Аймақтар • 31 Қаңтар, 2026
«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының Қызылорда облыстық филиалы таратқан бір мәліметке жанымыз жылыды. Өткен жылды қорытындылаған филиал мамандары Жалағаш ауданында бірде-бір отбасының ажырасуы тіркелмегенін айтып отыр. Олар мұны сирек кездесетін құбылысқа балайды.
Білім • 31 Қаңтар, 2026
Америкада білім алу мүмкіндігі
Жамбыл атындағы қалалық жасөспірімдер кітапханасы жанынан жаңа мәдени-білім беру орталығы ашылды. Білім мен инновацияға ұмтылған қала тұрғындарын біріктіретін алаң заманауи технологияны меңгеру мүмкіндігін кеңейтуге, халықаралық білім беру ынтымақтастығын нығайтуға бағытталған.
Үкімет • 30 Қаңтар, 2026
Премьер-министрдің орынбасары – мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаеваның төрағалығымен Үкіметте кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссиялардың қызметі, сондай-ақ балалар мен жасөспірімдер ортасында құқықбұзушылық пен буллингтің алдын алу шаралары қаралды, деп хабарлайды Egemen.kz Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Мектеп • 30 Қаңтар, 2026
Оқушылар өмірдің өзін сахналады
Астанадағы №119 жалпы орта білім беретін мектепте «Тәртіп пен жауапкершілік» тақырыбында театр фестивалі өтті, деп жазады Egemen.kz.
Инвестиция • 30 Қаңтар, 2026
Отандық стартап саласына 73 млн доллар инвестиция тартылды
Елімізде жасанды интеллект саласындағы стартап экожүйесі қалыптасып, қарқынды даму кезеңіне өтті. Қазіргі таңда ел аумағында 100-ден астам ЖИ-стартап жұмыс істейді. 2023–2025 жылдар аралығында бұл салаға тартылған венчурлық инвестициялар көлемі 5 еседен астам өсіп, 14 млн АҚШ долларынан 73 млн АҚШ долларына жеткен. Нәтижесінде, бүгінде Қазақстандағы барлық венчурлық инвестициялардың жартысынан астамы жасанды интеллект саласына тиесілі, деп хабарлайды Egemen.kz.