• RUB:
    4.86
  • USD:
    441.66
  • EUR:
    475.14
Басты сайтқа өту
04 Ақпан, 2011

Аязды күнде жүрек жылуын сезінеміз

376 рет
көрсетілді

Лебіз

Азиадаға қатысушы елдердің спортшыларымен бірге қолына қалам ұстаған әріптестеріміз де келгені белгілі. Осы күндері елімізде Азия ойындарын насихаттаумен 2000-ға жуық шетел журналистері жұмыс істеуде. Кеше бізге солардың ішінде Азиадаға ең көп спортшылардың бірін әкелген Қытай елінің журналистерімен әңгімелесудің сәті түскен еді. Дон Лон Джан, Син Хуа ақ­парат агенттігінің тілшісі: – Астанаға осымен екінші келуім. Әр келген сапарым мен үшін сәтті болып жүр. Өйткені, келген сайын бұл қаладан, осы елден кәдімгідей жақсы әсер алып қайтамын. Бұл елдің дамуы тұрақты. Экономикалық, әлеу­мет­тік даму, саяси құрылымдық алға жылжу туралы бүгінше сөз қозғамай-ақ қояйық. Жалғыз Азиа­да төңірегінде, ашылу салта­наты жайында ғана айтып өтсек, елдің барлық даму қарқыны бірден-ақ көзге көрініп тұрады. Алған әсерімді «Таң қалдық», «Тәнті болдық», «Мұндай бола­ды деп күтпеген едік» деген осы үш сөзбен барлық Азиадаға қатысты пікірімді жеткізгім келеді. Бұл тек менің пікірім емес, кеше басқа да шетелдік тілшілермен отырып сөйлескенімізде олар­дың бәрі Азиаданың ойдағыдай, сән-салтанатты түрде өтіп жат­қан­дығын айтқан болатын. Қарап отыр­сам, барлық ұйымдас­ты­ры­лу жұмыстарында сондай бір ұқыптылық, жауапкершілік бар. Сізбен жолығардан бұрын баспа­сөз орталығының ұйымдастырған бір анкеталық сауалнама парағын толтырып едім. Мұның өзінен жұмыстардың жоспарлы, жүйелі өтіп жатқанын көруге болады. Азия Олимпиадалық кеңесінің президенті шейх Ахмад әл-Фахд ас Сабахтың: «Қазақстан 2022 жыл­ғы Қысқы Олимпия ойын­дарын қабылдауға дайын» – деп айтқан сөзінің өзі көп нәрсені аңғартса керек. Бұдан бұрын Чанчунь қала­сында өткен Қысқы Азиадаға Қазақстаннан бір топ журналист келген болатын. Сол кезде қазақ­стандық әріптестеріммен сөйле­сіп, олар бізбен, біз олармен спорт­қа қатысты жаңалықтармен бөлісіп жүрдік. Жалпы, әріптес­тер ара­сында осындай сыйластық болға­нына не жетсін дегім келеді. Азиада кезінде Хок президенті Жак Роггенің 2022 жылы Қысқы Олимпиаданың Қазақстанда өте­ті­нін қолдайтынын айтқанда, бізбен бірге жүрген басқа елдердің де журналистері бұл бастаманы шың көңілмен жылы қабылдады. Менің ойымша, сіздердің ел­дері­ңіз Олимпиада сияқты төрт жыл­да бір  айналып келетін бай­рақты бәсекені өткізуге лайық. Лю Чан, Харбин Күнделікті газет басылымдары акционерлік қоғамы спорт бөлімінің тілшісі: – Мен өзім олимпия ойын­дарының көптеген ашылу сал­танаттарына қатысқанмын. Ұзақ­қа бармай-ақ, 2008 жылда Бей­жіңде өткен Жазғы Олимпиа­даның ашылу салтанаты әлі де бәріміздің есімізден кете қой­маған шығар. Менің жазып-сыз­ғандарым спорт саласына тікелей қатысты болғандықтан, оның үс­тіне көптеген ашылу рәсім­дерін­де болғандығымнан Аста­на­­дағы Қысқы Азиаданың ашы­лу салта­на­тын Бейжіңде өткен Олимпиадамен теңестіріп айтуға болады. Дайындық деңгейлері мен өткізу шеберліктеріне өз ба­сым осын­дай баға берер едім. Ұлттық әуен­дері­ңіз маған қатты ұнады. Мұның бәрі сіздердің ше­жіре­леріңізбен, тарихи-мәдени құн­ды­лық­тары­ңыз­бен тікелей бай­­ланыс­ты екенін бірден аң­ғаруға болады. Қазақстанға келместен бұрын бұл ел туралы азды-көпті мағ­лұматтар білетінмін. Алайда, Қы­тайдағы юанімізді сіздердің тең­гелеріңізге ауыстырған кезде ақшаларыңыздың құндылық жа­ғы­нан әжептәуір айырма­шы­лық­тарын көргенде бұл елдің эконо­микасы жағынан қандай да бір қиындықтар бар екен-ау деген әсерде болған едім. Бірақ, Ас­тана­ға келіп, барлық нәрселерді көзбен көріп, қолмен ұстаған соң ол ойымның мүлдем қате екеніне көзім жетті. Негізінде біздің қытай халқы сезім деген нәрсеге аса көңіл бөледі. Қазақстанға келген бірінші күннен бастап-ақ мейірімділіктің шуағын сезіндім. Сізге мынандай бір оқиға айтып берейін. Осы жақын күндердің бірінде спорттық жарыстар аяқ­талып, енді қонақ үйге қайтайын деген оймен спорт сарайының сыртына шығып мені алып кетуге тиіс автобусты күтіп отыр­дым. Далада минус 20 градустан төмен аяз болып тұр. Автобус біраз кешігіп жатқандай болды. Далада бір 3-4 минөт тұрғанның өзінде қалтырап тоңып кеткенмін. Қай­тадан спорт кешеніне кірейін десем, арасы сәл алыстау болған соң, кері барғым келмеді. Сол сәт­те 10 метрлік қашық­тықта жол тәртіп сақ­шысы авто­тұрақ­тардың қозға­лы­сын реттеп тұр­ды. Менің ана жерде тоңға­нымды көрген болу керек, қасы­ма келді де бір нәрсе деп айта жөнелді. Сөзін ұқпасам да жақ­сылықтың ниетін сезініп, түсі­не қойдым. Сонда автобус келгенше мендегі жол тәртіп сақшы­лары­ның көлігіне барып жылына тұр, аязда тұрып тоңып қалыпсың деген ойы қалыпсың түсіне қой­дым. Сөйтіп, автобус келгенше сол жол тәртіп сақ­шы­сының мә­ши­несінде жылы­нып отырдым. Сол кездегі жүре­гімнің қанша­лық­ты деңгейде ма­сат­­тан­ғанын, жы­лын­ғанын енді тіл­мен жет­кізудің өзі қиын. Арай ҮЙРЕНІШБЕКҚЫЗЫ.