Сараптама • 13 Желтоқсан, 2023
Балаларға арналған контент қалай талданады?
COVID-19 пандемиясы қоғамның көп саласына әсер еткені секілді балалардың медианы тұтыну үлгілеріне де біраз ықпалын тигізгені сөзсіз. Сол себепті 2020 жылдан кейін әлемде осы саладағы зерттеулер көбейген.
Алматы • 13 Желтоқсан, 2023
«Қазақ тілі» қорына – 100 миллион теңге
«Kusto Group» компаниясының басшылығы «Qazaq tili endowment qory» қазақ тілін қолдау эндаумент-қорына 100 миллион теңге көлемінде жарна аударылғаны туралы мәлімдеді.
Қоғам • 13 Желтоқсан, 2023
Тұрғын үй бағдарламасының тиімдісі қайсы?
Нарық заманының талаптарына бейімделе бастағанымыздан болар, қазір «қаржылық сауат» деген тіркес, тіркес емес-ау, ұғым пайда болды. Үй алуды көксеп жүрген ағайын жиған-тергенін үнемдеп, басы артық кірісті шама келсе шотта жинауға әуестене бастады. Әйткенмен бірді екіге қосып, әупірімдеп жүріп үй алуды мақсат еткен отбасылардың барлығы бірдей тиімді шарттармен баспаналы бола бермейді. Күмәнді компанияларға ұрынып, сан соғып қалғандар да жоқ емес. Қоғамдағы осындай жайттарды ой елегінен өткізе келе, «Тұрғын үй алудың тиімді жолы қайсы?» деген сауалды дөңгелек үстелдің тақырыбына арқау еттік. Дөңгелек үстелде Парламент Мәжілісінің депутаты Дәулет Мұқаев, «Отбасы банкі» Алматы қалалық филиалының директоры Данагүл Түсіпова, экономист, қаржы сарапшысы Айбар Олжай, Астана қаласы әкімдігінің «Тұрғын үй қоры» КММ директоры Нұрсұлу Қожахметова, тұрғын үй бойынша сарапшы Ұлан Дәулетқали тұрғын үй саласындағы өзгерістерді сараптай келе, ақыл-кеңесін де айтты.
Аймақтар • 13 Желтоқсан, 2023
Шығыс Қазақстанда «Жол жылы» аясында, яғни 2024 жылы 600 шақырым жол жөнделеді. Аймақта алдымен транзиттік бағыттарға, шекара маңындағы аудандар мен туристер қатынайтын жолдарға баса назар аударылмақ.
Аймақтар • 13 Желтоқсан, 2023
Коммуналдық сала өкілдерінің сыналар шағы басталды. Атырауда ауа температурасы күрт төмендеп еді, сумен қамту мәселесінен ши шыға жаздады. Дәлірек айтқанда, тұрғындар бір тәулікке жуық сусыз отырды.