• RUB:
    5.07
  • USD:
    481.84
  • EUR:
    531.33
Басты сайтқа өту
25 Маусым, 2016

Батыс Қазақстан командасы турнирде жеңімпаз атанды

375 рет
көрсетілді

[caption id="attachment_49499" align="aligncenter" width="560"] Фото: zhaikpress.kz[/caption] Қарағанды қаласында 15-22 маусым күндері тоғызқұмалақтан өткен республикалық жарыста жеңімпаз атанды. 20 жасқа дейінгі жастар арасындағы командалық чемпионат өтті. zhaikpress.kz-тің хабарлауынша, жарысқа 11 облыспен қатар, Астана және Алматы қалалары қатысты. Барлығы – 90 спортшы. Батыс құрама командасы болып 6 спортшы қатысты. Олар: Сағынбаев Жарасхан, Қайыржанов Әсет, Ахметқалиев Бауыржан, Қарина Аида, Ерниязова Ализа, Мұратова Шынар. Нәтижелерді Батыс Қазақстан облысының құрама командасы жалпы есепте 13 команда ішінен ең жоғарғы ұпай жинап I орынды жеңіп алды, II  орынды Астана командасы, III  орынды Қостанай командасы иеленді. Жарыс жүлдегерлеріне Мәдениет және спорт министрлігінің спорт және дене шынықтыру істері комитетінің кубогы, медальдары және дипломдарды табысталды. Темір ҚҰСАЙЫН.
Соңғы жаңалықтар