неміс тілінде жарық көрді
Қазақ халқының мәдениеті мен өнерін, тарихи салт-санасын және адамдар арасындағы алуан түрлі тартыс пен Ақан серінің жан серігіне балаған арғымағының трагедиялы тағдырын тамаша тілмен баяндаған поэманың немісше қалай сөйлегені, әрине, қызық. Жылқы малымен бірге жасап, біте қайнасқан қазақтың тілі мен ұғымындағы жылқының түсіне, сынына қатысты атаулар мен ұғымдар немісшелегенде қаншалықты түпнұсқаға жақын бола алды екен дейтін сауал көпшіліктің көкейінде тұрары сөзсіз.
Осыдан бірер ай бұрын, наурызда кітаптың неміс тіліндегі нұсқасы Германияның Лейпциг қаласында алғаш оқырман қауымға таныстырылып, тұсауы кесілді. «Құлагер» жылда өтетін халықаралық Leipziger Buchmesse кітап жәрмеңкесінде жұртшылыққа ұсынылды.
Аталмыш кітаптың еліміздегі тұсаукесері осы жылдың 25-27 мамыры күндері Астана мен Алматы қалаларында өтеді. Арнайы ұйымдастырылған іс-шараға аударма жұмыстарына қатысқан бірқатар аудармашылар мен Ілияс Жансүгіровтің қызы – Ильфа Ілиясқызы шақырылды.
Аян ӘБДУӘЛИ,
«Егемен Қазақстан»