• RUB:
    5.08
  • USD:
    482.86
  • EUR:
    533.17
Басты сайтқа өту
31 Мамыр, 2016

«Астана арландары»

319 рет
көрсетілді

жартылай финалдан аса алмады Бүкіләлемдік бокс сериясында (WSB) ел намысын қорғайтын «Астана арландары» биылғы маусымды жартылай финалмен аяқтады. Ұлыбритания астанасы – Лондон қаласында жергілікті «Бритиш Лайнхартс» командасымен финал жолдамасын сарапқа салған «арландар» 1:4 есебімен жеңіліс тапты. Рингке алғаш болып 52 кило салмақ дәрежесінде сынға түскен Азамат Исақұлов қарсыласы Корюн Согомонянға 0:3 есебімен есе жіберді. Ал 60 килода шаршы алаңға шыққан Закир Сафиуллин Люк Маккормэкке 0:3 есебімен жол берді. Сонымен қатар, 81 ки­лода бақ сынаған Нұрдәулет Жарманов дәл осы есеппен Радос­лав Панталеевтен жеңілді. Бұл күні аса ауыр салмақта (+91 кило) сынға түскен Қамшыбек Қоңқабаев та қарсыласын жеңе алмады. Ол Фрэйзер Кларкпен кездесіп, 0:2 есебімен жеңіліс тапты. Бұл кеште «Астана ар­­лан­дарының» жалғыз жеңісі Ас­лан­бек Шымбергеновке бұйыр­ды. Ол шар­шы алаңда Джошуа Кел­ли­ден 2:1 есебімен басым түсті. Алғашқы жартылай финалдық кездесулерде «Астана арландары» британиялықтардан 2:3 есебімен ұтылған болатын. Осылайша, фи­налдық бәсекеден қағылды. Ал ақтық сында «Бритиш Лайнхартс» пен кубалық «Куба Домадорес» боксшылары кездеседі. Куба­лық­тар жартылай финалда «Өз­бекс­­тан жолбарыстарын» 10:0 есе­бімен жеңген болатын. Айта кетейік, «Астана арландары» Бүкіләлемдік бокс сериясының екі дүркін чемпионы. Олар 2013 жылдың финалында «Украина атамандарын», ал 2015 жылы «Куба Домадорес» командаларын ұтқан. Аян ӘБДУӘЛИ, «Егемен Қазақстан»
Соңғы жаңалықтар