• RUB:
    5.08
  • USD:
    482.86
  • EUR:
    533.17
Басты сайтқа өту
01 Маусым, 2016

Бүгін – халықаралық балаларды қорғау күні

592 рет
көрсетілді

АСТАНА. 1 маусым. Бүгін әлемнің барлық елінде халықаралық балаларды қорғау күні мерекесі кең көлемде атап өтіледі. Бұл туралы egemen.kz тілшісі хабарлады. Тарихқа көз салсақ, 1 маусым – балаларды қорғау күні мерекесі 1950 жылдан бастап тойланып келеді. Бұл мейрамды өткізу жөнінде шешім 1949 жылдың қараша айында халықаралық демократиялық әйелдер федерациясының арнайы сессиясында қабылданған. Ал БҰҰ аталған бастаманы қолдап, балалардың өмірін, құқығын, денсаулығын қорғауды өз қызметінің басты бағыттарының біріне айналдырған. Мерекенің негізгі мақсаты – балалардың өмірін соғыстан қорғау, денсаулығын сақтау, сапалы білім мен саналы тәрбие беру. Сонымен қатар, оларға барлық жағдай жасай отырып, адамгершілікке, әділтікке тәрбиелеу болып табылады. Бүгінгі таңда БҰҰ сауалнама жүргізіп, әлемде әрбір оныншы бала үлкендер тарапынан зорлық пен зомбылыққа ұшырайтынын анықтап отыр. Сондай-ақ, жасөспірімдер арасында нашақорлар санының өсуі, олардың жартысынан астамы ішімдік ішуге бейім екені анықталды. Сондықтан да аталған мереке аясында думандатып тойлаумен қатар, болашаққа бағдар жасайтын маңызды шараның бірі. Талғат Райымбек. Дерек: egemen.kz. Фото: astana.gov.kz.
Соңғы жаңалықтар