Үкімет • 25 Желтоқсан, 2023

Бюджет кодексі жобасын қарайды

114 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Палата спикері Ерлан Қошановтың төрағалығымен Мәжіліс бюросы өтіп, алдағы жалпы отырыстың күн тәртібі нақтыланды.

Бюджет кодексі жобасын қарайды

Бірінші оқылымда депутаттарға Бюджет кодексінің жобасын қарау ұсынылады. Сондай-ақ бюджет заң­намасын жетілдіру және «Концессиялар туралы» заңның күші жойылды деп тану туралы түзетулер қаралады. Заң жобалары Мемлекет басшысының 2022 жылғы 1 қыркүйектегі Жолдауын іске асыру мақсатымен әзірленді. Олар неғұрлым тиімді және ашық бюджет жүйесін құруға, бюджет процесіне қаты­су­шылардың өкілеттіктері мен міндеттерін нақтылауға және айқындауға, бюджет рәсімдерін ретке келтіруге бағытталған.

Парламент депутаттарының бас­тамасын әзірленген жайылымдарды пайдалану туралы заң жобасы екінші оқылымда талқыланады.

Сонымен қатар жалпы отырыс­тың күн тәр­тібінде ЕАЭО туралы шарт­қа электрондық ны­санда қызметтер көрсету кезінде жанама са­лықтар алу тәртібін айқындау туралы хатта­маны ратификациялау туралы заң жобасы бар.

Депутаттар сондай-ақ кәсіподақтар туралы жаңа заң жобасын, ҚХР, ТМД және ЕАЭО аясында бірқатар халықаралық шарт­­ты ратификациялау туралы құжат­тарды жұмысқа қабылдайды.