Театр • 25 Желтоқсан, 2020
Атақты режиссердің атымен аталады
Биылғы Тәуелсіздік мерекесі елордалық театрлар мен мәдени мекемелер үшін жағымды жаңалығымен есте қалды. Соның негізгісі – Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің шешімімен елордалық «Nomad City Hall» МКҚК-ның Nomad театрына қазақ театр өнері режиссурасының реформаторы, КСРО халық әртісі, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, Халық Қаһарманы Әзірбайжан Мәмбетовтің есімі берілді.
Руханият • 25 Желтоқсан, 2020
Момышұлының тойы туған жерінде тойланды
Биыл даңқты батыр, ұлт мақтанышы Бауыржан Момышұлының туғанына 110 жыл толып отыр. Кесек бітімді күрделі тұлға оқ пен оттың ортасында жүріп те қазақтың қайсар мінезін, ұлттық болмысын көрсетті. Ұлттың ұстыны болған батырдың торқалы тойы Әулиеата топырағында лайықты деңгейде аталып өтті.
Медицина • 25 Желтоқсан, 2020
Аритмологтар науқасқа ерекше аппарат қойды
Кардиохирургия орталығында заманға сай жоғарғы технологиялық ем шаралар мен күрделі оталардың барлық түрі (оның ішінде жүрек алмастыруға дейін) жасалады. Елімізде медициналық сақтандыру енгізілгелі бері жүрек-қан тамыр ауруларын емдеу, күрделі ота жасату жоспарлы түрде МӘМС жүйесінде және ТМККК (тегін медициналық көмектің кепілдендірілген көлемі) аясында жасалады.
Елорда • 25 Желтоқсан, 2020
Мейірімділік эстафетасы мәресіне жетті
Келер жылы ел Тәуелсіздігіне – 30 жыл. Осыған орай елордада «30 игі іс» ұранымен әлеуметтік және қайырымдылық іс-шаралары ұйымдастырылды. Мейірімділік эстафетасына қала тұрғындары, оның ішінде кәсіпкерлер, еріктілер қозғалысы, қоғам қайраткерлері, әртістер мен түрлі ұйымдар қатысты.
Қоғам • 25 Желтоқсан, 2020
Әйгілі француз ойшылы Жан-Жак Руссо «Мықты мемлекеттің кепілі – өз азаматтарының тыныштығын қамтамасыз ете алуында» деген екен. Осыған үндес сөзді Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев та «Мемлекетте бейбітшілік пен тыныштық сақталған жағдайда ғана дамудың даңғыл жолы ашылады» деп үнемі айтумен келеді. Сол сияқты қазақтың үлкен ақыны Мұқағали Мақатаев «Ұқсайды бар тыныштық жер бетінде, Ұйқыдағы сәбидің келбетіне...» десе, тәуелсіздік төлі, жас жыршы Мирас Қадырмұрат бауырымыз: «Аллаға мәлім, ризықтан бұрын тыныштық, Ризықтан бұрын тыныш таңдардың мұңы ыстық, Атадан қалған ат басты алып алтыннан, Бағалы елге тыныштық деген күміс құт» деп жырлапты.