Үкімет • 23 Желтоқсан, 2020
Премьер-Министр Асқар Маминнің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында вегетациялық кезеңде су ресурстарын пайдалану мәселелері қаралды. Бұл мәселе жайында Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Мағзұм Мырзағалиев, Ауыл шаруашылығы министрі Сапархан Омаров, Қызылорда облысының әкімі Гүлшара Әбдіқалықова, Алматы облысының әкімі Амандық Баталов баяндама жасады.
Аймақтар • 23 Желтоқсан, 2020
Шәмші Қалдаяқовтың ескерткіші ашылды
Қазақ даласын ән бесігінде тербеткен Шәмші Қалдаяқовтың мерейтойы Түркістан облысында кең көлемде атап өтілуде.
Руханият • 23 Желтоқсан, 2020
Өлеңнің серті кетіп, дерті қалса...
Поэзия деген не десе, бір сөзбен айт десе, поэзия деген серт дер едім. Бұған біреулер «Көркемдік ше, көркемдік?» деп таласа кетуі мүмкін. Ал мен оларға: «Ант пен серттен асқан қандай көркемдік бар?!» деп айтар едім. Ант пен серт жүректен шығады, сондықтан да ол көркем болады. «Құран ұстап ант еттім», «Семсер ұстап серт еттім» дегендей сөздер содан қалған жоқ па. Ант пен сертте жалғандық та болмайды емес пе.
Тарих • 23 Желтоқсан, 2020
Дүниені дүр сілкіндірген ХХ ғасыр қанды соғыстармен қатар, хас батырлар мен даңқты қолбасшыларды да дүниеге әкелді. Осындай ардақты тұлғалардың арасында аты аңызға айналған Бауыржан Момышұлы да бар.
Аймақтар • 23 Желтоқсан, 2020
Токарьға келгенде тоқырап тұрмыз
Бүгінгі тақырып осыдан оншақты жыл бұрын «Шаншар» әзіл-сықақ театрындағы сал-сері туралы қойылымды еске түсіріп отыр. Белгілі актер Уәлибек Әбдірайымов конферансьенің, Нұржан Төлендиев сал-серінің рөлін ойнайтын сол қойылымда Нұржан-Туканың қазақ-қырғыздың басын қосқан үлкен ас жайлы «Пой-пой, несін айтасың, 60 мың үй тігіліп, 40 мың адам шақырылды» дейтіні бар еді ғой. Осыны естігенде күлгенбіз, ал қазір біздегі мамандар даярлау мәселесінің осындай халде тұрғаны ойландырып отыр.