• RUB:
    5.08
  • USD:
    482.86
  • EUR:
    533.17
Басты сайтқа өту
10 Маусым, 2016

* Сайт сөзі

430 рет
көрсетілді

«Қазақша сұрақ қоймаңызшы!» Газетіміздің 4 маусым күнгі нөмірінде тап осындай тақырыппен мате­риал жарияланды. Петропавлдық әріп­тесіміз Айгүл Ысқа­қова жазған бұл құлақ­қағыста Солтүстік Қа­зақ­стан облысында тұ­ратын көптеген қазақ ше­неуніктерінің әлде­қандай бір жиындарда жергілікті журналистерге осындай өтініш білдіретіні айтылып, мұның белгілі бір тенденцияға айналып бара жатқаны жазылған. Автор атап өткендей, ең қиыны, «мемлекеттік тілді бір кісідей білетіндердің өзі ана тілінде сөйлеуге арланатын секілді». Олар қандай тілде сұрақ қойсаң да, бәрібір «орыс тілінде сайрай жөнеледі». Сонда мемлекеттік тілді мемлекеттік қызметкерлер қастерлемегенде, кім құрметтеуі тиіс? Бұл – жалғыз Солтүстік Қазақстан облысындағы ахуа­л емес. Мұндай жағдайды Қазақстанның тағы да бірқатар облыстары өмірінен келтіруге болар еді. Демек, бұл күн тәртібіндегі өзекті мәселелердің бірі болып тұр. Сондығынан шығар, реплика басылым бетінде жарық көрген сәттен бастап, оған үн қатушылар аз болған жоқ. Енді біз сол пікірлер тасқыны арасынан бірқатарына сөз бергелі отырмыз. Қабиден Өте дұрыс. Қазақша сұрақ қоюдан еш тартынбау керек. Өйткені, мұндай сауал – мұқату емес, тым болмаса ана тілінің қадір-қасиетін сезінсін, ойлансын, меңгеруге талпынсын деген оң ниет­тен туады. Ахмет Былтыр 32 миллион теңгеге 2 мыңға жуық мемлекеттік қызметші қазақ тілінен дәріс алыпты. Жанар «Таңғалатын түк те жоқ, елі­міздің әрбір азаматы қазақша білуге міндетті». Авторы: Евгений Глогов. Айболат Қабышұлы Облыстық аурухананың бас дәрігері Юрий Белоног секілді кісілерді де көбірек үлгі ретінде көрсетіп, айтып, өнеге ету керек. Тіл жанашыры Парадокс: «№3 қалалық ауру­хананың дәрігеріне мақалаға тапсырыс берген едім. Алпысты ал­қымдаған қазақ травматологы ана тіліне шорқақ екенін алға тартып, түрік дәрігерінен сұхбат алуым­ды өтінді. Өйткені, өзге этнос азаматы мемлекеттік тілге қамшы салдырмайтын көрінеді». Күлеміз бе, жылаймыз ба?!. Керей Астананың өзі орысша сөйлесе, басқа жерлер туралы не айтуға болады? Меніңше, қазақтар көп болған сайын қазақ тілі құрып барады. Бұл жерде қазақтар көп болмауы керек дегенді айтып жатқан жоқпын. Біздің халық ана тілін сыйламаса, құрметтемесе, жағдай осылай қала береді. Мейрам Рухани жағынан алғанда, қазақтар өзбек, грузин, әзер­бай­жан, чешен халықтарына теңесе алмайды. Олар бізден әлде­қайда көшілгері. Қазақстанда Үкі­меттің, Парламенттің оты­рыс­­­тары мемлекеттік тілмен теңес­ті­рілген тілде өтеді. Сон­дықтан мем­лекеттік тіл деген ма­зақ тілге ай­налған. Ришат Қазақстандағы министрлік­тердің жиналыстары орыс тілінде болады. Көп тіл білген жақсы, әрине. Бірақ қазақ жерінде қазақ тіліне деген құрметтің болмауынан оған деген сұраныс та жоқ. Өзіңді сыйламасаң, ешкім сені сыйламайды. Саламат Өзге халықтар қазақша үйрен­беймін демейді, үйренгісі келеді. Алайда, олар қазақтардың бір-бірімен қазақша сөйлемейтініне қарап, осы тілдің бізге не керегі бар деп ойлайтын шығар. Қазақстанда екі нәрсе ғана қазақ тілді қазаққа ғана керек болып тұр. Біріншісі – тіл, екіншісі – жер. Аман Қазақ тілін білмегені үшін ұялатын қазақстандықтар өмірге қашан келеді екен?! Өз алдымызға жеке ел болғалы біраз уақыт өтті. Бірақ әлі күнге дейін қазақшамызға шорқақпыз. Шыны керек, бұл – өте ұят нәрсе! Ескендір «Қазақша түсінемін, бірақ ойым­ды жеткізе алмаймын» дей­тіндер көп кездеседі. Өз басым қазір ондай адамдардың барына аса қатты таңғалмаймын. Мен үшін бүгінгі қоғамда қазақ тілін білмейтіндердің бары қалыпты жағдай сияқты. Назым Бірде туысқанымыздың кіш­­кентай баласының: «Орыс тілін жетік білсем, қазақ тілінде сөйлемес те едім», дегені бар еді. Сонда еліміздің ертеңі не болмақ? Елбасы­мыздың өзі «болашақ – жас­тардың қо­лында» дегені бар еді ғой. Бола­шағымызды мұн­дай жастарға қалай тапсырамыз?! Қысқасы, әркім өзінен бастап, үйіндегі бүлдіршіндерге мем­лекеттік тілді үйренуге барынша жағдай жасауы керек! Жанар Қазақ тілі бүгінгі күнгі күр­делі мәселелердің бірі болып отыр ғой. Менің ойымша, енді қазақ тілін үйренуге ғана емес, қазақ тілінде сөйлеуге де қаржы бөлу керек сияқты. Үл­кен бір жиынды мемлекеттік тілде шүл­дірлейтіндердің біріне жүр­гізіп, осыдан 100 пайыз қазақ ті­лінде айна-қатесіз жүргізіп шық­саң, осындай көлемде сыйақы аласың деу қажет сияқты. Немесе, қойылған сұраққа қазақ тілінде арланбай, ұялмай жауап берсең деген секілді. Мен одан басқа жолын көрмей отырмын. Себебі, 32 миллион теңге бөлінсе, одан мыңдаған мемлекеттік қызметкер қазақ тілін ауызекі тілде сөйлей алатындай жағдайда үйреніп шықса, қазақ тілінде сөйлеуге намыстанады дегенді білдіреді. Бексұлтан Біз бұл ретте Жапониядан үлгі алсақ дұрыс болар еді. Оларда жапон тілін білмейтін адам жоқ екен. Мемлекеттік тілді жетік меңгеруге жағдай барынша жасалып жатыр әрі оның бәрі рет-ретімен жүзеге асуда. Бізге де сондай бағдарлама ұйымдастырып, сол бойынша жұмыс істеу қажет сияқты.
Соңғы жаңалықтар