• RUB:
    4.95
  • USD:
    527.3
  • EUR:
    544.86
Басты сайтқа өту
Қазақстан Кеше

Сырдарияның су көлемін есепке алу автоматтандырылады

83 рет
көрсетілді

Қазақстан мен Өзбекстан аталған өзенінің суын есепке алуды автоматтандыру үшін техникалық тапсырма әзірлеу жөнінде келісімге келді, деп хабарлайды Egemen.kz.  

Еске салайық, осыған дейін екі ел Сырдария өзенінің бассейнінде автоматтандырылған суды есепке алу жүйесі орнатылатын 10 учаскені анықтаған, олардың 5-і еліміздің аумағында, тағы 5 учаске Өзбекстан аумағында.

Сала ведомствосының баспасөз қызметінің мәлім етуінше бүгінде тараптар халықаралық қаржы ұйымдарымен келіссөздер жүргізіп жатыр. Жоба бойынша жалпы техникалық тапсырманы халықаралық ынтымақтастық жөніндегі Герман қоғамы (GIZ) әзірлейді.

«Барлық негізгі су бекеттерін автоматтандыруды және су есебінің толық ашықтығын қамтамасыз етуді жоспарлап отырмыз. Бұл мәселені біз қырғыз және тәжік әріптестерімізбен де келіссөздер барысында белсенді түрде алға тартып жатырмыз», деді Су ресурстары және ирригация вице-министрі Нұрлан Алдамжаров.