Нью-Йоркте тәттіге құмарлардың түсіне кіретін музей ашылды. Бұл музейде балмұздақтың ондаған түрі, одан өзге де тәтті-дәмділер қойылған.
Музейде қабырғалары тұтас шоколадтан құйылған, фавли тостағандардан қаланған бөлмелер бар. Келушілер су орнына түрлі-түсті кәмпит толтырылған бассейннің ішіне түсіп, тәтті-дәмділерден ауыз тие алады.
Мекеме әкімшілігінің хабарлауынша, музейге күн сайын мыңдаған адам келеді. Олардың әлеуметтік желілерге салған суреттерінің арқасында музей арнайы жарнама жасамаса да келушілердің қатары толастар емес.
Нұрхан АСҚАР