[caption id="attachment_54025" align="aligncenter" width="560"] Фото: astana.gov.kz[/caption]
Қызылорда облысының егістік алқаптарында өсірілген күріш осы демалыс күндерінен бастап Астананың сауда орындарына келіп түсе бастады. Жексенбі күні елордада өтіп жатқан «Думан» сауда орталығы аумағындағы ауылшаруашылық өнімдері жәрмеңкесіне 20 тонна Сыр күріші жеткізілді.
Astana.gov.kz сайтының хабарлауынша, Қызылорда күрішінің килосы мұнда 175 теңгеден сатылып жатыр. Ал бағаны бұлай ырықтандырып ұстауға Астана қаласы әкімінің орынбасары Андрей Лукин мен Қызылорда облысы әкімінің орынбасары Серік Қожаниязовтың қол қойылулары арқылы жасалған екіжақты өзара ынтымақтастық жөніндегі меморандумның нәтижесінде қол жетті.
Талғат РАЙЫМБЕК
[caption id="attachment_54026" align="aligncenter" width="560"] Фото: astana.gov.kz[/caption]