Ауа райы • 05 Қаңтар, 2021
Қазақстанның бірнеше өңірінде тұман түсіп, аяз болады. Республика бойынша кей жерде 6 қаңтарда 40 градус аяз болады, деп хабарлайды Egemen.kz Қазгидрометке сілтеме жасап.
Аймақтар • 05 Қаңтар, 2021
Қызылорда облысында киік атқандар ұсталды
Қызылорда облысында киік ату дерегі тіркелді. «Құқық тәртібі» жедел-профилактикалық іс шарасы барысында Қазақстан Республикасы ІІМ Байқоңыр қаласындағы өкілдігінің қызметкерлері түнгі сағат 03.20 шамасында Төретам кентінен «Батыс Еуропа – Батыс Қытай» тас жолына шығатын жолда «Лада Ларгус» маркалы автокөлікті тоқтатады. Тексеру барысында автокөліктің жүксалғышынан 4 бас киік ұшасы табылды. Бұдан бөлек, жүксалғыштан 1 қоян, 12 калибрлі екі аңшы мылтығы мен оқ дәрілер айғақ зат ретінде алынды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Экология • 05 Қаңтар, 2021
Егістіктерде су тапшылығын болдырмас үшін цифрландыру жұмысы күшейтіледі
Қазақстанда егістіктерде су тапшылығын болдырмас үшін су шығынын есептеудің цифрлы әдісін енгізу қажет. Бұл туралы бүгін Орталық коммуникациялар қызметіндегі Мемлекет басшысының Жолдауындағы тапсырмаларды орындауға арналған іс-шаралар туралы брифингте Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Мағзұм Мырзағалиев айтты, деп хабарлайды Egemen.kz
Туризм • 05 Қаңтар, 2021
Алматы тауларында бақылау-құтқару бекеттері ашылады
Мегаполис әкімі Б. Сағынтаев Instagram-дағы өзінің парақшасында Алматы тауларында туристердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін бақылау-құтқару пункттерінің ашылатынын және тау соқпақтарын абаттандыру жұмыстарының жалғасатынын хабарлады.
Қоғам • 05 Қаңтар, 2021
Елордада су басудың алдын алу үшін қандай жұмыстар жүргізіліп жатыр
Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгінов «Жастар» ауданындағы тазарту қондырғысының құрылысымен арнайы барып танысты. Бұл туралы ол Instagram парақшасында жазды, деп хабарлайды Egemen.kz.