• RUB:
    5.05
  • USD:
    522.91
  • EUR:
    548.85
Басты сайтқа өту
31 Шілде, 2016

Тергеушіге пара бергені үшін 600 мың теңге айып төлейді

432 рет
көрсетілді

Ақмола облысында тергеушіге пара бермекші болған азамат Степногорск қалалық сотының шешімімен енді сол үшін 600 000 теңге айыппұл төлейтін болды. Бұған қоса, кінәліні өмір бойына мемлекеттік қызметте істеу құқығынан айырылды. Оқиғаның басы биылғы жылғы ақпан айында Степногор қалалық ішкі істер бөлімінің Ақкөл ауданы, Приозерное ауылының 62 жастағы тұрғынына қатысты іс қозғауынан басталған. Күдіктіге заңсыз қару, жарылғыш заттар мен қондырғыларды сақтап, сатып алу және тасымалдау бабы бойынша іс қозғалған. Қылмыстық істі тергеу барысында бөлім тергеушісі биылғы 12 наурызда күдіктінің үйіне тінту жүргізеді. Соның барысында ол тергеушімен жеке қалған кезде оған пара ұсынады. Сол кезде тергеуші парадан бас тартып, оған пара ұсынғаны үшін заң алдында жауапқа тартылатынын ескерткен. Алайда, ер адам қоярда қояр болмай, өзіне қатысты қылмыстық істі жауып тастауды өтінеді. Тергеуші мұның соңында күдіктінің әрекетін Ақмола облыстық ішкі істер департаменті өзіндік қауіпсіздік басқармасына хабарлайды. Күдікті 29 наурызда Степногор қалалық ішкі істер бөліміне жауап алуға шақырылады. Тергеу әрекеті аяқталған соң күдікті тағы да тергеушіге пара ұсынып, оның жұмыс үстеліндегі қағаздың астына 30 000  мың теңге қояды. Сол жерде ішкі істер департаменті жеке қауіпсіздік басқармасы мен жемқорлыққа қарсы қызметтің қызметкерлері күдіктіні ұстап, оның үстінен Қылмыстық кодекстің 367-бабы, 1-бөлімі бойынша қылмыстық іс қозғалады. «Осыған орай Степногор қалалық соты кінәліге жаза ретінде  600 000  айыппұл салып, оған қоса өмір бойына мемлекеттік қызметте істеу құқығынан айырды», - деп көрсетілген хабарламада. Бақберген АМАЛБЕК