• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
01 Қазан, 2016

Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің бұйрығы  №186

436 рет
көрсетілді

  2016 жылғы 29 маусым, Астана қаласы «Ұлттық мұрағат қорының құжаттарын басып шығару қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Байланыс және ақпарат министрінің 2011 жылғы 16 қарашадағы №349 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы «Ұлттық архив қоры және архивтер туралы» 1998 жылғы 22 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының 18-бабы 2-тармағының 2) тармақшасына сәйкес бұйырамын: 1. «Ұлттық мұрағат қорының құжаттарын басып шығару қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Байланыс және ақпарат министрінің 2011 жылғы 16 қарашадағы № 349 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7342 болып тіркелген, 2012 жылғы 20 қазандағы № 689-693 (27765) «Егемен Қазақстан» газетінде, 2012 жылғы 20 қазандағы № 362-363 (27181-27182) «Казахстанская правда» газетінде жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін: көрсетілген бұйрықтың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын, орыс тіліндегі мәтін өзгермейді: «Ұлттық архив қорының құжаттарын басып шығару қағидаларын бекіту туралы»; көрсетілген бұйрықтың кіріспесі мынадай редакцияда жазылсын, орыс тіліндегі мәтін өзгермейді: «Ұлттық архив қоры және архивтер туралы» 1998 жылғы 22 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының 18-бабы 2-тармағының 2) тармақшасына сәйкес бұйырамын:»; көрсетілген бұйрықтың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын, орыс тіліндегі мәтін өзгермейді: «1. Қоса беріліп отырған Ұлттық архив қорының құжаттарын басып шығару қағидалары бекітілсін.»; көрсетілген бұйрықпен бекітілген Ұлттық мұрағат қорының құжаттарын басып шығару қағидаларында: тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын, орыс тіліндегі мәтін өзгермейді: «Ұлттық архив қорының құжаттарын басып шығару қағидалары»; 1 және 2-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын, орыс тіліндегі мәтін өзгермейді: «1. Осы Ұлттық архив қорының құжаттарын басып шығару қағидалары (бұдан әрi – Қағидалар) «Ұлттық архив қоры және архивтер туралы» Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 22 желтоқсандағы Заңының 18-бабының 2-тармағының 2) тармақшасына сәйкес дайындалды және Қазақстан Республикасы Ұлттық архив қорының құжаттарын басып шығару тәртiбiн анықтайды. 2. Қағидалар «Ұлттық архив қоры және архивтер туралы» 1998 жылғы 22 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңына сәйкес Ұлттық архив қорының құжаттарын (бұдан әрi – құжаттар) жинақтау (сатып алу), тұрақты сақтау және пайдалануды ұйымдастыру құқығы берілген мемлекеттік, арнаулы мемлекеттік архивтерде (бұдан әрi – архивтер) қолданылады.»; 6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын, орыс тіліндегі мәтін өзгермейді: «6. Ғылыми-көпшілік типтегі басылымдар тарихи білімдерді тарату және тарихи құжаттарды оқырман қауым арасында кеңінен тарату үшін арналған. Мұндай басылымдардың ғылыми-анықтамалық аппараты кіріспеден, ескертпелерден, көрсеткіштерден тұрады.»; 8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын, орыс тіліндегі мәтін өзгермейді: «8. Басылым түрлерi жарияланған құжаттардың құрамымен анықталады. Басылымдар әр қор бойынша және тақырыптық болады. Әр қор бойынша басылымдар ғылыми мақсатта дайындалады. Құжаттардың тақырыптық басылымдары ғылыми, ғылыми-танымдық және басылымдардың оқулық түрлерімен ұсынылады.»; 9-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «9. Әр қор бойынша басылымдар бір қордың (коллекцияның) немесе құрылымдық бөлімнің құжаттарын қамтиды. Басқа қорлардың және басқа қор құрушылардың құжаттары әр қор бойынша басылымдарға қордың құжаттары нашар сақталған немесе толық болмаған жағдайда енгізіледі.»; 13-тармақ мынадай редакцияда жазылсын, орыс тіліндегі мәтін өзгермейді: «13. Құжаттарды басып шығару нысаны (материалдық конструкциясы және құрылымы) бойынша: корпус (жинақ), серия, жинақ, монобасылым (бір жазба ескерткіштің немесе деректің басылымы), альбом, буклет, плакат, сондай-ақ мерзімді және жалғасатын басылымдардағы, ғылыми-зерттеу немесе ғылыми-көпшілік еңбектердің қосымшаларындағы және олардың мәтіндеріндегі жарияланым болады.»; 15-тармақтың бірінші және екінші бөліктері мынадай редакцияда жазылсын, орыс тіліндегі мәтін өзгермейді: «15. Түпнұсқаны қайта басып шығарудың дәлме-дәлдігінің дәрежесі бойынша факсимилдігі аса жоғары дәрежедегі басылымдар («шын мәнінде факсимилдік») және факсимилдігі жоғары және орта дәрежедегі басылым (басылымның «факсимилдік типі») болып ерекшеленеді. Факсимилдігі аса жоғары дәрежедегі басылымның дәл мөлшерін, қағаздың және мұқабаның сыртқы түрі мен өзгешелігін, мәтіннің көзге көрінетін барлық ерекшелігін, безендірілуін, уақыт пайдалану іздерін және тағы сол сияқтыларды қоса ең жоғарғы деңгейдегі ұқсастықпен түпнұсқа көшірмесін қайта басып шығарады. Ежелгі жазба ескерткіштерін факсимилдік басып шығару, сол қолжазбаның шрифтік (әріп теру) қайта басып шығарылған тұтас мәтінін сөздерге бөліп, сондай-ақ ғылыми-анықтамалық аппаратпен қоса беріледі.»; 3-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын, орыс тіліндегі мәтін өзгермейді: «3 тарау. Жариялау үшін құжаттарды айқындау және іріктеу»; 16-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын, орыс тіліндегі мәтін өзгермейді: «16. Құжаттарды айқындау алдында мынадай жұмыстар жүргізіледі.»; 17 және 18-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын, орыс тіліндегі мәтін өзгермейді: «17. Құжаттарды айқындаудың деректеркөздері аясы басылымның тақырыбымен, типімен, түрімен және мақсатымен анықталады. Жарияланған құжаттарды айқындау дереккөзі мемлекеттік органдардың (революцияға дейінгі, кеңестік кезеңдер және тәуелсіздік кезең) ресми басылымдары, қоғамдық ұйымдардың басылымдары, статистикалық басылымдар, мерзімді баспасөз (орталық, жергілікті, ведомстволық, көптиражды, шетелдік баспасөз), құжаттар жинақтары, мемуарлар, зерттеулер, техникалық әдебиеттер болып табылады. Жарияланбаған құжаттар мемлекеттік, арнаулы мемлекеттік, ведомстволық және жеке архивтерде, музейлер мен кітапханалардың қолжазба жинақтарында, шетелдік мемлекеттік және жеке меншіктегі қоймалардан анықталады. 18. Әдебиеттерді зерделеу және дереккөздер аясын белгілеу негізінде басылымның жоспар жобасы жасалады. Деректі жарияланымның жоспар жобасы – құжаттар жинағында түсіндіруге жататын мәселелер мен оқиғалар кең түрде көрсетілетін құжат болып табылады; құжаттарды айқындау, іріктеу, мәтінді жеткізу және археографиялық рәсімдеу әдістемесінің ерекшеліктері белгіленеді; дереккөздерді жүйелеу тәсілі, дайындауға жоспарланған ғылыми-анықтамалық аппарат анықталады; жарияланым тақырыбы бойынша жұмыстардың (құжаттар жинағы, негізгі монографиялар, еңбектер және басқа баспа басылымдар, оның ішінде мерзімдік) библиографиясы немесе жинақта көтерілетін мәселелер бойынша құжаттар мен материалдар келтіріледі, мүмкіндігінше жарияланым тақырыбы бойынша қорлардың нөмірлері және атаулары көрсетілген архивтер және басқа дереккөздер қоймасының (музейлер, кітапханалар, жеке меншіктегі қоймалар) аясы айқындалады. Жұмыс барысында жоспар жобасы түзетіледі және толықтырылады. Іздестіруді жеңілдету және архивтерден құжаттарды айқындаудың сапасын арттыру мақсатында жоспар жобасына мерзімді баспасөз материалдары, жарияланған жұмыстар (монографиялар, мақалалар), архивтік анықтамалықтар бойынша дайындалған оқиғалар хроникасын қоса беру қажет. Құжаттық сериялар үшін серияның бағдарламасы мен құрылымы, оны дайындаудың ғылыми-әдістемелік принциптері және айқындаудың, іріктеудің, мәтінді жеткізудің және құжаттарды басып шығаруға археографиялық рәсімдеу ерекшеліктері, серияның жинақтарына ғылыми-анықтамалық аппараттың құрамы мен мазмұны баяндалатын арнайы әдістемелік ұсынымдар әзірленеді. Жоспар жоба құжаттарды айқындау жөніндегі жұмыстар басталғанға дейін құрастырылып, басылымның редакциялық алқасымен бекітіледі.»; 3-тараудың 2-параграфының тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын, орыс тіліндегі мәтін өзгермейді: «2 параграф. Құжаттарды айқындау»; 21-тармақ мынадай редакцияда жазылсын, орыс тіліндегі мәтін өзгермейді: «21. Қарап шығуға белгіленген мерзімді басылымдарда жарияланымның тақырыбына қатысты және оның хронологиялық шеңберіне сәйкес құжаттар айқындалады. Мүмкіндігінше архивтерден құжаттардың түпнұсқаларын немесе олардың ресми жарияланымдарының мәтінін іздеу керек.»; 22-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «22. Мерзімді баспасөз материалдарын толық және жан-жақты айқындауға тиісті хронологиялық кезеңдегі мерзімді баспасөздің және көп таралымдардың орталық, жергілікті, салалық органдарын дұрыс таңдаумен, олардың бағытын, міндетін, қатыстылығын анықтаумен қол жеткізіледі. Басылымның тақырыбы мен мақсатына байланысты ақпараттық материалдар (жазбалар, сұхбаттар, репортаждар), аналитикалық материалдар (корреспонденциялар, шолулар, мақалалар, рецензиялар), көркем-публицистикалық материалдар (очерктер, суреттемелер, фельетондар, памфлеттер) айқындалады. Қандай да бір оқиға, факті туралы мәліметтер айқындалған жағдайда, оқиға болған жерде шығатын мерзімді басылымды пайдалану керек. Архивтерде, мүмкіндігінше мерзімді басылымдардың өз мәліметтерінің түпнұсқалары айқындалады.»; 23, 24, 25, 26, 27, 28 және 29-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын, орыс тіліндегі мәтін өзгермейді: «23. Архивтік құжаттарды айқындау, архивтердің ғылыми-анықтамалық аппаратының жүйесімен танысудан және оларда әлі сипатталмаған жаңа түсімдер туралы мәліметтерді зерттеуден басталады. Қорлардың толықтырылу тарихы, қор құрушылардың іс жүргізу жүйесі, олардың құжаттарының сақталуы анықталады, негізгі және шектес қорлардың тізімдемелерін қарап шығу көзделеді. Тiзiмдемелердi зерттеу және қарау үшiн iстердi іріктегенде, тақырыптарда iстердiң мазмұнының ашылу дәрежесi ескеріледі. Бұл мәселелерге тiкелей қатысты iстер ғана емес, сонымен бiрге құжаттардың тақырыбы бойынша жақын істер таңдап алынады. Айқындау кезінде бастамашылық, орындаушылық және қорытынды сипаттағы құжаттардың себеп-салдарлық байланысын ескеру керек. Айқындауды құжаттары қызметін барынша толық сипаттайтын мекеменің негізгі құрылымдық бөлімдерінен бастау керек. Құжаттарды іздеу үшін мәліметтерді орындау немесе танысу үшін басқа құрылымдық бөлімшелерге немесе мекемелерге берілгені туралы белгілер, кіріс және шығыс құжаттарды тіркеу журналдары, тіркеу-бақылау картотекалары, оның ішінде электрондық мәліметтер базасы пайдаланылады. Құжаттың дербес мағынасы бар барлық мәтіндері айқындауға жатады. Бірінші кезекте қолтаңбалар және төлнұсқалар, содан кейін екінші даналар, тізімдер, куәландырылған және куәландырылмаған көшірмелер айқындалады. 24. Жеке тектік құжаттарды айқындау үшін мүмкіндігінше қызметі жарияланым тақырыбымен баяндалатын мәселелерге байланысты тұлғалардың тізімі құрастырылады. Архивтерде бұл тұлғалардың қорларының болуы-болмауы жеке тектік қордың ғылыми-анықтамалық аппаратының көмегімен анықталады. Қорларында жеке тектік құжаттар жинақталуы мүмкін тұлғалардың, мекемелер мен қоғамдық ұйымдардың аясы және оларды сақтау орындары анықталады. Хаттарды айқындау кезінде жарияланған хаттардың авторының адресаттары мен корреспонденттерінің аясы және олардың қорларының орналасқан жерi анықталады. Бұл үшiн жарияланатын хаттардың авторларының туыстық, достық, iскерлiк байланыстары, олардың тұратын орындары, жiберiлген және жiберiлмеген хаттардың мәтіндері түскен күнделiктер, жазу кiтапшалары, естелiктер, корреспонденттерге жiберген жауап хаттары, мерзімді басылымдар зерттеледi, сонымен бiрге корреспонденттердiң және адресаттардың тектері анықталады. Әрі қарай iздестіру үшiн жоғалған және табылмаған хаттардың тiзiмдерi құрастырылады. 25. Зерттелетін құбылыстардың динамикасын көрсету үшін, статистикалық ақпараттарды айқындау, жарияланым қамтитын барлық хронологиялық кезең бойында жүргізіледі. Бірінші кезекте ресми жарияланымдардағы статистикалық дереккөздердің құжаттары және статистикалық ақпаратты пайдаланатын басылымдардағы құжаттар айқындалады. Архивтерде жариялау кезінде салыстырмалы мәліметтер қолда болу мүмкіндігі ескеріліп статистикалық құжаттардың ақырғы мәтіндері айқындалады. Бұл үшін статистикалық құжаттармен танысу кезінде: статистикалық мәліметтерді зерттеу және әзірлеу әдістерінің; байқау сәтінің; байқау бірліктерінің; статистикалық тексеру аумағының; статистикалық тексеруді өткізу уақытының бірлігіне назар аударылады. 26. Картографиялық құжаттарды айқындау кезінде екі жағдай ерекшеленеді: карта – зерттеудің негізгі нысаны; карта – көмекші құжат. Айқындау картографиялық құжаттарға (каталогтар, анықтамалар, графикалық және тақырыптық коллекциялардың сипаттамасы, қорлар), ғылыми-анықтамалық аппаратты зерттеуден басталады. Картографиялық құжаттарды айқындау оларды ұйымдастырудың түріне тәуелді болады: коллекцияларда тізімдеменің негізінде істердің барлық жиынтығы анықталады; қорларда, ғылыми-анықтамалық аппараттың ерекшелігіне байланысты, бастапқысында қарап шығу үшін істердің жиынтығы анықталады, содан кейін картографиялық құжаттардың өзі айқындалады. 27. Әскери құжаттарды айқындаған кезде әскери аппараттың барлық звеноларының қатаң дәйекті бағыну жүйесін ескеру қажет. Бір штабтың жетіспейтін құжаттары қор құрушыдан бір-екі саты жоғары немесе төмен тұратын штабтардың қорларында, сонымен бірге әскери іс-қимыл журналдарында, вахталық және радиотелеграфтық журналдарда, кіріс және шығыс құжаттар журналдарында, күндері және шығыс нөмірлері көрсетілген құжаттар немесе олардың баяндамалары келтірілген тарихи формулярларда айқындалады. Сонымен бірге өңірге және болған оқиғаның кезеңіне, әскери құжаттарды құрастырған кезде пайдаланылған картаның масштабына сәйкес келетін картографиялық дереккөздер айқындалады. Тікелей сым арқылы сөйлесулердің жазбаларын айқындау кезінде, сөйлесуді қайта басып шығарғанда техникалық қателіктер болуына байланысты, сөйлескен екі жақтың қорларынан іздеу жүргізіледі. Бұл тәсіл байланыс құралдары арқылы жіберілген құжаттарға да қатысты. 28. Ғылыми-техникалық құжаттарды (бұдан әрі – ҒТҚ) айқындау, әртүрлі хронологиялық кезеңдерде құжаттардың құрамын нысандарды (бұйымдарды) әзірлеу сатылары бойынша есепке ала отырып, сондай-ақ басқару құжаттары мен техникалық әдебиеттер бойынша жүргізіледі. Қорытынды, жалпылама ақпараты бар құжаттарға ерекше көңіл аудару керек. Жобалау құжаттарында бұл: бас жоспар, жобаға түсініктеме жазба, жобалауға техникалық шарттар, қасбеттің сызбалары, жобаның төлқұжаты; конструкторлық құжаттарда: техникалық жобаға есептеулер және түсініктеме жазба, материалдарды дайындауға техникалық шарттар, жалпы көріністің сызбалары, материалдар үлгілерін сынау жөніндегі құжаттар; ғылыми-зерттеу құжаттарында: аяқталған ғылыми-зерттеу, тәжірибе-конструкторлық, тәжірибе-технологиялық жұмыстар бойынша есептер, техника-экономикалық негіздемелер (баяндамалар); технологиялық құжаттарда: маршруттық карталар, негізгі технологиялық процестің картасы. 29. Дыбыс-бейнелік құжаттарды айқындау іріктелген (деректі жинақтарда, монографияларда, мерзімді басылымдардағы жарияланымдарда) және толық (тақырыбы бейнелеу тілінің және дыбыс публицистикасының, құралдарымен ашылатын басылымдарда) түрде болады. Дыбыс-бейнелік құжаттарды айқындау, бірінші кезекте, арнаулы архивтерде, одан кейін дыбыс-бейнелік құжаттармен толықтырылатын және олар қорлар немесе коллекцияларының құрамында бар болатын жалпы бағдардағы архивтерде, және құжаттардың бұл түрлері жасалынатын мекемелерде, атап айтқанда бұқаралық ақпарат құралдары мекемелерінде жүзеге асырылады. Мәтіндік ілеспе құжаттаманы айқындау және айқындаудың қосымша дереккөздерін анықтау үшін әртүрлі уақыттарда бұқаралық ақпарат құралдарына басшылық жасаған мекемелер мен ұйымдардың қорлары және ақпараттық-анықтамалық басылымдарға (фильмографиялық, дискографиялық, фильмдер мен грампластинкалардың каталогтары, радио және телехабарлардың жарияланған және жарияланбаған (диспетчерлік) бағдарламалары) зерттеледі.»; 30-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «30. Әрбiр айқындалған құжатқа тақырыптық немесе атаулы карточка жасалады. Сипаттау деректемелерінің құрамы Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10127 болып тіркелген Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2014 жылғы 22 желтоқсандағы № 145 бұйрығымен бекітілген Ұлттық мұрағат қорының құжаттарын, басқа мұрағаттық құжаттарды мемлекеттiк және арнаулы мемлекеттiк мұрағаттарда толықтыруы, сақтауы, есепке алуы және пайдалануы ережелерiнің 373 және 376-тармақтарында баяндалған. Құжаттарды айқындаған кезде, әсіресе басылым тақырыбы бойынша жарияланған деректер мен әдебиеттерді зерттеуге байланысты алдын-ала жұмыс жүргізу кезінде жарияланған құжаттар картотекасын (1-қосымша) және тақырып бойынша әдебиеттерде атап өтілетін фактілердің картотекасын (2-қосымша) жүргізген мақсатқа сай келеді.»; 41-тармақтың үшінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын, орыс тіліндегі мәтін өзгермейді: «Архивтерде айқындалған мерзімді баспасөздегі өз мәліметтерінің түпнұсқасы болған жағдайда мәтіндерді салыстыру қажет. Басылымға мерзімді баспасөзде жарияланған мәтін қосылады.»; 46-тармақ мынадай редакцияда жазылсын, орыс тіліндегі мәтін өзгермейді: «46. Әр қор бойынша ғылыми басылымдар үшiн құжаттарды iрiктеген кезде жарияланатын қордың немесе оның бөлiгiнiң құжаттарының құрамының барынша толық болуын қамтамасыз ету қажет, ол үшін қор құрушының қызметi бойынша басқа қорлардан және архивтерден табылған құжаттар таңдап алынады. Бұл ретте құжаттың жарияланатын қорға жататындығын анықтауға ерекше көңiл бөлiнедi. Игерілген, бұрын жарияланған, қайталанатын ақпараты және болмашы маңызы бар, мәлiмет үшiн жiберiлген құжаттар мәтiнге қосылмайды, ғылыми-анықтамалық аппаратта (ескертпелерде, тiзбелерде, кестелерде) пайдаланылады.»; 56-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын, орыс тіліндегі мәтін өзгермейді: «56. Басылатын құжаттың негізгі мәтінін таңдағанда осы құжаттың архивтерде қолжазба немесе машинамен басылған түрдегі (алғашқы және таза жазылған төлнұсқалар, тізімдер, екінші даналар, куәландырылған және куәландырылмаған көшірмелер) немесе әртүрлі техникалық құралдармен (гектограф, микросуреткөшірмелер, цифрлық көшірмелер) жүзеге асырылған, сонымен бірге баспа басылымдарында (деректі түзетімді бедерлер алғашқы толық және дәл жариялау шартымен газеттерде, журналдарда, монографияларда және жинақтарда) сақталған дербес мағынасы бар мәтіндер дереккөздер ретінде пайдаланылады.»; 61-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын, орыс тіліндегі мәтін өзгермейді: «61. Дипломатиялық құжаттар ресми басылымдар бойынша, ал олар болмаған жағдайда – төлнұсқасы бойынша және қол қойылған немесе бекiтiлген мәтiн бойынша жарияланады. Басылымның мiндеттерiне байланысты мұндай құжаттардың мәтiндерi құжатқа қол қойған барлық мемлекеттердің тiлдерiнде немесе құжаттың мәтiнi қай тілде және қай архивте бар екендігін легендада көрсете отырып бiр тiлде жарияланады.»; 64-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «64. Стенограммаларды басып шығару кезінде таңдау мүмкіндігі болған жағдайда бастапқы құжаттың мазмұнын өзгертпеу шартымен, автор түзеткен және куәландырған мәтін таңдалады. Стенограмманың авторландырылған мәтіндері болмаған жағдайда, мәтіндік ескертпелерде тиісті негіздері бар түзетілмеген мәтіндер жарияланады.»; 70-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «70. Ғылыми түрдегі басылымда құжаттың негізгі мәтінін жариялаған кезде мәтіндік ескертпелерде археографтың иелігінде бар осы құжат мәтінінің дереккөздерінің барлық мағыналық және редакциялық әртүрлі оқылулары келтіріледі.»; 71-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын: «71. Жекелеген сөздер мен сөйлемдерді қосу құжат мәтінінің тиісті жерінде жүзеге асырылады және мәтіндік ескертпелерде ескертіледі. Ғылыми типтегі басылымдарда мәтіндік ескертпелерде бір құжатта әртүрлі сиялармен немесе қарындашпен жазылған кірістірмелер ескертіледі, болған жағдайда кірістірменің авторы көрсетіледі.»; 74-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын: «74. Құжат авторының жолма-жолғы ескертпелеріне жақшада мыналар қосылады: (Автордың еск.), (Құжат. еск.), ал құрастырушының (жариялаушының) ескертпелеріне – (Құраст. еск.)»; 79-тармақ мынадай редакцияда жазылсын, орыс тіліндегі мәтін өзгермейді: «79. ХVІ-ХVІІ ғасырлардағы құжаттардағы растаулар мәтіні мен белгілер, құжаттардың негізгі мәтінін беру ережесі бойынша олардың жазылуының хронологиялық ретімен беріледі.»; 93-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын, орыс тіліндегі мәтін өзгермейді: «Жоқ болған немесе сөздермен белгіленген тыныс белгілері мәтінде қойылады. Қызметтік белгілер (күнін белгілеу, жіберілген орны және нөмірді алу) құжаттың тақырыбында және мәтіндік ескертпелерде пайдаланылады.»; 100-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «100. Септік жалғаулар күндерді белгілеген кезде сан айсыз немесе ай соңынан кейін берілген жағдайлардан басқа уақытта сақталмайды.»; 146-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын: «146. Мәтінді қысқартып берумен қатар мақсаты басылымның аз көлемінде ғылыми айналымға дереккөздердің барынша кең көлемін енгізу болып табылатын құжаттардың мазмұнын қысқартып беру мүмкін (регесттер, аннотациялар, кестелер). Құжат мазмұнын қысқартып беруді қолданудың мақсатқа сай келетіндігі басылымның сипатымен, мақсаттарымен, мiндеттерiмен және тақырыбымен анықталады. Мазмұнын қысқартып беру тәсiлдерiн қолдану туралы мәселе құжаттарды айқындау және таңдау мәселесiмен, сонымен бiрге оларды қайталап жариялаумен тығыз байланыста қаралады. Регесттер, аннотациялар және таблицалар жарияланатын құжаттармен үйлесе отырып тақырыпты барынша толық түсiндiруді, тек құжаттарда бейнеленген типтiк оқиғалар мен фактiлердi ғана емес, сонымен бiрге детальдарды салыстыруды қамтамасыз етеді.»; 148-тармаққа орыс тілінде өзгеріс енгізіледі, қазақ тіліндегі мәтін өзгермейді; 161-тармақ мынадай редакцияда жазылсын, орыс тіліндегі мәтін өзгермейді: «161. Басып шығарылған кезде әрбір құжаттың мәтініне құжатқа жалпы сипаттама беретін редакциялық тақырып қойылады. Тақырыпта құжаттың реттік нөмірі, түрі, авторы, мекенжайы, қысқаша мағынасы, құжаттың күні, құжатта көрсетілген жағдайда іс жүргізу нөмірі, жазылған орны көрсетіледі. Ғылыми түрдегі басылымдарда тақырыптарға жоғарыда көрсетiлген элементтердiң барлығын қосады. Тақырыптың құжатта болмаған элементтерi құжаттарға деректанушылық талдау жасау және қосымша дереккөздерін тарту арқылы анықталады және төрт бұрышты жақшаға алынады. Тақырыптың археографпен анықталған элементтерiнiң негiздемелерi мәтiндiк ескертпелерде ақпараттың дереккөздерін көрсете отырып келтiрiледi. Тақырыптың анықталмаған элементтерi де мәтiндiк ескертпелерде түсiндiрiледi. Ғылыми-көпшілік және оқу басылымдарында, сондай-ақ құжаттардың мерзімді басылымдарында қысқаша және нақты формада тек қана құжаттың мазмұнын бейнелейтін газеттік атауларды құрастыруға болады. Мұндай жағдайда атау элементтері тақырыпшада немесе ескертпелерде келтіріледі. Ресми құжаттарға (декларацияларға, заңнамалық актілерге, қаулыларға, бұйрықтарға, өтініштерге) газеттік атаулар құрастыру мақсатқа сай келмейді.»; 167-тармақтың үшінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын, орыс тіліндегі мәтін өзгермейді: «Бірқатар хаттарға топтық тақырып болған жағдайда әрбір хаттың тақырыбында тек құжаттың нөмірі мен күні көрсетіледі. Құжаттарды археографиялық рәсімдеудің бұл ерекшеліктері алғысөздің археографиялық бөлігінде ескертіледі.»; 168-тармақ мынадай редакцияда жазылсын, орыс тіліндегі мәтін өзгермейді: «168. Құжаттың өз тақырыбы толығымен немесе ішінара редакциялық тақырыпта қолданылады. Декреттердің, қаулылардың, жарғылардың, ережелердің, регламенттердің, нұсқаулықтардың, тезистердің, директивалардың, циркулярлардың, нормативтік құқықтық актілердің, сондай-ақ үндеулердің, өтініштердің, парақшалардың және авторлық шығармалардың өзіндік тақырыптары оның құжат мәтінінде жазылуына қарамастан редакциялық атауда келтіріледі. Олардың түсініктемелері (бекіту уақыты, жарияланған құжат хабарланған немесе енгізілген құқықтық құжат туралы мәліметтер, хабарланған орны) мәтіндік ескертпелерде келтіріледі.»; 171-тармақ мынадай редакцияда жазылсын, орыс тіліндегі мәтін өзгермейді: «171. Егер толығымен басқа құжаттың құрамына енген құжат жарияланса, тақырып жарияланатын құжатқа құрылады, ал ол құрамына енген құжаттың атауы жолма-жол ескертпелерде беріледі. Сілтеме белгісі тақырыпқа қойылады. Нүктелер құжат мәтінінің не басында не аяғында қойылмайды.»; 185-тармақтың үшінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын, орыс тіліндегі мәтін өзгермейді: «Төменгі звенолардан жіберілген (жедел мәлімет, барлау мәліметі, саяси ақпар, ақпараттық бюллетень, мәліметтердің жиынтығы және тағы сол сияқты) бастапқы ақпарат негізінде құрастырылған және көптеген мекемелерге және бөлімдерге таратылатын есептік-ақпараттық сипаттағы әскери құжаттар тақырыбында жалпылама құжат шыққан мекеме, әскери бірлестік штабы көрсетіледі. Құжатқа қол қойған тұлғаның лауазымы және тегі, сондай-ақ адресаты тақырыпқа енгізілмейді. Қажет болған жағдайда мұндай мәліметтер мәтіндік ескертпелерде көрсетіледі. Бұл ерекшеліктер археографиялық алғысөзде белгіленеді.»; 196-тармақ мынадай редакцияда жазылсын, орыс тіліндегі мәтін өзгермейді: «196. Құжатта күні көрсетілмеген жағдайда оны археограф деректанулық талдау негізінде: мазмұны бойынша, дереккөздерді тарту, жауап хат бойынша, қабылдау және жіберу уақыты бойынша, пошта штемпелі және тағы басқалары бойынша белгілейді. Құжат күнін дәлме-дәл анықтай алмаған жағдайда күні шамалап көрсетіледі: «ерте», «ерте емес», «кеш», «кеш емес», «жуық (шамамен)», «ерте емес – кеш емес». Күнін белгілеудің негіздемесі мәтіндік ескертпеде келтіріледі, кейде күнді анықтау үшін пайдаланылған құжаттардың іздестіру мәліметтерін көрсете отырып, мазмұны бойынша ескертпелерде көрсетіледі. Құжаттың күні оның мазмұны бойынша белгіленген кезде ескертпеде мазмұнда оған нақты ненің себеп болғандығын көрсету керек. Күні қойылмаған парақшалар олардың таратылу уақыты бойынша немесе тиісті органдар тапқан күнімен белгіленеді.»; 200-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «200. Іздестіру мәліметтерінде жарияланып отырған құжат мәтіні дереккөзінің орналасқан орны көрсетіледі: 1) архивтік құжаттар үшін архив (музей, кітапхана, мекеме) атауы және онда қабылданған шифрлар жүйесі (қордың нөмірі немесе атауы, тізімдеменің, істің, парақтардың нөмірі). Легендада тек қорлардың нөмірлері көрсетілген жағдайда олардың ғылыми типтегі басылымдардғы толық атауы пайдаланылған қорлар тізбесінде, ал ол болмаған кеде археографиялық алғысөзде беріледі. Шетелдік архивтерде сақталатын құжаттарды жариялаған кезде легендада осы архивте қабылданған шифр көрсетіледі; 2) мерзімді басылымдар бойынша жарияланатын құжаттар мен материалдар үшін баспа органының атауы және шығару мәліметтері – басылымның орны, жылы (газеттер үшін – күні), нөмірі мен беттері, сондай-ақ басқа да ерекшеліктері, мәселен бірінші, екінші, жедел, кешкі шығарылымы және тағы басқалары көрсетіледі. Егер басылымның жарық көрген орны басылымның атауында болса (мысалы: «Алматы ақшамы») немесе мазмұны бойынша ескертпелерде немесе пайдаланылған мерзiмдiк басылымдар тiзбесiнде көрсетiлсе, онда ол легендада көрсетілмейді. Мерзiмдi басылым құрылтайшысының немесе меншiк иесiнiң органы болып табылатыны туралы нұсқау пайдаланылған мерзiмдiк басылымдар тiзбесiнде немесе мазмұны бойынша ескертпелерде көрсетiледi. Құжат мәтінін архив ісінде сақтаулы газет данасы бойынша жариялаған кезде, бұл басылым сирек кездесетін болып табылса, газет мәліметтерімен қатар іс шифры да көрсетіледі; 3) мәтіні өзіне дейінгі жарияланым бойынша басылып отырған құжаттар үшін легендада оның атауы, шығу деректері және жарияланып отырған мәтіннің қай беттерде екені көрсетіледі; 4) микрокөшірмелер, микрофильмдер немесе фотокөшірмелер бойынша жарияланатын құжаттар үшін бұл көшірменің іздестіру деректері және түпнұсқаның, шетелдік архивтерді де қоса іздестіру деректері көрсетіледі; 5) жеке меншік архивтер мен коллекциялардан жарияланатын құжаттар үшін легендада архив иесінің атауы немесе тегі көрсетіледі.»; 201-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын, орыс тіліндегі мәтін өзгермейді: «201. Легендада құжаттың соңғы не алғашқы қолжазба, төлнұсқа, екінші дана, куәландырылған көшірме, көшірме екендігі көрсетіледі. Көшірмені жариялау кезінде, белгілі болған жағдайда, төлнұсқаға жақындығы көрсетілуге тиіс: көшірменің көшірмесі, куәландырылған көшірменің көшірмесі.»; 202-тармақ мынадай редакцияда жазылсын, орыс тіліндегі мәтін өзгермейді: «202. Басылымда бірнеше тілдегі құжат мәтіндерін жариялаған кезде басқа тілдегі құжаттар легендаларында іздестіру деректерінен кейін төлнұсқаның тілі көрсетіледі. Төлнұсқамен бір уақытта жасалған аударма жарияланса, бұл да легендада көрсетіледі. Төлнұсқасыз жарияланып отырған басқа тілдегі құжаттарды аудару барысында төлнұсқа тілі легендада көрсетіледі. Ғылыми басылымдарда легендада қорда бар барлық аудармалардың, оның ішінде жарияланбайтындардың шифрлары көрсетіледі.»; 204-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «204. Материал, формат және парақтар саны, мөртаңбалар мен сәуле белгілерінің болуы, сақталу дәрежесі ерте заманғы (ХVІІІ ғасырға дейінгі) құжаттарды және бейресми құжаттарды жариялау кезінде ғылыми типтегі басылымдарда көрсетіледі. Басқа құжаттарды жариялау барысында тек сыртқы ерекше белгілері, мәселен, ерекше материалы (пергамент, қабық, мата, тұсқағаз және сол сияқты) немесе авторы мен құжаттың күнін анықтау қажет болғанда пайдаланылған белгілер көрсетіледі. Мөртаңбаны сипаттауда оның материалы, пішіні, суреті, жазбасы және орналасқан орны көрсетіледі. Жаңа және қазіргі заман құжаттарында тек тарихи маңызы болған жағдайда ғана мөртаңбаның бар екендігі көрсетіліп, сипаттамасы беріледі. Өтініштердің елтаңбалық қағазы немесе іс жүргізу құжаттарының бланкілері легендада көрсетілмейді. Форматы, өлшемі және парақтар саны (құжаттық есептеу кезінде) ерте кезеңдегі құжаттар, авторлық қолжазбалар, үгіт қағаздары үшін көрсетіледі. Сақталу дәрежесі құжат тозған немесе бүлінген кезде ғана көрсетіледі. Бүлінуді сипаттау толықтығы құжаттың сипаты мен маңызына байланысты болады.»; 205, 206, 207, 208 және 209-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын, орыс тіліндегі мәтін өзгермейді: «205. Ғылыми типтегі басылымдарда құжаттың барлық алдыңғы жарияланымдарын көрсету мүмкін болмаған жағдайда, бірінші немесе барынша дәл және толық жарияланым және кейінгі, жарияланған мәтінмен әртүрлі оқылатын жарияланымдар көрсетіледі. Ғылыми-көпшілік басылымдарда әдетте тек бірінші жарияланым немесе барынша белгілі және ғылыми айналымға тұрақты енгендер ғана көрсетіледі. Ертерек жарияланған құжаттардың саны көп болған жағдайда бұл факт алғысөзде ескертіледі. Оқу басылымдарында құжаттар алғаш рет жарияланған жағдайда легендада «Алғаш жарияланып отыр» деп ескертіледі. Басылымдардың шет тіліндегі атаулары легендада түпнұсқа тілінде келтіріледі, сонымен бірге ғылыми басылымдарда қажет болған кезде алдыңғы жарияланымның толықтығы және сапасы көрсетіледі. 206. Жарияланымдағы әрбір картографиялық құжаттың легендасы болады, онда мынадай мәліметтер болады: масштабы; құжаттың тілін көрсету (шет тілдегі құжаттар үшін); парақтар саны, картографиялық кескіндеменің өлшемі және көшірмелеу кезінде кішірею (ұлғаю) дәрежесін белгілеу; түпнұсқаны қайта басып шығару әдісі (қолжазбалық, басылған); деректің түпнұсқалылығы немесе көшірмелілігі (қолжазбалық құжаттар үшін); басылым әдісі: гравюра, литография (басылғандар үшін); әлем елдері бойынша бағдар (егер қазіргі заманғыға ұқсамаса); бояуы; материалы (қағаздан ерекшеленетін); құжаттың іздеу мәліметтері (шифр); құжаттың алдыңғы жарияланымдары; құжаттың сыртқы ерекшеліктері. 207. Графикалық құжаттардың легендасы мәтiндiк құжаттардың легендасындағы сияқты элементтерден тұрады. Басылымның түрiне байланысты ол сызбалар (суреттер) тiзiмiнде келтiрiледі немесе құжаттың атауынан кейiн орналастырылады. 208. Археографиялық алғысөзде қайталанатын біртекті элементтерді көрсету есебінен (бір архивтің немесе қордың құжаттарын жариялау кезінде – архивтің, қордың аталуы, төлнұсқалығы, қайта басып шығару тәсілдері) легенда қысқартылады. 209. Легенда құжаттың мәтiнiнен кейiн орналасады. Ғылыми типтегi басылымдарда легенда құжаттың тақырыбынан кейiн орналастырылады. Шығармашылық және өмiрбаяндық материалдардың басылымдарында, сонымен бiрге мерзiмдi баспасөзде және жалғасатын басылымдарда бiрiншi басылымға бақылау-анықтамалық мәлiметтер мен сілтемелер алғысөзде, тараулардың кiрiспесiнде және томның немесе тараудың соңындағы ескертпелерде орналастырылады. Төлнұсқа тіліндегі құжаттарды аудармасымен жариялағанда легенда өзге тілдегі мәтіннен кейін орналастырылады. Легендаларда жалпы қабылданған және осы басылым үшін белгіленген қысқартулар қолданылады.»; 212-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын, орыс тіліндегі мәтін өзгермейді: «Ғылыми-көпшілік және оқу басылымдарында кино, бейне, фотоскриптерді (ұран, транспаранттар, маңдайшалар, афишалар мәтіндері, көше сағатының көрсеткіштері, матрос бас киіміндегі кеме атауы) жеткізе білу аса маңызды, себебі бұл кино, бейне, фотоқұжаттың толық әрі нақты жеткізілуіне, оның эмоционалды қабылдануына көмектеседі.»; 213-тармақ мынадай редакцияда жазылсын, орыс тіліндегі мәтін өзгермейді: «213. Басылымдардың барлық типтерінде фотоқұжаттың автор берген атауын өзгертпей қолданып, оны ғылыми сипаттамаға кіргізу керек немесе ғылыми-анықтамалық аппаратта ескеру қажет.»; 215-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын: «Тақырыпты құруға қажетті мәліметтер мәтіндік ілеспе құжаттаманың есептік құжаттарымен, түпнұсқалардың сыртқы атрибуттарымен және фоноқұжаттардың мазмұнымен анықталады. Жоқ мәліметтерді айқындау үшін архивтік құжаттарға, анықтамалықтарға, әдебиеттерге, мемуарларға тікелей авторларға және фоноқұжатта бейнеленген оқиғалардың қатысушыларына жүгіну қажет.»; 226-тармақтың үшінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын, орыс тіліндегі мәтін өзгермейді: «Уақыты белгіленген архивтік құжаттар бойынша дайындалған статистикалық кестелер уақыты осы құжаттардың шеткі даталары бойынша белгіленеді және бірінші күні бойынша орналасады.»; 230-тармақ мынадай редакцияда жазылсын, орыс тіліндегі мәтін өзгермейді: «230. Құжаттардың әрбір басылымына ғылыми-анықтамалық аппарат жасалады. Ғылыми типтегі басылымның ғылыми-анықтамалық аппаратының негізгі міндеті – зерттеушіге жарияланған және айқындалған дереккөздер туралы барлық мәліметтерді хабарлау. Ғылыми-көпшілік және оқу типтеріндегі басылымдардың ғылыми-анықтамалық аппаратының міндеті жарияланатын құжаттардың мазмұнын түсіндіру, сондай-ақ оқырмандардың білімін кеңейту үшін қосымша мәліметтер беру.»; 237-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын, орыс тіліндегі мәтін өзгермейді: «237. Ғылыми типтегі сериялы басылымдардағы алғысөздер толығымен серияға және әрбір томға жасалады. Серияға жалпы алғысөз мыналарды қамтиды: басылымның міндеттері мен мақсаттарын анықтау; басылым тақырыбының негіздемесі; құжаттар айқындалған архивтерді түгендеу; серия құрылымының жоспары; осы басылымды дайындау ерекшеліктерін баяндау; басу үшін құжаттарды іріктеудің жалпы принциптерінің негіздемесі; ғылыми-анықтамалық аппараттың, оны құру тәсілдері мен дереккөздерінің сипаттамасы; басылымды дайындауға қатысқан мекемелерді түгендеу.»; 239-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын, орыс тіліндегі мәтін өзгермейді: «Серия мен томның алғысөздерінде бұл мәселелер қаралмайды.»; 243-тармақ мынадай редакцияда жазылсын, орыс тіліндегі мәтін өзгермейді: «243. Мәтіндік ескертпелерде құжат мәтініне берілген сын нәтижелері көрініс табады. Мәтіндік ескертпелерде: мәтіннің тарихы баяндалады; бірнеше дереккөздер бар болғанда мәтіннің таңдалуы негізделеді (егер бұл алғысөзде жасалмаған болса); әртүрлі оқылулар келтіріледі; авторы, мекенжайы, орны мен күні, дереккөзі белгіленуі негізделеді; мәтіннің ақаулары (мағыналық бұрмалау, мәтінде түсіп қалған жерлері, оқылмаған жерлері, мәтіннің бүлінуі) және ерекшеліктері (астын сызу, жаңылыс жазу) түсіндіріледі; құжаттар ас