• RUB:
    5.07
  • USD:
    481.84
  • EUR:
    531.33
Басты сайтқа өту
04 Тамыз, 2016

Қазақстан – Ұлы Жібек жолының маңызды тармағы

1022 рет
көрсетілді

  2015 жылғы қыркүйек айында БҰҰ Бас Ассамблеясының 70-сессиясында сөйлеген сөзінде Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев: «Еуразия елдері үшін Ұлы Жібек жолының экономикасын қазіргі заманғы деңгейде қайта жаңғырту маңызды міндет болып табылады. Бұл Азия-Тынық мұхиты аймағының Еуропаға транзиттік жолын қысқарту арқылы көптеген елдер­дің игілігіне қызмет етеді. Біз оның енді инфрақұрылымын жасап, Тынық мұхит пен Еуропаны және Таяу Шығысты жалғас­ты­ратын теміржолдар мен автомобиль трассаларын салып жатырмыз», – деп атап өтті. Міндеттер мен тапсырмалар Ұлы Жібек жолын жаңғырту 2011 жылы Мемлекет басшысы алға қой­ған  Қазақстанның «мүмкіндіктер тере­зесін» ашу арқылы, жаһандық күр­делі үдерістер нәтижесінде пайда бол­ған, әлемдік өндірістік гео­гра­фия­лық өзгерістер және қосым­ша құн салығы салынған тауарлар үле­сі­нің тұтыну құрылымында артуы­на берілген жауап ретіндегі  стра­те­гия­лық тапсырма болып табылады. Қытайдың батыс және орта­лық аймақтарының жылдам дамуы, олардың шығаратын тауар­лары­ның үштен бірі сұранысқа қажет­ті жоғары технологиялық өнім­дер екен­дігі белгілі. Сондық­тан да оны Қазақстан аумағымен транс­құр­лықтық құрғақ жол арқылы жеткізу оңтайлы әрі жылдам, яғни Қытай­дың шы­ғыс жағалауындағы порт­тардың қашықтығымен салыс­тыр­­ған­да, теңіз жолдарына қараған­да жет­кізу мерзімі үш есеге азаяды. Соны­­мен қатар, жиілігі де артады. Осы­­ны есептей келіп Қазақстан муль­т­и­модальдық көлік дәліздерін пай­да­ланып жүк жөнелту мен да­мы­­туды, сол арқылы Қазақстан ау­м­а­­ғы­мен транзиттік жүктерді Қытай­­дан мынадай бағыттарға жібереді: Ресей Федерациясына, одан әрі Еуропаға қарай; Қорғастан Ақтау портына, әрі қарай Каспий теңізінен Әзер­байжанға, одан Грузияға, Түркияға және Еуропаға; Иранға, Таяу Шығыс ел­дері­не, Үндістанға, Пәкістанға; Солтүстік-Оңтүстік бағ­дары­мен Ресей аумағына, Қазақстанға, Түрікменстанға және Парсы шыға­нағы елдеріне. Стратегияны жүзеге асыру Мемлекет басшысының тап­сыр­масымен Қазақстанды логис­тикалық хаб етудің алғашқы стра­тегиялық қадамы «ҚТЖ» ҰК» АҚ арқауында еліміз халық­аралық деңгейдегі көліктік-логис­тикалық опе­раторға айналды. Соның нәтижесінде «ҚТЖ» ҰК» АҚ көпдеңгейлі тікелей ықпалдастырылған логистикалық және тасымалдау компанияларын, көліктің барлық түрлеріне қатысты терминалдық және магистральдық инфрақұрылымды біріктірген көліктік-логистикалық холдинг атанды. Компания стратегияда көр­­сетілген нақты жобалар­мен нарықтағы жаңа муль­ти­модальдық қызмет түрлерін игеріп, жаңа құзыреттер мен активтерді басқарып, транзиттік мультимодальдық тасымалдау көлемін арттырғандығы байқалды. Қытай, Қазақстан, Ресей, Бе­ларусь және Еуропа аумағымен контейнерлік тасымалдаудың бағдары мен ауқымы жыл сайын артып, соңғы бес жылда геометриялық көрсеткішпен есе­леніп келеді. Мәселен, 2016 жылы осы бағдардағы кон­тейнерлік тасымал көлемі 2011 жылмен салыстырғанда жүз есеге артты. Компания 2020 жылға қарай бұл көрсеткішті 800 мың ЖФЭ (жиыр­ма футтық эквивалент) контейнерге жеткізуді жоспарлап отыр. Соның нәтижесінде жалпы тасымалдағы транзиттік тасымалдау үлесі 35%-ға жеткізілді. Таяу жылдары бұл көрсет­кішті 50%-ға жеткізу көзделуде. Мұн­дай тапсырмаларды орындау үшін контей­нерлік жүрдек пойыз қызметінің сапасын көтеру, әрбір көлік өнімдеріне жекелей көзқарас орнықтырып, көлік өнімдеріне жоғары технологиялық сапа стандарттарын енгізу міндеті тұр. Ауқымды PR-науқаны мен компа­нияның көліктік-логис­тикалық өнімдерді ұсынудағы белсенді маркетингтік жұмыс нәтижесінде жаһандық нарықтағы жаңа ірі тапсырыс берушілер мен тұтынушылар тартылуда. Бүгінгі таңда «ҚТЖ» ҰК» АҚ Қытай­дың 11 негізгі қала құ­ру­шы провинцияларынан (Чжэнчжоу, Чунцин, Ухань, Чэн­ду, Сиань, Шэнчжэнь, Цзянсу және басқалары) жүктерді тасымалдайды. Жаңа инфрақұрылым – жаңа мүмкіндіктер Инфрақұрылымдық инвес­тициялар тікелей және жанама түрдегі мультипликативтік тиім­ділікке жеткізіп, еліміздің ұзақ мерзімдік дамуын қам­тамасыз етуде маңызды рөл ат­қарады. Экономикалық сарапшылар көліктік инфрақұрылымды капиталды тиімді пайдаланудың үш маңызды факторының бірі деп есептейді. Германия кәсіп­орындарының 56%-ын өндірісті инвестициялауда шешім қабылдау мәселесі бойынша аймақаралық көлік түрлерін дамытуды 15 фак­тордың ішін­дегі 3-ші орынға шығарып отыр. Moody’s компаниясы мәлі­метіне қарағанда, инфра­құ­­ры­лымға жұмсалған 1 доллар мемлекеттік капитал 1,59 дол­лар жеке инвестицияның муль­типликативтік тиімділігіне жет­кізеді. АҚШ, ЕО және Қытай дағдарысты еңсеру мақсатында инфрақұрылымды жаңғырту мен дамытуға арналған ауқымды бағдар­л­амалар қабылдады. Еуроодақ елдері 2010-2020 жыл­дары аралығында осы мақсат­қа 300 миллиард доллар­дан астам қаржы жұмсауды жос­парласа, Қытай 200 миллиард доллар, ал АҚШ пен Кана­да – шамамен 180 миллиар­д доллар қаржы құюды көздеп отыр. Қазақстанның көліктік-ло­гистикалық саласына инвестиция тарту мен инфрақұрылымдағы ауқымды жаңғырту жұмыстары ел экономикасының мульти- п­ликативтік тиімділігіне жеткізіп қана қоймайды. Сонымен қа­тар, Еуразия құрлығындағы көлік бағдарларының архитектурасын өзгертеді. Қазақстан аума­ғы арқы­лы өтетін жүктердің жа­һандық логистикалық тізбегі бағдарын түбегейлі қайта құруды қамтамасыз етеді. Соңғы алты жылда Шығыс – Батыс, Солтүстік – Оңтүстік халық­аралық көлік дәліздерін оң­тайландырып, жақындата түсетін 1700 шақырым жаңа жол салынды. Пайдалануға берілген Жезқазған – Бейнеу және Арқалық – Шұбаркөл жаңа теміржол желісі арқылы алғашқы 22 айда 15,7 миллион тонна жүк өткізілді. Бұл жол арқылы белгіленген жобалау экономикалық-техникалық құжаттарға сәйкес, алғашқы бес жылда 12 мың жүк пойызы өткізілуі тиіс болса, қазірдің өзінде 8 мың жүк пойызы өткізілді. Бүгінгі таңда маңызды транзиттік желінің өткізу қабілетін арттыру үшін 111 шақырымдық Ал­маты – Шу екінші теміржол телімі құрылысы жүргізіліп, элек­тр­лендірілуде. «Нұрлы Жол» мемлекеттік бағ­дар­ламасы аясында ауқымды «Орталық – Оңтүстік», «Орталық – Шығыс», «Ор­талық – Батыс», «Астана – Петропавл» автожол жобалары жүзеге асырылуда. Биылғы жылы «Батыс Еуропа – Батыс Қытай» трансқұрлықтық авто­магистралының 2787 шақырымдық қазақстандық бөлігі ашылатын болады. 2020 жылдарға дейін жалпы ұзындығы 7 мың шақырымдық автожолды қайта жөндеуден өткізу жоспарлануда. Қазақстан аумағы мен одан сырт елдерде де Еуразия құрлығындағы жүк ағынын шоғырландырып, дистрибуциялық қызмет жөніндегі логистикалық орталықтарының тірек желілері салынуда. Өткен жылы компания серіктестерімен бірлесіп Астана қаласында Орталық Азиядағы ең ірі «А» сыныбындағы көліктік-логистикалық орталық тұрғызды. Ол бүгінгі таңда қызмет көрсете бастады. Биылғы жылдың 4-ші тоқсанында осындай орталықты Шымкент қаласында пайдалануға беру жоспарланған. Қытайда, Ор­талық Азияда, Кавказда, Түр­кияда, Парсы шығанағы ел­дері мен Еуропада жүк ағын­дарын шоғырландыру және дис­трибуциялық орталықтардың сыртқы терминалдық желілері салынуда. Қазіргі кезде компанияның Қытайдың шығыс жағалауындағы Ляньюньган портында тер­ми­налдық инфра­құрылымы жұ­мыс істейді. Терминалдың қуат­тылығын одан әрі дамыту үшін, Лянь­юньган порты маңындағы ШЫҰ ло­гистикалық аймағында 450 гектар жерде дайындық жұ­мыстары жүргізілуде. Оның құрылысы аяқталған соң 2020 жылы 2,2 млн. ЖФЭ көлеміндегі жүкті шоғырландыруға қол жеткі­зіледі. Қазақстанның шығыс және батыс қақпасын дамыту Қытайдан Еуропаға және Орталық Азия елдеріне бағыт­талған барлық жүк ағындары шекарадағы «Қорғас – Шығыс қақпасы» АЭА-да шоғырландырылады. Қорғас – Шығыс қақпасы трансқұр­лықтық мультимодальдық тасымалдау жүйесінде Суэц арнасы сияқты стра­тегиялық рөл атқарады. Биыл «Қорғас – Шығыс қақпасы» АЭА аумағында инфрақұрылым жүйесі мен құрғақ порт құрылысы аяқталды. Мұнда 2020 жылға қарай жүк өңдеу көлемін жылына 4,4 миллион тоннаға жеткізу ұйғарылды. Қытайдың әлеуетті инвесторлары АЭА аумағындағы өнеркәсіп орындары мен логистикалық жобаларды жүзеге асыруға қы­зығушылық танытуда. Алдын  ала сараптауларға қарағанда, инвестиция көлемі 1 млрд. АҚШ доллары көлемінде болатын түрі бар. Қазірдің өзінде Цзянсу провинциясынан жалпы көлемі 690 миллион доллар көлемінде қаржы құюды жоспарлаған 15 компания іріктелді. Олар бұл қаржыны арнайы өндіріс құрал-жабдықтарын, жүк вагондарының бөлшектерін, медициналық құрал-жаб­дықтарын, тамақ өнімдерін, тоқыма бұйымдарын, құрылыс техникаларын шығаруға және логистика мен қоймалық қызмет түрлеріне жұмсағысы келеді. АЭА аумағында аймақтық көліктік- логистикалық хаб жасақтау үшін қолайлы экономикалық жағдайлар жасалған. Қытаймен шекарада «Қорғас» халықаралық шекаралық ынтымақтастық орталығы (ХШЫО) қызмет көрсетеді. Онда Қазақ­стан мен Қытай және үшінші елдердің азаматтары шекара ар­қылы еркін өтіп, жүріп тұрады. Оларға орталықта бір ай көлемінде ви­залық ресімдеусіз жүре алатын және өсімсіз сауда жасауға мүмкіндік берілген. ХШЫО тұ­жырымдамасына сәйкес, ха­лық­аралық сауда, іскерлік қаты­нас, мәдени және ғылыми тәжірибе алмасу, ифрақұрылымға туристік сапар жасау көзделеді. ХШЫО-ның қазақстандық бөлі­гін дамыту шеңберінде құны 586 млрд. теңгені құрайтын 56 инвестициялық жоба жүзеге асырылуда. Бүгінгі таңда 30 объектінің құрылысы жүргізіліп, 26 нысанда дайындық жұмыстары жасалуда. «Қорғас – Шығыс қақпасы» АЭА-ны және «Қорғас» ХШЫО-ны дамыту іргелес аумақтың дамуына да синергетикалық нәтиже берді. Қазақстан Үкіметі 2016 жылдың соңына дейін жоғарыда аталған нысандарға іргелес 100 мың халқы бар Нұркент деп аталатын ауылдың негізінде осы аттас жаңа қаланың бас жоспарының жобасын бекітпек. «Қорғас – Шы­ғыс қақпасы» АЭА және «Қор­ғас» халықаралық шекаралық ынтымақтастық орталығы жобаларын жүзеге асыруға құйылатын инвестицияның жалпы құны 1,3 трлн. теңгеге жетеді. Қазақстанның көліктік-логистикалық жүйесінің батыс қақпасы әрі Еуразия муль­тимодальдық көлік дәлізінің стра­тегиялық торабы ретінде Кас­­пий жағалауындағы Ақтау және Құрық порттарының маңызы ар­тады. Сондықтан да, олардың ин­фрақұрылымын дамытып, қазақ­стандық флотты Каспий теңі­зінің айдынына шығару бойынша зор істер атқарылмақ. Ақтау портында солтүстік ба­ғытта құрғақ жүк тасымалы үшін жүк тиеу қуаттылығын арттыруға байланысты кеңейту жұмыстары аяқталуға жақын. Боржақты – Ерсай теміржолымен байланыса­тын магистральдық желісі бар кеме кешені Құрық портында салынуда. Халықаралық Ақтау портын кеңей­ту және Құрық кеме кешенін салудың арқасында Каспийдегі жүк тиеу қуаттылығы 2018 жылға қарай 25 млн. тоннаға дейін артатын болады. «Шығыс – Батыс» трансқұрлықтық көлік дәлізінің бөлігі ретінде Каспий теңізі аймақ­тың транзиттік әлеуетін көте­руге және мультимодальдық тасымалды қарқындатуға зор үлес қосатыны анық. Биыл «ҚТЖ» ҰК» АҚ-тың Каспийде пайдаланып жүрген 2 құрғақ жүк таситын кемесінің қатары тағы жаңа екі су көлігімен толықпақ. Теңізде трансқұрлықтық муль­тимодальдық тасымалға қызмет көрсету үшін 2 кеме жасауға келісімшартқа қол қойылды. 2020 жылға қарай «ҚТЖ» ҰК» АҚ флоты 20 кемені құрайды. Теңіз бағдарларына қарағанда, құрғақ жүкке арналған көлік дәліздері Еуразия құрлығының түрлі елдері аумағынан өтеді. Көлік жүйелерін байланыстыру ортақ тұжырымдама, бизнес-модельдер және мемлекет деңгейіндегі шешімдер, нарық субьектілері мен сараптама қоғамдастығын және олардың көптарапты келісімдер мен альянстарда ресімделуін жасау үшін барлық қатысушылардың қауымдасуы және үйлестірілуі мен мүдделілігі өте жоғары болғанда ғана мүмкін. Стейкхолдер-мемлекеттердің көлік дәліздеріндегі магистральдық және терминалдық инфрақұрылым иелерімен басқару, операцияларды үйлестіру және бірыңғай тікелей тарифтік мөлшерлемелер құру жөнінен өзара іс-әрекет етуі көлік дәліздері үшін бәсекеге қабілеттілік тұрғысынан алғанда жаһандық оңтайлы жағдай туғы­зады. Сондықтан «ҚТЖ» ҰК» АҚ даму стратегиясының негізгі бағыт­­тарына мыналар жатады: Қазақстан аумағы арқылы өтетін жаңа трансеуразиялық логистикалық тізбекті жасау үшін әріп­тестіктер мен альянстар құру; Еуразия құрлығында жүк­тердің пайда болуы нүктесінен тұтынушыға жету нүктесіне дейінгі қызметін ықпалдастыру үшін халықаралық дәліздерді инс­титуционалды дамыту. Ресей, Беларусь және Қазақ­станның бірлесе жүзеге асырып жатқан көліктік-логистикалық компаниялар жобасы бұл тәсіл­демелерді тиімді жүзеге асыру­дың үлгісі болып табылады. Қазақ­станның транзиттік әлеуетін то­лық­тай жүзеге асыру үшін компания Қытайдан Кавказға, Түркияға және Еуропа елдеріне бағытталған, Қытайдан Қазақстан мен Түрікменстан арқылы Парсы шығанағы елдеріне бағытталған Транскаспий бағдарын және Ресей, Қазақстан, Иран аумағы арқылы өтетін Солтүстік – Оңтүстік дәлізін дамытпақ. Транскаспий халықаралық көлік бағдарының (ТХКБ) тар­тымдылығы мен тікелей тарифтік мөлшерлемелердің бірыңғай дең­гейін, техникалық және тех­нологиялық параметрлері мен тасы­мал шарттарын келісу жолымен жөнелтілген нүктеден бас­тап белгіленген нүктеге дейін­гі ықпалдастық қызметімен қам­тамасыз ету үшін «ҚТЖ» ҰК» АҚ бастамасымен ТХКБ-ның үйлестіру комитеті құрылды. Ол магистральдық және терминал инфрақұрылымы иелерінің, Қазақ­стан, Әзербайжан, Грузия, Түр­кия және Шығыс Еуропа елдері көліктерінің сан алуан түр­лері тасымалдаушыларының басын біріктіреді. Сондай-ақ, транс­құрлықтық тасымал қаты­сушыларының саясатымен келіс­пеушілік және шекараны кесіп өту кезіндегі әкімшілік ресімдер, әртүрлі ұлттық реттеулермен шарт­талған физикалық емес кедер­гілерді алып тастау үшін жұмыстар жүргізілуде. Елдің логистикалық ахуалын жақсарту Мультимодальдық көліктік-логис­тикалық холдингті дамыту стратегиясын жүзеге асыру Қа­зақстанның халықаралық ло­­гис­тикалық рейтингтегі (Logistics PerformanceIndex - LPI) орнының, яғни 2014 жыл қоры­тындысында 160-шы орын­­ның ішінде 88 орында бол­ды. Қа­зір 11 сатыға көте­ріліп 77 орынға тұрақтады. Елде тартымды логистикалық жағдайды туғызу мақсатында «ҚТЖ» ҰК» АҚ-та e-freight жүйесін енгізу, нормативтік-құ­қық­тық негізді жетілдіру, кеден­дік ресімдерді оңтайландыру және құжат айналымы көлемін азай­ту арқылы шекарадан өтуді жылдамдату, жүктерді қадағалау бойынша қызметтер ұсынуды енгізу жағынан қыруар шаруалар істелуде. Және де Кеден кодексіне ке­дендік рәсімдеу кезінде ұсы­нылатын құжат­тарды қыс­қарту бойынша өзге­рістер ен­гізілді. Көршілес мемлекеттермен кедендік бақылау үдерісін оңтайландырып, жеделдететін алдын ала ақпараттандыру жүйесі бекітілуде. Үстіміздегі жылғы 1 шілдеден бастап кешенді көліктік-логис­тикалық қызметпен қамтамасыз ету үшін «ҚТЖ» ҰК» АҚ «ке­дендік декларант» қызметін орындауды бастады. Осындай жұмыс­тардың нәтижесінде Қазақ­­станның кедендік тазалау үде­рісі тиімділігінің (шекаралық) рейтингі 35 деңгейге жақсарды. Көліктік инфрақұрылым көрсеткіш нәтижесінің рейтингі жақсарып 41 орынға көтерілді. Компанияның тапсырыс берушіге қолайлы жағдай көрсету мен тасымалдауды ұйымдастыру үдерісі де өрге басты. Бәсекелестікке сай бағамен халықаралық тасымалдауды тұрақты бақылап отыру мүмкіндігі жасалды. Осындай шараларды атқару арқылы Қазақстанның логистикалық тиімділік индексі жаңа деңгейге көтерілді. Нәти­жесінде Қазақстанның аймақтағы логистикалық және іскерлік хаб ретінде қалыптасуына ықпал етті. Сонымен қатар, инвестициялық ахуалы жақсарды. Ендігі мақсат 2020 жылы елімізді әлемдегі үздік логистикалық ахуалы орнықты 40 мемлекеттің қатарына қосу болып отыр. Теміржол көлігі машинасын  экспорттау әлеуеті Қазақстан Республикасының көліктік-логистикалық кешенінің бәсекелестігін көтеру мақсатында «ҚТЖ» ҰК» АҚ жылжымалы құрамды және инфрақұрылым нысандарын жаңғыртудың ауқым­ды бағдарламасын жүзе­ге асырды. Соған сәйкес, нәти­жесінде ком­панияның негізгі акти­вінің тозығы жетуі 80% -дан 40%-ға дейін төмендеді. Ак­тивтің берік қоры жасалды. Бұл тапсырмаларды жүзеге асыру үшін «ҚТЖ» ҰК» АҚ теміржол машинасын жасау саласындағы әлемдік жетекші компаниялармен серіктестік орнатты. Олармен бірге өзінің жеке өндірістік қуатын дамыта отырып, жылжымалы құрамды шығарып, рельс өнімдері мен жинақтаушы құралдарын өндіруде. «ҚТЖ» ҰК» АҚ жаңадан теміржол көлігі машинасын жасау кластерін құрды. Нәтижесінде 442 миллиард тең­генің жоғары технологиялық теміржол өнім­дерін шығаруды қамтамасыз етті. Аталмыш кластер қосымша құн салығы жоғары, экспорттық әлеуеті зор, қазақстандық экспорт­таушылардың стратегиялық тапсырмаларды орындауына сүбелі үлес қосты. Компания зауыт­тарының өнімдері қазірдің өзінде Тәжікстанға, Қырғызстанға, Түрік­менстанға, сонымен қатар, Әзер­байжан мен Украина нарық­тарына 17 млрд. теңге көлемінде экпортталды. Бұл бағыт бойынша Иран, БАӘ, Алжир, Польша, Финляндия, Грузия, Латвия, Литва, Мол­дова, Беларусь, Әзербайжан, Тә­жікстан, Қырғызстан, Түрік­менстан, Украи­на елдеріне өнім шығарудың алдын ала келісімін түзу және марке­тинг­тік қызметтер жасалуда. Жалпы алғанда 2020 жылға дейін 4,2 миллиард доллар мөлше­рін­дегі келісімдерге қол жеткізу ұйға­рылды. Бір сөзбен айтқанда, ат­қарылатын жұмыстар ауқымы өте көп. Әрине, ізденіс зор пайдасын беретіні сөзсіз. Асқар МАМИН, «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ президенті