• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
25 Ақпан, 2011

Жалпыға жолдау – жалқыға жолдау

441 рет
көрсетілді

Жасампаздық жолбасшысы Мемлекет басшысы Нұр­сұл­тан Назарбаевтың Қазақстан хал­қына биылғы Жолдауы алдағы 10 жылдықты бағдар етіп алға­ны­мен құнды деп есептейміз. «Бо­лашақтың іргесін бірге қалай­мыз» – былай қарағанда қара­пайым ғана түсінік сияқты кө­рінеді. Алайда, ондағы бірлікке шақыратын, ақиқатқа негізделген ұстанымдар өзін еліміздің да­муы­на үлес қосып жүрмін деп сезінетін әрбір жанды бей-жай қалдырмасы анық. Джон Кеннедидің «қанатты» сөзіне айналған: «Еліңіздің сіз үшін не істей алатынын сұра­маңыз, еліңіз үшін өзіңіздің не істей алатыныңызды сұраңыз» деген нақылы еріксіз ойға ора­лады. Елдің жан-жақты жаң­ғы­руына шын мәнінде өз үлесін қос­қысы келетін әрбір адам бү­гінде үлкен мүмкіндікке ие. Мем­­лекет Қазақстан азамат­та­ры­ның өз әлеуеттерін дұрыс пайдалана алу үшін қажетті жағдай­ларды жасап отыр. Сонымен қатар, Жолдауда білім саласына айтарлықтай көңіл бөлініп отырғаны қуантады. Жас буын білім алуы барысында еліміздің болашақта да бәсекеге қабілетті болуын қамтамасыз ете алатын білім деңгейіне қол жеткізуі тиіс. Ал Қазақстанда осы бағытта атқарылып жатқан, келешекке негізделген жұмыстар жет­кілікті деуіміз керек. Бірақ қол жеткенге тоқмейілсімей, Жолдауда атап көрсетілгеніндей, білім деңгейін жақын болашақта әл­ем­дік стандарттарға дейін көтеруге ұмтылуымыз керек. Мемлекеттің бұдан бұрынғы кезеңде де ғылымды дамыту мә­селелерін өз қарауынан шет қал­дырмағаны ұғынықты. Оны ұс­тап тұру факторларының бірқа­тарын объективті жағдайлармен түсіндіруге әбден болады. Дегенмен, біз қазір осы саланы тү­бегейлі өзгерту қарсаңындамыз. Қазақстанда қызметтері нақ­ты нәтижелер көрсетіп жүрген 16 мыңдай адам жұмыс істейтін 400-ден астам ғылыми ұйым­дардың қызмет ететіні мәлім. Білім және ғылым министрлігінің деректері бойынша, 2010 жылы қазақстандық ғалымдардың шетелдерде жарық көрген ғылыми еңбектері саны 3 есеге артып, 1168 алдын ала патенттер мен ин­новациялық патенттер берілген. Бүгінгі таңда, бәзбіреулер ғылымды дамытуға мемлекеттен жеткіліксіз қаржы бөлінеді дегенді алға тартады. Бұл сөзде шындық бар. Өйткені, бұл көр­сет­кіш Қазақстанда қазірше ІЖӨ-нің 0,26 %-ына тең болса, Швецияда – 3,8%, Финляндияда – 3,5%, Жапонияда – 3,04%, Швейцарияда – 2,73%, АҚШ-та – 2,84%, Германияда 2,44% құрай­ды. Алайда, 2014 жылға қарай біздің елде ғылымға бөлінетін бюджеттік қаражаттардың көле­мін ІЖӨ-нің 1%-ы деңгейіне жет­кізу және одан әрі кезең-ке­зе­ңі­мен ұлғайту жоспарланып отыр. «Ғылым туралы» жаңа Заң­нан үлкен үміт күтіледі. Оны іске асыру, жалпы, Қазақстан ғы­лы­мының тиімділік мәселелерін ше­­шуге, ғалымдардың абыройы мен дәрежесін арттыруға, кадр даярлау жүйесін реттеуге, ғылы­ми жә­не ғылыми-техникалық қыз­мет­тер­ді қаржыландыру жүйе­сін жақ­сартуға, т.б. зор мүмкіндік береді. Сонымен қатар, елімізде ғы­лыми зерттеу және әзірлеу жұ­мыстарына қаржылық қолдау көрсету бойынша тәжірибеміздің бар екендігін де айта кету керек. Бір мысал келтіре кетсек, 2006 жылы Қазақстанда «Ғылым қо­ры» АҚ құрылған болатын. Ин­но­вациялық даму институтының мәртебесі берілген Ғылым қоры қаржы құралының көмегімен Қа­зақстанда ғылыми зерттеулерді іс­ке асыру, артықшылыққа, ба­сым­дыққа ие тәуекелшіл зерттеулер мен тәжірибелі-конс­трук­тор­лық жұмыстарды атқару қам­та­масыз етіле бастады. Құрылған сәтінен бастап, Ғы­лым қорына түрлі жобаларды қар­жыландыруға 572 өтініш беріліп, қаралған болатын. 2,8 млрд. теңгеден асатын сомаға 33 жобаны қаржыландыру оң шешімін тапты. Ғылым қоры, со­ны­мен қатар, мемлекеттік-жеке серіктестік механизмін айқын қол­дануда – серіктестердің іске асы­рылған жобалардағы инвес­ти­циялары олардың жалпы құны­ның үштен бір бөлігін құрайды. Грантты қаржыландырудағы бұ­дан бұрынғы жинақталған тә­жі­рибелер, бүгінгі таңда, Индустрия және сауда министрлігі желісі бойынша инновациялық грант­тар берумен байланысты жұ­мыстардан көрініс тапқан жә­не қызметтерді нәтижелі іске асы­руға мүмкіндік тудырады. Бұ­дан тыс, Ғылым қорының «Ғы­лым туралы» жаңа Заңда қа­рас­тырылған грантты қаржылан­ды­ру үдерісіне белсенді қатысу үшін жеткілікті ресурстары бар. Әрине, ғылым саласында мем­лекеттік саясатты іске асыратын бірден-бір құрал бола отырып, қор Жолдауда атап көрсетілген жоспарларды жүзеге асырудан да тыс қала алмайды. Сондай-ақ, қосымша күш энергия тиімділіктеріне қатысты жобалардың жүзеге асырылуына бағытталады. Олардың қатарына үстіңгі бетінде серпінді алаңы бар, автоматты түрде өзгеретін желі электр стансалары мен сұй­ық ортаның экологиялық таза гид­родинамикалық жылыт­қыш­тарын енгізу туралы жобалар жа­тады. Қордың қатысуымен құ­рылған гидродинамикалық жы­лыт­қыш­тардың орнатылып, ел Үкіметінің ғимаратын су құ­бырлары арқылы ыстық сумен және жылумен қамтып отыр­ға­нын да айтпай кетуге болмас. Көмір кен орындарынан метан шығаруға қатысты жоба Ота­ны­мызда метанды көмір бөліктері ретінде пайдалануға негізделген, отын-энергетика секторында жа­ңа бағыттарға жол ашуға септігін тигізеді. Қор, сонымен қатар, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық са­ласын жаңғырту жөніндегі жос­парларды іске асыруға да қолдау көрсетіп келеді. Бүгінде тиісті құрылымдар қордың қол­дауымен құрылған, «Қазақстан Республикасы Президентінің Әк­ім­шілігі және Үкіметінің әкім­ші­лік дирекциялар ғимараты» РМКК объектілерінде сынақтан өткен құрылыс, тұрғын үй-комму­нал­дық шаруашылық жә­не энергия­лық өндірістік объек­тілердің ав­томаттандырылған ке­шенді диаг­ностикасын қолда­на алады. Қордың Жолдауда көрініс тап­­қан отандық денсаулық сақ­тау саласын дамытып, түпнұс­қа­лы «Атеролид», «Саусалин», «Экди­фит» фитопрепараттарын шыға­ру­дағы және үшінші кезектегі Қарағанды фармацевтика кешенін салудағы тәжірибелік-өнді­ріс­тік жобасы да едәуір үлес қо­сып келеді. Бұларды Ғылым қо­рының Жолдауда қарасты­рыл­ған міндеттермен тығыз бай­ла­нысты жобаларының бір бөлігі ғана деуге болады. Өйткені, жа­ңа тұ­жы­рымдамаға сәйкес жоо-лар білім беру орталықтары ғана емес, сонымен қатар, жаңа білім беруші ретінде көрінсе, жас буын студенттік кезден Қазақ­станның ғы­лыми әлеуетін да­мытуға тарты­латын болады. Мұндай саясаттың оң нәтиже беретініне біздің жа­қын болашақта көз жеткізетініміз күмәнсіз. Ал таяу болашақта әлі көптеген пай­далы да маңызды істер атқаратынымызға сенімді екенімізді айта кетсек дейміз. Сансызбай ЖОЛДАСБАЕВ, «Ғылым қоры» АҚ-тың басқарма төрағасы. Астана.