Саясат • 04 Қаңтар, 2019
Азия алыптарының бәсекелестігі арта түседі
Қазіргі замандағы ең үлкен xалықаралық, жаһандық жобалардың бірі Қытайдың «Бір белдеу, бір жол» стратегиялық бағдарламасы екені белгілі. Қытай «Бір белдеу» арқылы Еуропамен, ал «Бір жол» («Теңіз жолы») арқылы Оңтүстік-Шығыс Азия және Оңтүстік Азия елдерімен сауда-экономикалық қатынасын одан әрі дамытып, Азия мен Еуропаны жалғайтын жаңа Ұлы Жібек жолын жандандыруды көздеп отыр
Қазақстан • 04 Қаңтар, 2019
Дамудың жаңа міндеттері қандай?
Табалдырығымыздан аттаған 2019 жыл – толайым табыстарға, келелі келісімдерге, ілкімді жобалар мен қаржылық жетістіктерге толы боларына сенім мол. Болашаққа аттаған бір қадам – өзімен бірге тұрақтылық пен өсімді ала келмек. Әлемдік экономикалық ахуалдарға қарамастан ел экономикасына жасалған болжамдар жағымды. Себебі елімізде жүзеге асып жатқан индустрияландыру серпіні сезіліп, басымдық берілген бағыттар қаржы секторының екінші тынысын ашпақ.
Аймақтар • 04 Қаңтар, 2019
Зеленов ауданының атауы өзгерді
Батыс Қазақстан облысының әкімі Алтай Көлгінов 2019 жылдың алғашқы жұмыс күнін кеше ғана Елбасы Жарлығымен Бәйтерек болып өзгерген ауданның орталығы Переметное ауылында ел-жұртпен кездесуден бастады.
Қазақстан • 04 Қаңтар, 2019
Астана қаласының әкімдігі «Нұрлы жер» және «7-20-25» бағдарламалары аясында жергілікті бюджеттен мұғалім, дәрігер және полиция қызметкерлеріне 100 миллион теңге бөлді. Бюджеттік мекемелерде жұмыс істейтін 100 қызметкерге 1 миллион теңгеден үлестірілген бұл қаражат Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі арқылы пәтер алу үшін алғашқы жарна ретінде пайдаланылады.
Қазақстан • 04 Қаңтар, 2019
Жол-көлік апаттарының елімізде өте жиі болатынын, оның салдарынан өлім-жітім де өте көп екендігін «Егемен» бұған дейін бірнеше рет жазды. Бірақ одан қаралы статистиканың азаяр түрі жоқ. Мұндай оқиғалар әсіресе Жаңа жыл қарсаңында үдей түсетіні белгілі. Деректерге көз жүгіртсек, қайғылы оқиғаларда ережені елемеудің және рульге мас күйінде отырудың үлесі көп. Ішкі істер министрлігінің мәліметінше, өткен жылы елімізде ішімдік ішіп рульге отырған 25 мыңнан астам адам анықталған.