• RUB:
    4.88
  • USD:
    443.44
  • EUR:
    480.51
Басты сайтқа өту
31 Мамыр, 2016

«Астана» клубының ықтимал қарсыластары аян болды

256 рет
көрсетілді

АСТАНА. 31 мамыр. Чемпиондар лигасы мен Еуропа лигасының іріктеу сынының бірінші және екінші кезеңдерінің жеребесі 20 маусым күні тартылады. Бұл туралы sports.kz-ке сілтеме жасаған egemen.kz тілшісі хабарлады. Ел чемпионы «Астана» футбол клубы Чемпиондар лигасында жарысты екінші іріктеу кезеңінен бастайды. Ал оның бұл турнирдегі мүмкін болар қарсыластары анықталды. Олар: «Ф91 Дюделанж» (Дюделанж, Люксембург); «Жальгирис» (Вильнюс, Литва); «Хапоэль» (Беэр-Шева, Израиль); «Олимпия» (Любляна, Словения); «Вардар» (Скопье, Македония); «Норрчёпинг» (Норрчёпинг, Швеция); «Ференцварош» (Будапешт, Венгрия); «Крусейдерс» (Белфаст, Солтүстік Ирландия); «Зриньски» (Мостар, Босния және Герцеговина); «Дандолк» (Дандолк, Ирландия); «Младост» (Подгорица, Черногория); ХИК (Сейняйоки, Финляндия); «Нью-Сейнтс» (Ллансантфрайд, Уэльс); «Валлетта» (Валлетта, Мальта); «Флора» (Таллин, Эстония) «ФК Санта-Колома» (Санта-Колома, Андорра); «Б36» (Торсхавн, Фарер аралдары); «Линкольн» (Гибралтар); «Алашкерт» (Мартуни, Армения); «Тре Пенне» (Сан-Марино); «Лиепая» (Лиепая, Латвия); «Фероникели» (Глоговац, Косово); Аталған командалар бірінші іріктеу кезеңінде өнер көрсетеді. Екінші іріктеу кезеңінің ойындары 12-13 шілде күндері, ал қарымта кездесулер 19-20 шілдеге белгіленген. Егер осы кезеңнен өтсе, «Астананың» қарсыластары мына командалар болуы мүмкін: «Олимпиакос» (Пирей, Грекия); «Виктория» (Плзень, Чехия); «Зальцбург» (Зальцбург, Австрия); «Селтик» (Глазго, Шотландия); АПОЭЛ (Никосия, Кипр); БАТЭ (Борисов, Беларусь); «Легия» (Варшава, Польша); «Динамо» (Загреб, Хорватия); «Лудогорец» (Разград, Болгария); «Копенгаген» (Копенгаген, Дания). Аян Әбдуәли. Дерек, фото: sports.kz.