Қоғам • 06 Қаңтар, 2026
Алаяқтық кең тараған: Премьер-министр субсидиялау саясатын қайта қарауды тапсырды
Үкімет отырысында Премьер-министр Олжас Бектенов әлеуметтік саладағы алаяқтық пен негізсіз қаржыландыру мәселесін қатаң сынға алды. Үкімет басшысы Оқу-ағарту, Денсаулық сақтау және Қаржы министрліктеріне жекеменшік мектептер мен медициналық ұйымдарды субсидиялау саясатын қайта қарау үшін бір апта уақыт берді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Президент • 06 Қаңтар, 2026
Мемлекет басшысы Парламенттік реформа жөніндегі жұмыс кеңесін өткізді
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қаринмен және Президенттің құқықтық мәселелер жөніндегі көмекшісі Ержан Жиенбаевпен жұмыс кеңесін өткізді. Ерлан Қарин Мемлекет басшысына Парламенттік реформа жөніндегі жұмыс тобы қызметінің аралық нәтижелері туралы мәлімет берді, деп жазады Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Тағайындау • 06 Қаңтар, 2026
«Қазақмыс» корпорациясына жаңа басшы тағайындалды
Руслан Өскенәлі «Қазақмыс» корпорациясы ЖШС Басқарма төрағасы қызметіне кірісті. Корпорация оның коммерциялық және өнеркәсіптік құрылымдардың басқарушылық қызметінде тәжірибеcі мол екенін атап өтті, деп жазады Egemen.kz.
Әлем • 06 Қаңтар, 2026
Венесуэлада уақытша президент ант қабылдады
Венесуэлада билік транзиті аясында елдің вице-президенті Делси Родригес уақытша мемлекет басшысы ретінде ант қабылдады. Оның тағайындалуын елдің Жоғарғы Соты мақұлдады, деп жазады Egemen.kz.
Әлем • 06 Қаңтар, 2026
Рамзан Қадыровтың 20 жастағы ұлы вице-премьер болып тағайындалды
Шешенстан басшысы Рамзан Қадыров 20 жастағы үлкен ұлы Ахматты вице-премьер етіп тағайындады. Тағайындау туралы Шешенстан басшысы Telegram арнасында мәлімдеді, деп жазады Egemen.kz.