• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
02 Тамыз, 2016

Ең арзан жағажай

404 рет
көрсетілді

Travelbird.nl туристік порталының сарапшылары әлемдегі ең арзан жаға­жайды анықтады. Вьетнамның Хойан қаласының іргесіндегі Куа Дай жаға­жайында суға шомылып, күнге қызды­рыну басқа жағажайлармен салыс­тырғанда әжептәуір арзанға түседі екен. Куа Дай жағажайында бір күн демалу үшін қалтаңызда 13,54 доллар болса жеткілікті. Осы ақшаға күннен қорғайтын крем, 1 шөлмек су, сыра, балмұздақ және бір адамға түстік ас пен сусын сатып алуға болады екен. Ал әлемдегі ең қымбат жағажай Таитидегі Ла Плаже де Мауи жағажайы. Сарапшылардың айтуынша, бұл жаға­жайда демалу үшін кемінде 60 долларға шығындануға тура келеді. Нұрхан АСҚАР  
Соңғы жаңалықтар