• RUB:
    5.07
  • USD:
    481.84
  • EUR:
    531.33
Басты сайтқа өту
05 Тамыз, 2016

TANAP «Түрік ағынына» бәсекелес бола ала ма?

328 рет
көрсетілді

Санаулы күндер­ден соң Түркия Рес­пуб­ли­ка­сы­­ның Президенті Реджеп Тайып Ердоғанның Ресей Фе­дерациясына сапары жоспарланып отыр. Бұл 2015 жылдың қараша айында ресейлік Су-24 бомбалаушысына қатысты оқиғадан кейін нашарлаған Ресей-түрік қарым-қатынасы «жылына» бастағаннан бергі жоғары деңгейдегі алғашқы кездесу. Сапар аясында Ресей мен Түр­кия басшыларының екі ел қарым-қатынасын жақ­сарту жөніндегі келіссөздері жоспарланған. Бұл сапар, ең бас­тысы, екі елдің энергетикалық ын­ты­мақтастығы жалғасын табуына жол ашады деп болжанып отыр. Атап айтқанда, Санкт-Петербургтегі жүздесу барысында ең маңызды жобалардың бірі «Түрік ағыны» газ құбыры құрылысын жүргізу мәселесі көтерілуі мүмкін. «Түрік ағыны» – бұл «Оң­түстік ағын» жобасын ауыс­тыру үшін жасалған газ құ­бырының шартты атауы. «Оң­түстік ағын» құрылысы 2014 жылдың желтоқсанында Еурокомиссияның қарсы болу­­ы­на байланысты Ресей тарапы­нан тоқтатылған. Русская стан­сасынан бастап Түркия жағалауына дейін, Қара теңіз­дің түбі арқылы әрі қарай Түр­кия аумағынан түрік-грек шекараларындағы газ тарату хабында аталған құбырдың бірнеше тармақтарын жобалау жоспарланып отыр. 2015 жылдың қарашасындағы ре­сейлік Су-24 бомбалаушы­сы­на қатысты оқиғадан кейін, Ресей-түрік келіссөздері тоқ­татылып, екі ел қарым-қаты­настары күрт нашарлады. Алайда, Түркия мен Ресей арасы түзелгеннен кейін, көп кешікпей «Түрік ағыны» жобасы қайтадан күн тәртібіне қойылды. Өткен аптада Түркия вице-премьері Мехмет Шимшек пен экономика министрі Нихат Зейбекчи үкіметтік делегациямен Мәскеуде болып, «Түрік ағыны» бойынша жұмыс тобын құру туралы келісімге қол жеткізді. Айта кету керек, бұрын «Түрік ағыны» шеңберінде төрт газ құбыры арналарын салу жоспарланған, алайда Ресей Федерациясының энергетика министрі Александр Новактың өтінішіне сәйкес, Ресей мен Түркия «Түрік ағынының» тек екі арнасының құрылысын талқылауда. Бір арнасы Түркияның ішкі нарығы үшін қарастырылған (қуаты шамамен 15,75 млрд. текше метр газ болады), екіншісі – еуропалық тұтынушылар үшін. Алдын ала болжам бойынша газ құбырының қуаты шамамен 63 млрд. текше метр газды құрайды. Сонымен қатар, Түркия белсенді түрде тағы бір энергетикалық жоба – TANAP  газ құбыры құрылысын да жүргізе береді, қазіргі таңда оның жұмысы белгіленген кесте бойынша жүріп жатыр. 2015 жылы Түркияның Карс қа­ла­сында Трансанатолиялық газ құбырының (TANAP) іргетасы қаланды. Аталмыш рәсімге Әзербайжан Президенті Ильхам Әлиев, Грузия Президенті Георгий Маргвелашвили және Түркия Республикасының Президенті Реджеп Тайып Ердоған қатысты. Карстағы жиынға АҚШ Мемлекеттік департаменті халықаралық энергетикалық мәселелері жөніндегі арнайы уәкілі және үйлестірушісі Амос Хохштейн мен Еуропалық комиссиясының энергетикалық одақ істері вице-президенті Марош Шефчович те келді. Еске сала кету керек, TANAP жобасының құрылысы бойынша келісімге 2012 жылдың 26 маусымы күні Ыстанбұлда қол қойылған болатын. Жоба акционерлерінің құрамы мынадай: «SOCAR» – 58%, «Botas» – 30%, «BP» – 12%. Жоба грузин-түрік шекарасынан түрік-грек шекарасына дейінгі аралықты қамтитын газ құбырының ұзындығы 1800 шақырымды құрайды. Газ құбырының өткізу қабілеті бірінші кезеңде 16 млрд. текше метр газды құраса (31 млрд. текше метр газға дейін ұлғайту мүмкіндігімен), оның 6 млрд.-ы Түркияға және 10 млрд.-ы Еуропаға тиесілі болады. Қолданысқа беру 2018 жылдың ортасына жоспарланып отыр. Алдағы уақытта TANAP-ты одан әрі құрылысы шамамен 2020 жылдың басына қарай аяқталып қалатын «TAP» (Трансадритикалық газ құбыры) газ құбырымен қосу жоспарда бар. «TAP» газды Грекия мен Албания арқылы Адриатика теңізінің астымен Италияға жеткізуге мүмкіндік береді. Аталған екі газ құбыры да «Оңтүстік газ дәлізі» жобасының бөліктері болып табылады (бұл жоба Еуроодақ үшін айрықша басымдыққа ие, ол әзербайжандық газды 10 млрд. текше метрге дейін Грузия мен Түркия арқылы Еуропаға тасымалдауды көздейді. Әзірше алғашқы кезеңде «Шах Дениз» кенішінен өндірілетін әзербайжандық газды «Оңтүстік газ дәлізі» жобасы үшін негізгі қор көзі санайды). Ресми Түркия «Оңтүстік газ дәлізінің» негізгі буыны деп TANAP-ты атап отыр. Түркия энер­гетика министрінің мәлімдеуінше, аталмыш жоба үлкен саяси маңызға ие және қатысушы-мемлекеттердің экономикалық дамуына кепіл болады. TANAP газ құбыры құрылысының басталуы «Түрік ағыны» құрылысы жөнінде Мәс­кеудегі келіссөздерге және бұрынғы қол жеткізілген уағдаластықтарға қарамастан, Түркия үкіметінің жобаны іске асыруға бел буғандығын нақты айқындады. Дейтұрғанмен, TANAP пен «Түрік ағынының» бәсекелес бола алатындығына сарапшылардың бәрі бір ауыздан келісе бермейді. Екі жобаны салыстыра отырып, онда олар қаншалықты бір-бірімен бәсекелесе алатындығын мынадай критерийлер негізінде қорытындылауға болады: жеткізілетін газ көлемі және алынатын көзі, газ құбырының бағыты, экономикалық тиімділігі, саяси мотивациялар, жобаның іске асырылу деңгейі. Екеуінде де газдың негізгі тұтынушылары Түркия мен Еуроодақ болып табылады. Түркияның жыл сайынғы тұтынуы шамамен 46 млрд. текше метр газды, ал Еуроодақ  – 133 млрд. текше метр газды құрайды. Түркияға негізгі табиғи газ өнімін  жеткізуші Ресей (30 млрд. текше метр), Иран (9,6 млрд. текше метр) және Әзербайжан (6 млрд. текше метр) елдері екені белгілі. Еуроодақ энергетикасын Ресей үлесі шамамен 30%-ды құрайды, ал Әзербайжан өзінің газ өнімдерін әлі еуропалық нарықта шығарған жоқ. Түркия үшін, тұтынуға импортталатын газ өнімінің 98%-ын, әртараптандыру мәселесі  маңызды болып отыр. Екі жобада іске асу қай жағдайда, Түркия TANAP газ құбырлары арқылы 6 млрд. текше метр газды Әзербайжаннан және 15 млрд. текше метрден сәл астам газды Ресейден алып отыратын болады. Жоспарға сәйкес, «Түрік ағынының» бірінші легі Түркияға Ресейден Трансбалқандық газ құбыры арқылы жеткізілетін газды алмастырады (бүгінде ол 12 млрд. текше метр газды құрайды), газ құбырларының құрылысы арқылы Түркия газ тұтыну көлемін арттыра түсуді көздейді. Еуропа елдері TANAP құбырлары арқылы Әзербайжаннан 10 миллиард текше метрге дейін газ ала алатын болады.  Ресей түрік-грек шек­арасындағы тапсыру пунктіне дейін 50 миллиард тек­шеметр газ жеткізе алатынын мәлімдеп отыр. Бұл «Оңтүстік ағын» жобасында көзделген еді. Осылайша, TANAP газ жеткізу көлемі жағынан «Түрік ағынына бәсекелес» бола алмайды. Алайда, импорттаушы елдердің энергетикалық қауіпсіздігі мен тұтынылатын газды әртараптандыруда стра­тегиялық маңызы жоғары болып табылады (әсіресе, бұл Еуроодақтың Ресей энергия ресурстарына тәуелділігін азайтуы үшін қажет). Екі газ тасымалдау желілері де Түркия аумағы арқылы өтеді. Бірақ, Еуропа аумағымен өтетін жолдары әртүрлі. TANAP-тың жалғасы саналатын ТАР газ құбырлары Грекия, Албания және Италия арқылы жол тартады. «Түрік ағыны» жобасына келер болсақ, оның Ресейдегі негізгі газ жеткізушісі «Газпром» Еуроодақ аумағында газ құбырларын салудан шеттеген болатын. Десе де, 2015 жылдың наурызында Венгрия газ құбырын құру бастамасын көтерді. Венгриядан басқа Грекия, Сербия және Македония, сонымен қатар Аустрия жаңа газ құбырына өз қызығушылығын білдірді. Осындай тағы бір балама ұсынысты Болгария премьер-министрі Бойко Борисов Әзербайжан Президенті Ильхам Алиевпен кездесу барысында айтқан. Дегенмен, экономикалық жағынан қарайтын болсақ, Түркия екі жобаның да іске асырылуынан өз пайдасын иеленетін болады. Әзербайжан газды 1000 текше метріне 340$-дан әлдеқайда арзан жеткізеді, екінші орында Ресей – 418$, ал ең қымбаты ирандық газ – 487$ (2014 жылғы баға), тиісінше, Түркияға әзербайжандық және ресейлік газды өндіру тиімдірек. «Түрік ағынына» қатысты айтатын болсақ, газ құбырының біраз бөлігі түркиялық «Botas»-қа тиесілі. Ал қосымша пайда ресейлік газға белгілі бір мөлшерде 10,25% (болжам бойынша) едәуір жеңілдіктер алып келеді. Тағы бір айта кететін жайт, 2014 жылдың желтоқсанында Түркия газды 6% мөлшердегі жеңілдікпен жеткізетіндігі жарияланған болатын. Газ құбырының экономикалық әсер ету бағасын «British Petroleum» вице-президенті Ян Сазерланд берген. Ол TANAP-ты іске асыру әлемдік экономикалық баланс­ты әртараптандыруға мүм­кіндік береді деген. TANAP құрылысы Түркия мен оның одақтасы Әзербайжанға жағымды әсер етеді әрі түрікмендік, ирактық және сириялық газ нарықтарында өн­діру мүмкіндіктерін арттырады. Алайда, Түр­кияның Ресеймен аралары бұзылғанға дейін, түркиялық тарап Ресейге қысым көрсеткен. Бұл туралы Орталық Азия зерттеу орталығының ғылыми қызметкері және Кав­каз институтының шығыстанушысы Станислав Притчин айтқан қиындық  Анкараның газ бағасына байланысты туындаған. Түріктер «Газпромның» ұсынған 10,25%-ға қанағаттанбаған. Ал энергетика нарығын зерттеу орталығының талдаушысы Валкан Өздемірдің сөзіне сүйенсек, Түркия TANAP аумағында энергетикалық орталықтың рөлін ойнамайды, керісінше тек дәліз болып қана табылады, сондықтан да бұл TANAP Ан­карадан гөрі Баку үшін аса маңызды. Өйткені, Әзербайжан тоғыз тұтынушы-мемлекеттердегі компаниялармен келісімшарт жасап қойған болатын. Бірақ, бұл жоба Мәскеумен, сондай-ақ келісімдер жөнінде де біраз рәсімдерден өтіп, одан кейін түпкі тұтынушыны да іздеу керек. Ал Еуразия бойынша Халықаралық Стратегиялық зерттеу ұйымының Анкарадағы сарапшысы Хасан Селим Өзертем келісімшартқа өзгерістер енгізу керектігін айтады. Өйткені, 2019 жылдан кейінгі «Газпром» газ беру нүктесін өзгертіп қалуы мүмкін. Заң тұрғысынан қарайтын болсақ, бұл үдеріс Ресейдің Украинаның газ жеткізілуін «Оңтүстік дәлізден» бөлек жоспарын іске асыруына қиындық тудырады. Ресейлік газдың іске асырылуы «Оңтүстік дәліздің» жағдайындағыдай Брюссельмен қарама-қайшылықтар тудыруына соқтыруы мүмкін. Мұндай ойды Украинада Түркия Республикасының елшісі Йонет Джан Тезель де білдірген. Оның сөзіне сүйенсек, «Түрік ағыны» дамудың бастапқы сатысында тұр және оның еуропалық мемлекеттермен қарым-қатынасымен де көп нәрсе байланысты. Келтірілген мысалдарға сайып келгенде, TANAP пен «Түрік ағыны» мүлде басқа сипат­тамаларға ие, сондай-ақ, бөлек тұтынушыларға бағытталған. Екеуі де Түркия үшін экономикалық және саяси тұрғыдан ақталып алынған. Ішкі саяси жағдайға қарамастан, екі бағытта да белсенді жұмыс жасалуда. Осыдан шығатын қорытынды, бір жоба бір жобаның орнын баса алады деген ықтималдық аз. Екі жобаның сценарийінің іске асырылуы олардың функцияларының қиын­дықтарын тудырмайды. Орындау мерзімдері мен кейбір детальдар өзгерістерге ұшырауы мүмкін. TANAP құрылысы Түркияның энер­гетикалық саясаты жағынан басым бағытқа ие болып қала береді. Асхат КЕСІКБАЕВ, саясаттану ғылымдарының докторы