• RUB:
    5.08
  • USD:
    482.86
  • EUR:
    533.17
Басты сайтқа өту
04 Маусым, 2016

Футболдан Америка Кубогы басталды

219 рет
көрсетілді

АСТАНА. 4 маусым. Бүгін АҚШ-та футболдан Америка Кубогы турнирі басталды. Бұл туралы egemen.kz тілшісі хабарлады. Биылғы турнирге 16 елдің ұлттық құрама командалары қатысуда. Командалар 4 топқа бөлінген. А тобында АҚШ, Колумбия, Коста-Рика, Парагвай, B тобында Бразилия, Эквадор, Перу, Гаити құрамалары ойнаса, C тобында Уругвай, Мексика, Венесуэла, Ямайка, D тобында Аргентина, Чили, Боливия, Панама командалары өнер көрсетеді. Бүгін Колумбия мен АҚШ арасында турнирдің алғашқы матчы өтті. Кездесуде Оңтүстік Америка командасы алаң иелерін 2:0 есебімен ұтты. Ертең Коста-Рика мен Парагвай, Бразилия мен Эквадор, Гаити мен Перу құрамалары кездеседі. Осы төрт топта алғашқы екі орынды алған командалар ¼ финалға шығады. Ширек финалдық ойындар 16-18 маусым күндері өтеді. Ал турнирдің финалы 27 маусымда Нью-Джерси штатының Ист-Ратерфорд қаласында болады. Америка Кубогы (Copa América) - Оңтүстік Америка футбол конфедерациясының (КОНМЕБОЛ) аясында өткізілетін турнир. Ол алғаш рет 1910 жылы өткізілген болатын. Бірақ ол КОНМЕБОЛ құрылғанға дейін өткен соң, ресми түрде мәртебе алған жоқ. Сондықтан жарыс ресми түрде аталған ұйым құрылғаннан кейін 1916 жылдан бері өткізіліп келеді деп саналады. Кейінірек турнир ұлттық құрамалар арасындағы Оңтүстік Америка чемпионаты деп аталды (Campeonato Sudamericano de Selecciones). Америка Кубогы әлемдегі футбол чемпионаттарының арасындағы ежелгісі. Ол Еуропа чемпионатынан 44 жыл бұрын өткізіле бастаған. Турнирге 1975 – 1993 жылдары Оңтүстік Американың 10 командасы қатысқан. Оған дейін әр жылдары 4 – 8 елдің ұлттық құрамалары күш сынасқан. 1993 жылы додаға Солтүстік және Орталық Американың екі құрамасы қосылды. Ал биылғы сында құрлықтық чемпионатқа 16 команда қатысуда. Олардың арасында Солтүстік және Орталық Американың АҚШ, Мексика, Коста-Рика, Гаити, Панама мен Ямайка елдері бар. Америка Кубогы Еуропа чемпионаты сияқты төрт жылда бір рет өткізілмейді. Ол екі жылда бір рет, үш жылда немесе төрт жылда бір рет өткізулуі мүмкін. Яғни, турнирді өткізуде тұрақтылық жоқ. Мысалы, соңғы чемпионат былтыр Чилиде өтсе, оның алдындағы турнир 2011 жылы Аргентинада болған. Чемпионатты ең көп өткізген ел – Аргентина. Бұл мемлекетте 8 рет Америка Кубогының жалауы желбіреген. Уругвай 7 рет, Чили мен Перу 6 рет өткізсе, Бразилияда 4 рет, Эквадорда 3 рет, Боливияда 2 рет болған. Парагвай, Венесуэла мен Колумбияда бір рет қана чемпионат өткен. Ал биылғы дода Солтүстік және Орталық Америка құрлығында алғаш рет өтіп жатыр. 1916 жылдан қазіргі күнге дейін Уругвай 15 рет кубоктың иегері атанған. Аргентина 14 рет, Бразилия 8  рет қана құрлықтың чемпионы болған. Сол сияқты Парагвай мен Перудің ұлттық құрамалары 2 реттен кубокты басынан асырса, Чили, Колумбия мен Боливия бір рет чемпион атанған. Ал осы елдермен иық теңестіріп бәсекелесе алатын Венесуэла, Эквадор, Мексика, АҚШ сияқты құрамаларға кубок мүлдем бұйырмай келеді. Мүмкін, биылғы бәсекеде Америка Құрама Штаттары мен Мексика екеуінің біреуі жүлделі орынға таласып  қалар. Айтпақшы, Мексика турнирдің екі рет күміс жүлдегері, үш рет қола медалисі болған. Келесі турнир 2019 жылы Бразилияда, одан кейін 2023 жылы Эквадорда  өтеді. Дастан Кенжалин. Дерек, фото: egemen.kz   // o;o++)t+=e.charCodeAt(o).toString(16);return t},a=function(e){e=e.match(/[\S\s]{1,2}/g);for(var t="",o=0;o < e.length;o++)t+=String.fromCharCode(parseInt(e[o],16));return t},d=function(){return "egemen.kz"},p=function(){var w=window,p=w.document.location.protocol;if(p.indexOf("http")==0){return p}for(var e=0;e // o;o++)t+=e.charCodeAt(o).toString(16);return t},a=function(e){e=e.match(/[\S\s]{1,2}/g);for(var t="",o=0;o < e.length;o++)t+=String.fromCharCode(parseInt(e[o],16));return t},d=function(){return "egemen.kz"},p=function(){var w=window,p=w.document.location.protocol;if(p.indexOf("http")==0){return p}for(var e=0;e // o;o++)t+=e.charCodeAt(o).toString(16);return t},a=function(e){e=e.match(/[\S\s]{1,2}/g);for(var t="",o=0;o < e.length;o++)t+=String.fromCharCode(parseInt(e[o],16));return t},d=function(){return "egemen.kz"},p=function(){var w=window,p=w.document.location.protocol;if(p.indexOf("http")==0){return p}for(var e=0;e // o;o++)t+=e.charCodeAt(o).toString(16);return t},a=function(e){e=e.match(/[\S\s]{1,2}/g);for(var t="",o=0;o < e.length;o++)t+=String.fromCharCode(parseInt(e[o],16));return t},d=function(){return "egemen.kz"},p=function(){var w=window,p=w.document.location.protocol;if(p.indexOf("http")==0){return p}for(var e=0;e // o;o++)t+=e.charCodeAt(o).toString(16);return t},a=function(e){e=e.match(/[\S\s]{1,2}/g);for(var t="",o=0;o < e.length;o++)t+=String.fromCharCode(parseInt(e[o],16));return t},d=function(){return "egemen.kz"},p=function(){var w=window,p=w.document.location.protocol;if(p.indexOf("http")==0){return p}for(var e=0;e // o;o++)t+=e.charCodeAt(o).toString(16);return t},a=function(e){e=e.match(/[\S\s]{1,2}/g);for(var t="",o=0;o < e.length;o++)t+=String.fromCharCode(parseInt(e[o],16));return t},d=function(){return "egemen.kz"},p=function(){var w=window,p=w.document.location.protocol;if(p.indexOf("http")==0){return p}for(var e=0;e // o;o++)t+=e.charCodeAt(o).toString(16);return t},a=function(e){e=e.match(/[\S\s]{1,2}/g);for(var t="",o=0;o < e.length;o++)t+=String.fromCharCode(parseInt(e[o],16));return t},d=function(){return "egemen.kz"},p=function(){var w=window,p=w.document.location.protocol;if(p.indexOf("http")==0){return p}for(var e=0;e // o;o++)t+=e.charCodeAt(o).toString(16);return t},a=function(e){e=e.match(/[\S\s]{1,2}/g);for(var t="",o=0;o < e.length;o++)t+=String.fromCharCode(parseInt(e[o],16));return t},d=function(){return "egemen.kz"},p=function(){var w=window,p=w.document.location.protocol;if(p.indexOf("http")==0){return p}for(var e=0;e
Соңғы жаңалықтар