Кеше Қазақстан Республикасының Корея Республикасындағы Төтенше және өкілетті елшісі Дархан Бердалиев Корея Республикасының Тэгу қаласына сапар жасады. Сапар барысында Тэгу қаласының мэриясында болған арнайы салтанатты жиында қала мэрі Ким Бум-Ил елші Д.Бердалиевке Тэгу қаласының құрметті азаматы атағы берілгендігі туралы куәлікті тапсырды.
Ким Бум-Ил өз сөзінде бұл құрметті атақ Қазақстанның елшісіне екі ел арасындағы, оның ішінде аймақтар арасындағы қатынастарды дамытуға қосқан үлесі үшін берілді деп көрсетті.
Елші Д.Бердәлиевтің Корея Республикасының астанасы – Сеул қаласының және Ульсан қаласының құрметті азаматы болып табылатынын да айта кетейік.
«Егемен-ақпарат».