Қоғам • 25 Желтоқсан, 2023
Жаңа жылдан бастап зейнетақы қанша пайызға өседі?
2024 – 2026 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы заңда 2024 жылғы 1 қаңтардан бастап мемлекеттік жәрдемақылар мен базалық зейнетақы төлемдерінің барлық түрін ҚР Ұлттық Банкі айқындайтын инфляцияның болжамды деңгейіне сәйкес 7 %-ға, ынтымақты зейнетақыны – 9 %-ға, яғни инфляция деңгейінен 2%-ға ілгерілеп арттыру көзделген. Бұл туралы ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі хабарлады, деп жазады Egemen.kz.
Білім • 25 Желтоқсан, 2023
Жылдың үздік ТикТокер мұғалімдері анықталды
Оқу-ағарту министрлігі TikTok платформасымен бірлесе ұйымдастырған «Қазақстан мұғалімдері» байқауының жеңімпаздарын анықтады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 25 Желтоқсан, 2023
Елімізде тұрғын үй бағасы арзандауы мүмкін
Ұлттық статистика бюросының мәліметіне сәйкес биыл қолданыста болған үйлердің бағасы 5,5 пайызға арзандады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Экономика • 25 Желтоқсан, 2023
Артық ақша төлемеу үшін несие алғанда нені ескеру керек? Сарапшы пікірі
2019 жылы Президенттің пәрменімен 507 мың адамның несиесі кешірілген. Былтыр 30 желтоқсан күні белгілі критерийлер бойынша азаматтарды банкрот деп тану туралы заңды мемлекет басшысы мақұлдады. Мұндай шаралар тұтынушылардың төлем қабілетінің төмендеуі сынды мәжбүрліктен туып тұр. Мемлекеттік деңгейде мәселе көтеріліп, шара қабылданып жатқанымен, кәсіптен тапқан нәсібін ай сайын несие жабуға жұмсайтындар саны азаймай тұр. Биыл бұл көрсеткіш Ұлттық банктің сәуір айындағы есебі бойынша 15 триллион теңгеге жеткен. Бұл елдегі 7 939 000 адамның банкке берешегі. Бірі несиені дер кезінде өтесе, бірі қарызынан құтыла алмай «құрықталып жатыр». Соңғыларының несие шырмауынан шыға алмауы түбі түрлі әлеуметтік шиеленіске соқтырады. Ендігі жерде үкімет несие беру тәртібін қайта қарамақ.
Туризм • 25 Желтоқсан, 2023
Экономикасын туризм саласы арқылы көтеріп отырған мемлекеттердің көбі мұхит немесе теңіз жағасында орналасқан жұмсақ климатты аймақтар. Таиланд, Түркия, Араб әмірліктері, Мальдив аралдары құмды жағалауымен, жағымды ауа-райымен туристерді қысы-жазы қабылдайды. Алайда Франция жоғарыда аталғандардың біріне ие болмастан, саяхатшылар ағылып баратын елдер тізімінде көш бастап тұр. Туризм алпауыттарына айналған бұл елдер қомақты қаржы бөліп, осы саланы дамытуда алдына жан салмайды.