Мәдениет • 01 Қаңтар, 2025
Бүгін әнші Роза Бағланованың туған күні
Бүгін Халық әртісі, Халық қаһарманы, әнші Роза Бағланованың туған күні, деп хабарлайды Egemen.kz.
Экономика • 01 Қаңтар, 2025
Келешек – көлік-логистикалық хабында
Былтыр депутаттық корпустың қолдауымен көлік саласында халықаралық келісімдерді ратификациялау туралы 6 заң мен 5 пакет заңнамалық түзету қабылданды. Көлік саласын реформалауға қатысты биыл 1 заң жобасы, 7 пакет заңнамалық түзету мен 8 ратификациялау туралы заң жобасы Мәжіліс қарауына енгізіледі.
Сараптама • 01 Қаңтар, 2025
Құндылығы қым-қиғаш, үміт пен үрей арпалысқан уақытта өмір сүріп жатқанымызбен, босағамыздан аттаған жаңа жылдан тек жақсылық күтетініміз анық. Атақты «The Black Swan» кітабының авторы Нассым Талеб «Жүйе кез келген қателікті қайта-қайта жасайтын болса, құрдымға кетеді» дейді. Осы ойдың орамында «Біз өткен жылдан қандай сабақ алдық?» деген сұрақ туады. Былтыр экономикамыз біраз сынақты өткерді. Мүмкіндігі де, тәуекелі де көп болды. «Ескі жыл есіркеп, жаңа жыл жарылқасын» деген игі тілекпен, алдағы жылға артқан үміт пен түзген жоспарымызды саралап алсақ.
Қоғам • 01 Қаңтар, 2025
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Жұмысшы мамандықтарының жылын жариялау туралы» Жарлыққа қол қойды. Бұл туралы Президент «Әділетті Қазақстан: заң мен тәртіп, экономикалық өсім, қоғамдық оптимизм» атты Жолдауында: «Біз жұмысшы мамандықтарын дәріптеу арқылы қоғамда еңбекқор және нағыз маман болу идеясын насихаттаймыз. Бұл «Адал азамат – Адал еңбек – Адал табыс» қағидатына толық сай келеді. Қоғамда еңбекқорлық, кәсібилік сияқты қасиеттер өте жоғары бағалануға тиіс. Өз кәсібін жетік меңгерген мамандар ұлт сапасын арттырады. Жұмыстың жаманы жоқ, кез келген еңбек – қадірлі. Ең бастысы, әркім жауапкершілікті терең сезініп, өз міндетін сапалы атқаруға тиіс. Сонда ғана еліміз дамудың сара жолына түседі», деп атап көрсетті.
Саясат • 01 Қаңтар, 2025
Жалпы, 2025 жыл белгісіздік, яғни алдын ала нақты өзгеріс болатын жағдайларды, оның ішінде қай салада қандай өзгеріс болатынын бөліп-жарып айтуға келмейтін кезең болмақ. Халықаралық саясаттағы трансформациялық сайлау, экономикалық құбылмалылық, жаһандық бейбітшілік пен өркендеудің болашағына қатысты белгісіздік басым болады. Дональд Трамптың АҚШ президенттігіне оралуы бүкіл әлемде резонанс тудырады. Оның болжамсыздығы, даулы саясаты және популизмге үндеуі бүкіл әлемде сезіледі.