Технология • 27 Желтоқсан, 2019
Блокчейн ашықтықты қамтамасыз ете ала ма?
«Әлемді сандар билейді» деген Пифагордың сөзі өзекті екенін өмірдің өзі көрсетті. Бүгінгі жаһандану дәуірінде айналамызды түгел цифрлы технологиялар қоршап тұр. Ғасыр игілігі ғаламтор цифрлардың өрнегімен өрілген. Тұрмыс-тіршілігімізге дендеп еніп, уақыт үнемдеуге, шығын азайтуға септескен интернет иін тірескен қоғамдық мәселелерді де реттеуге қауқарлы екені жиі айтылып жүр. Осы орайда интернеттің дамыған жаңа сатысына баланатын блокчейн технологиясы бюрократия, сыбайлас жемқорлық сияқты «кеселдердің» жолын кесе ала ма?
Тағайындау • 26 Желтоқсан, 2019
Мұрат Жүребеков бірінші Энергетика вице-министрі болып тағайындалды
Үкімет қаулысымен Мұрат Өтемісұлы Жүребеков бірінші Энергетика вице-министрі қызметіне тағайындалды. Бұл туралы Премьер-Министрдің баспасөз қызметі хабарлады.
Тағайындау • 26 Желтоқсан, 2019
Жұмабай Қарағаев Энергетика вице-министрі болып тағайындалды
Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен Жұмабай Ғаббасұлы Қарағаев Энергетика вице-министрі қызметіне тағайындалды. Бұл туралы Премьер-Министрдің баспасөз қызметі хабарлады.
Тағайындау • 26 Желтоқсан, 2019
Ғабидулла Оспанқұлов Ақпарат және қоғамдық даму вице-министрі болып тағайындалды
Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулысымен Оспанқұлов Ғабидулла Абдуллаұлы Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму вице-министрі қызметіне тағайындалды. Бұл туралы Премьер-Министрдің баспасөз қызметі хабарлады.
Қазақстан • 26 Желтоқсан, 2019
Елордада Инсульт орталығы ашылды
Нұр-Сұлтанда Көпсалалы медициналық орталықтың ішінен Инсульт орталығы ашылды. Айтулы шараға қала әкімінің орынбасары Бақтияр Мәкен қатысты. Бұл туралы елорда әкімдігінің ресми сайты хабарлады.