Таным • 12 Желтоқсан, 2018
XVI-XVIII ғасырлардағы Қазақ хандығының жоғары билігінде болған тарихи тұлғаларды билік құрған уақытының ұзақ-қысқалығына, жүргізген ішкі-сыртқы саясатының белсенділігіне, ел тарихында сіңірген еңбегі мен оның маңызына, соған байланысты есімдерінің танымалдығына қарай шартты түрде үш топқа бөлуге болады. Бірінші топқа аса танымал тұлғалар – Керей хан мен Жәнібек хан, Қасым хан, Хақназар хан, Тәуекел хан, Есім хан, Жәңгір хан, Тәуке хандар енсе, келесі топқа – қалың көпшілікке онша таныс емес, есімдері көп айтыла бермейтін тұлғалар – Мамаш хан, Ахмет хан (Қожа Ахмет хан), Тоғым хан, Бұйдаш хан, Жәнібек хандарды (Есім хан ұлы) жатқызуға болады. Ал үшінші топқа Бұрындық хан, Тахир хан, Тұрсын хан, Шығай хан енеді.
Руханият • 12 Желтоқсан, 2018
«Qul bazar» tek qazaqqa arnalǵan sıaqty, 100 paıyz qazaq, qazaqtan basqa ult joq qul bazarda jaldanyp turǵan», dep kújingen jazba oqydym áleýmettik jeliden. Nege? Onyń sebebiniń biri – qazaqtyń kásip ıgerýge kerenaýlyǵynda tárizdi.
Қазақстан • 12 Желтоқсан, 2018
Сарыбелдің «саумалы» Ұлы даланың ұтымды жобасына айналды
Елорда мен кеншілер астанасының ортасында орналасқан Осакаров – ертеден егіні жайқалған алқаптарымен аты шыққан өңір. Мысалы, биыл осы аудандағы «Найдоровское» деген шаруашылық егістіктің әр гектарынан 50 центнерден өнім алып, осы өңірде бұрын-соңды болып көрмеген нәтижеге қол жеткізді.
Руханият • 12 Желтоқсан, 2018
Латын әліпбиіне көшудегі Әзербайжан тәжірибесі
Қазір елімізде әліпбидің латын негізді жаңа үлгісін енгізу үдерісінде бұқара халық осы уақытқа дейінгі бұрынғы Кеңес өкіметі құрамында болған түркітілдес елдердің қателіктерін қайталамау, оң тәжірибелерін пайдалану қажеттілігі туралы ұсыныстар мен пікірлер айтылып жатыр. Осы жайттарды ескере отырып, латын әліпбиін біздің елімізде оңтайлы қолдануды іске асыру үшін бұл әліпбиді енгізуді осыдан ширек ғасыр бұрын бастаған мемлекеттердің тәжірибесін тағы да саралап, сараптама жасап алған жөн.