Аймақтар • 18 Желтоқсан, 2024
«Домбыра» инсталляциясы орнатылды
Ұлттық құндылықтарды бағалау, насихаттау – елге міндет. Осы орайда Жаңаөзен қаласының кіреберісіне биіктігі – 10, ені 4 метр болатын «Домбыра» инсталляциясы орнатылды. Бұл нысан тартымды орын ғана емес, қала көркін арттыру, ұлттық мұраны құрмет тұту, қазақтың үні мен асыл дүниесін жан-жақты насихаттап, жас ұрпақтың санасына сіңіру бағытында маңызды орын.
Тұлға • 18 Желтоқсан, 2024
«Максимова танцует вновь!». Студент кезімізде «Советская культура» газетінің бірінші бетіне айқайлатып берілген осы тақырып әлі күнге көз алдымда. Үлкен театрдың прима-балеринасы Екатерина Максимова отбасын құрып, нәрестелі болып, бірер жылға сахнадан қол үзген екен. Қазақы ұғыммен қайырсақ, баласы қарақұлақтанып, өзінің құлын мүсіні қалпына келгеннен кейін әлемге әйгілі биші атақты театрдың төріне қайта шыққан көрінеді. Максимованың қайта билеуі ел мәдениеті үшін қандайлық мерей болатынын, ондай адамдардың орны бөлектігін жаңағы тақырып та, бірінші бетке берілуі де, әуеде қалықтап бара жатқандай әсер қалдыратын керемет фотомен көмкерілуі де келісті көрсетіп тұр еді.
Аймақтар • 18 Желтоқсан, 2024
Президент жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі алаңында Ақтөбе облысының әкімі Асхат Шахаров өңірдің жалпы стратегиялық дамуының негізгі бағыттары, қоғамдық-саяси ахуалы туралы баяндап, жылды қорытындылады.
Алматы • 18 Желтоқсан, 2024
Алматы облысында экспорт географиясының кеңеюі – аймақтың экономикалық дамуындағы маңызды жетістіктердің бірі. Бүгінде облыс 63 елге өнім экспорттаса, оның 90%-ын өңделген өнім құрайды. Өткен жылмен салыстырғанда, экспорт көлемі 565 млн доллардан 581 млн долларға өскен. Орталық коммуникациялар қызметіндегі баспасөз мәслихатында облыс әкімі Марат Сұлтанғазиев өңірдің әлеуметтік-экономикалық даму динамикасын жан-жақты баяндады.
Технология • 18 Желтоқсан, 2024
Ақылды технология су тапшылығының алдын алады
Елімізде су тапшылығы жыл өткен сайын күрделеніп, көптеген салаға әсерін тигізіп жатыр. Елдегі өзен ағысының 44%-ы шет мемлекеттерде қалыптасатындықтан трансшекаралық су ресурстарына тәуелділік артып, жағдай одан әрі қиындап отыр. Болжамдарға сүйенсек, 2030 жылға қарай су тапшылығы 15%-ға жетуі мүмкін, ал жаңартылатын су қорлары 40%-ға дейін азаяды. Сарапшылардың сөзінше, су тапшылығының салдарын жеңілдету үшін жаңа технологияларды қолдану қажет.