Қазақстан аралас жекпе-жек (ММА) шеберлері Бурабайдағы оқу-жаттығу кешенінде Азияның кезекті ІІІ Азия чемпионаты алдындағы соңғы жаттығуын аяқтады.
Федерация баспасөз қызметінен хабарлағандай, чемпионат Оңтүстік Кореяның Хвасун қаласында 6-7 тамыз күндері өтеді. Осы сында Қазақстанның 14 шебері 7 салмақ дәрежесі бойынша еліміздің намысын қорғайды.
Қазақстан құрамасының бас жаттықтырушысыі Баян Жаңғаловтың айтуынша, қазір спортшылардың дайындығы жоғары. Бұл құраманың Азия елдерінің арасында көшбасшылық ролін сақтап қалуына мүмкіндік беруге тиіс.
Естеріңізге сала кетейік, ММА бойынша Қазақстан құрамасы Әлем чемпионаттарында 2013 жылы, 2014 және 2015 жылдары екінші орын иеленген. Азия чемпионатында соңғы екі жылдан бері Қазақстан жалпы командалық есепте бірінші орынды бермей келеді.
Бақберген АМАЛБЕК