Әлем • 30 Желтоқсан, 2020
XXI ғасырды қайта қарайтын сәт
Шартарапты коронавирус пандемиясымен шаршатқан 2020 жыл да аяқталып келеді. Биылғы індет халықаралық қоғамдастықтағы, жер-жаһандағы бірқатар мәселенің басын ашып беріп кетті. Мәселен, кейбір елдердің басшылары жеке басының мүддесін күйттеп, жаһандық мәселелерге қырын қарағаны есімізде. Көп ұзамай қайғы мен қасіретке толы жыл да аяқталмақ. Осы орайда алдағы жылдан не күтеміз? Өткеннен қандай сабақ алуымыз қажет? Project Syndicate жобасы аясында «Egemen Qazaqstan» басылымы осы сұрақтарға жауап беретін мақалалар топтамасын ұсынады. НАТО-ның бұрынғы бас хатшысы лауазымын атқарған Хавьер Солана өз мақаласында XXI ғасырдағы негізгі түйткілдерге тоқталады. Автор мыңжылдықтар түйіскен тұста әлемде келешекке деген ерекше құлшыныс туғанын, алайда іс жүзінде бәрі басқаша болғанына қынжылыс білдіреді. Осындай қателіктерді тізе отырып, Хавьер Солана өткеннен сабақ алудың маңызына екпін береді. Сыртқы саясат жөніндегі Еуропалық кеңестің директоры Марк Леонард өзінің мақаласында 2021 жылдан үміт күтетінін және негізгі бес мәселені атап көрсетеді. Оның айтуынша, АҚШ президенттігіне Джо Байденнің сайлануы, коронавирусқа қарсы вакцинаның әзірленуі, климаттың жылынуына қатысты жаһандық үнқосу, билікке сенімнің оралуы мен ғаламдық жүйені қайта қарау сиыр жылының жақсылығы болмақ. Айта кетерлігі, әлемдегі маңызды да өзекті тақырыптар жөнінде бірегей контент әзірлейтін Project Syndicate жобасы мақалалары Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің қолдауымен жарық көріп отыр.

Сайлау • 30 Желтоқсан, 2020
Сайлауға дайындық мәселелері пысықталды
Орталық сайлау комиссиясының (ОСК) кезекті отырысында азаматтардың тіркелген жері жөніндегі мәліметтерді онлайн тексеру мүмкіндігі, сайлау алдындағы үгіт-насихат кезеңінде комиссияға келіп түскен жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау барысы, халықаралық ұйымдар мен шет мемлекеттердің байқаушыларын аккредиттеу және қауіпсіздік шаралары мәселелері талқыланды.
Әдебиет • 30 Желтоқсан, 2020
Жазу – қаламнан бұрын санада бастау алады
Шексіздік, ең алдымен адамның ой-қиялына тән. Ал терең ойдың жемісі – жазу. Жақсы жазу. Ол дегеніңіз әдебиет. Кез келген ақын-жазушының жан түкпірінде бүлкілдеп жүрген бір ойы болады. Бәрін түгесіп, тауысқан классик жоқ. Бәрінің де, әйтеуір жазары бар. Әлқисса. Бүгін Әдебиет бетінде «Не жазып жүрсіз? Һәм не жаза алмай жүрсіз?» деген әдеби сауалдама бастап отырмыз. Қазіргі қазақ авторларының шығармашыл өміріне барлау жасай отырып, Абай атындағы Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, жазушы-драматург Роза Мұқанованың не жазып һәм не жаза алмай жүргенін сұрап көрдік.
Саясат • 30 Желтоқсан, 2020
Қаржы пирамидасын құрғандар енді сот алдында жауап береді
Қаржы пирамидасын ұйымдастырды деген күдікпен «Гарант 24 Ломбард», «Estate Ломбард», «Выгодный займ» ЖШС-ның басшыларына қатысты Қылмыстық кодекстің «Ұйымдасқан топ, қылмыстық ұйым құру және оларға басшылық ету, сол сияқты оларға қатысу» бабымен қозғалған іс бойынша тергеу аяқталып, жақын күндері сотқа жолданатын болды. Осы іс бойынша 56 адам қылмыстық жауапкершілікке тартылды.