• RUB:
    5.06
  • USD:
    486.44
  • EUR:
    534.31
Басты сайтқа өту
07 Қазан, 2016

Ауыл шаруашылығы кооперативінің пайдасы қандай?

454 рет
көрсетілді

Елiмiздiң даму стратегиясын айқындайтын бағдарлама қабылдау барысында Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 29 қазандағы №372-V Заңына сәйкес ауыл шаруашылығы кооперативтерiн құру көзделген болатын. Ауыл шаруашылығы кооперативi дегенiмiз не? Бұл көптеген кәсiпкердiң ойында жүрген күрделi сұрақ. Жалпы, кооперация сөзiнiң мағы­насы ауыл шаруашылығы тауарын өндiрушiлердiң экономикалық тұрғы­дан iрiленуiн бiлдiредi. Фермерлердiң бiрiгуiнiң арқасында еңбек өнiмдiлiгi артады, нарықта өнiм тапшылы­ғы азайып, баға тұрақталады. Iрiленген шаруа қожалықтарына мемлекет тарапынан берiлетiн түрлi жеңiлдiктерге қол жеткiзу оңайға түседi. Фермерлердi кооперативтерге бiрiгуге ынталандыру мақсатында Ауыл шаруашылығы ми­нистрлiгi агроөнеркәсiп кешендерiне төленетiн субсидия нормативтерiн жо­ға­рылатудың механизмдерiн қайта қарастырады. Шаруа қожалықтары коо­перативтерге бiрiксе, пайдаланылмай жатқан егiстiк жерлер игерiлiп, өнiм түсiмдiлiгi артып, егiн шаруашылығы дами түсер едi. Ауыл шаруашылығы коо­пе­ра­тивтерiнiң қауымдастығы өз мү­­ше­­лерiнiң қызметiн үйлестiрудi және олардың ортақ мүлiктiк және өзге де мүдделерiн қорғауды қамтамасыз етедi. Ол ауыл шаруашылығы коопе­ра­тивтерiнiң ерiктi түрде бiрiгуi арқылы құрылады. Оның мүшесi жарғысында көзделген ақша түрiнде мүлiк жарнасын енгiзедi, сөйтiп сол бойынша дивидендтер алады. Өзi енгiзген мүлiк жарнасының құнына қарай тәуекелдерге барып, залалын көтередi. Кеңесшi дауысы болады. Бiр сөзбен айтқанда, кооператив мүшесi – жарғыға сәйкес құқықтары мен мiндеттерi белгiленген заңды немесе жеке тұлға. Ауыл шаруашылығы кооперация­сы кооперативтер мен олардың қауым­дастықтарының жүйесiн құрайды. Қа­уымдастық жүйе кооператив мүше­лерiнiң әлеуметтiк-экономикалық және басқа да қажеттiлiктерiн қанағат­­тан­дырады, кiрiстерiн арттырады. Ауыл шаруашылығы және балық өнiмдерiн өндiру, оларды қайта өңдеу мен өт­кiзу және сақтау, сондай-ақ қажеттi өндiрiс құралдарымен, материалдық-техникалық ресурстар­мен қамтамасыз етедi. Жабдық мәсе­лесiнде бәсекелестiк орта құрып, өнiмдi өндiрушiден тұты­нушыға тiкелей жеткiзiп берудi үйлес­тiредi. Кооператив мүшелерiнiң қажеттi ресурстарды тиiмдi шарттар бойынша сатып алуына, өндiрiстiк және өзге де шаруашылық қызмет түрлерiн қар­жыландыруға жәрдемдесiп, олардың мүдделерiн қорғайды. Сонымен бiрге, жанар-жағармай, тұқым, тыңайтқыш, гербицид, пестицид, ветеринарлық препараттар, жемшөп, ауыл шаруашылығы техникасы, технологиялық жабдықтар, қосалқы бөлшектер, құрылыс және ауыл шаруашылығы өндiрiсiне арналған өзге де iлеспе материалдарды алу жағынан көмектеседi. «Әдiлет органдары туралы» Заңға сәйкес заңды тұлғаларды мемлекеттiк тiркеу, филиалдар мен өкiлдiктердi есептiк тiркеу, сондай-ақ бизнес-сәй­­кестендiру нөмiрлерiнiң ұлттық тiзiлiмiн жүргiзудi әдiлет департамен­тi жүзеге асырады. Сондықтан ауыл шаруа­­шылығы кооперативiнiң заңды тұлға ретiнде жұмысы мемлекеттiк тiркеуге алынған сәттен басталады. Кооператив коммерциялық ұйым болғандықтан, жарғысында көрсетiлгендей, қызметтiң бiрнеше түрiмен айналысуға құқылы. Ол ке­мiн­де үш құрылтайшының шешiмi бойынша құрылады. Ережеге сәйкес, оған мүшелiкке кез келген азамат қа­был­дана алады. Мүлiк жарналарының мөлшерi мен санына қарамастан бiр мүше – бiр дауыс құқығына ие болады. Бүгiнде әлем экономикасы күр­делi жағдайды бастан өткерiп отыр. Түрлi дағдарыстарға тап болып, соның бәрiнен сүрiнбей өтудемiз. Бұл тәуел­сiз Қазақстанның экономикасы ед­ә­уiр қалыптасып қалғанын, өсу дина­микасының жылдан жылға артып отыр­­­ғанын көрсетедi. Мемлекетiмiз­дiң экономикалық тұрғыда иммунитетiнiң берiктiгiн байқатады. Түптiң түбiнде отандық тауар өн­­дiру­шiлер ел экономикасының локо­мотивi бола алатынына сенемiз, соларға арқа сүйеймiз. Бәсекеге қабiлеттi болу үшiн дамыған отыз елдiң қатарына енуге талпынып жат­қанымыз да сон­дықтан. Еуропалық одақ аясындағы қарым-қатынасты барынша нығайтып, Дүние­жүзiлiк сауда ұйымына мүше болып отырмыз. Бұл кәсiпкерлерден, мамандардан барынша жауапкершiлiк пен жинақылықты, нарықтық қатынастағы тұтынушылар сұранысын зерттеудi талап етедi. Сондықтан «Ауыл шаруашылығы кооперативтерi туралы» Заңды шаруа­лар өз пайдаларына жаратуы керек. Дағ­дарыс кезеңi етек-жеңiмiздi жинап, құлшыныспен еңбек ететiн сәт. Бұл қиындық, бiр жағынан, фермерлер үшiн үлкен мүмкiндiктер берiп отыр. Өйткенi, Оңтүстiктiң сапалы өнiмдерiне бүгiнде жан-жақтан сұраныс көп. Талғат ИСАҚОВ, Оңтүстік Қазақстан облысы аумақтық инспекциясының асыл тұқым жөнiндегi мемлекеттiк инспекторы