Таяуда АҚШ астанасы Вашингтонда өткен Ядролық қауіпсіздік жөніндегі ІV саммит барысында Қазақстан Республикасының тұңғыш Президенті Н.Назарбаев «Әлем. ХХІ ғасыр» атты манифесін жариялаған болатын.
Қазір әлемде 200-ден астам ел, 7 мыңнан астам ұлт пен ұлыс бар десек, тек Қазақстанда ғана 130 ұлт пен ұлыстың өкілі (этностар) тұратыны белгілі. Сондықтан Елбасының ХХІ ғасырдағы бейбітшіліктің архитекторы ретінде әлемдік өркениетті сақтау, елдер мен халықтар арасындағы қарулы қақтығыстарды тоқтатып, бейбітшілікті қамтамасыз ету ісінде осындай ерен қызметі Қазақстан халқы Ассамблеясы Ғылыми-сарапшылық кеңесінің мүшесі ретінде мені қатты толғантты.
Қорыта келгенде, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев қазақ халқына тән данагөйлік пен батылдық және көрегендікпен әлемдік маңызы өте жоғары бастама көтеріп, XXI ғасырда адамзат алдына бейбітшілік үшін ортақ мақсат қойып отыр.
Сатай СЫЗДЫҚОВ,
Қазақстан халқы Ассамблеясы Ғылыми-сарапшылық кеңесінің мүшесі