Құқық • 06 Қаңтар, 2010
Солтүстік Қазақстан облыстық сотының журналистермен өткізген дөңгелек үстеліне сот пен БАҚ арасындағы сындарлы байланыс басты тақырып арқауына айналып, жан-жақты пікірлер алмасылды, орнықты ойлар айтылды.
Тұлға • 06 Қаңтар, 2010
“АТАНЫҢ ЕМЕС, АДАМНЫҢ ҰЛЫ БОЛУҒА ТЫРЫСТЫМ”
“Жігіттік дәурен өткен соң, кісілік дәурен келеді” деп Майлықожа бабамыз айтқандай, сол кісілік дәурен адамның өткен ғұмырының маңыздылығымен, артына қалдырған үлгі-өнегесімен, өзі өмір сүрген дәуірдің белгілі бір кезеңінің жүгін зейінмен зерделеп, пейілмен пернелей көтерген білігімен, парасат-пайымымен өлшенсе керек.
Қоғам • 06 Қаңтар, 2010
ИНТЕГРАЦИЯЛЫҚ МОДЕЛЬ ТӘЖІРИБЕСІ
Әлемдік жаһанданудың пайда болып, оның одан әрі дамуында Еуропаның айтарлықтай үлес қосқандығы күмәнсіз. Бұл орайда атап айтарлығы, әлемдегі белгілі ондаған интеграциялық модельдердің арасындағы ең табысты әрі шарықтап дамығаны Еуроодақ болып табылатындығы да ешкімді шүбәландырмаса керек.
Қоғам • 06 Қаңтар, 2010
Екі жылдан бері елордадан шығып келе жатқан “Алтын тамыр” әдеби журналының кезекті саны жарық көрді.
Ауа райы • 06 Қаңтар, 2010
Қысқы шілдеде Қостанайдың ауа райы құбылып берсін. Өңірде қыс биыл да кеш түскен. Қарды қостанайлықтар желтоқсанның ортасы ауа көрді. Қармен бірге аяз келді, сынап бағанасы 40-қа дейін төмен түсіп кеткенде жұрт табиғаттың тамаша құбылысын қызықтады – таяқ тастам жер көрінбес ақ тұман тұрып алған.