ойын бизнесі мен лудоманияға қарсы іс-қимыл кешені жоспарын, наркологиялық, токсикологиялық көмекті жетілдіру шараларын іске асыру жөніндегі Жол картасын орындау мақсатында ашылып отыр.