• RUB:
    5.06
  • USD:
    486.44
  • EUR:
    534.31
Басты сайтқа өту
07 Қазан, 2016

Сенаторлар Конгресс өкілдерімен кездесті

263 рет
көрсетілді

Қазақстан Республикасы Парламенті Сенаты Конституциялық заңнама, сот жүйесі және құқық қорғау органдары комитетінің төрағасы Серік Ақылбай Астанаға Индонезия Республикасы Халықтық консультативтік конгресінің (жоғары заң шығару органы) депутаты Бамбанг Садоно бастап келген парламенттік делегациямен кездесті. Кездесуді аша келіп, С.Ақылбай Индонезия біздің еліміздің маңызды саяси және экономикалық әріптесі болып табылатынын атап өтті. Сенатор меймандарды Қазақстанның саяси жүйесіндегі парламенттің рөлі туралы хабардар етті. Меймандардың өтініші бойынша жоғарғы палатаның депутаттары біздің еліміздегі конституциялық құрылыстың ерекшеліктері, билік тармақтарының өзара іс-қимылы, Мемлекет басшысы Н.Ә.Назарбаевтың бастамасы бойынша қабылданған «Мәңгілік Ел» патриоттық актісінің негізгі ережелері мен құндылықтары туралы әңгімеледі. Кездесуге қатысушылар екі мемлекет арасындағы бұдан былайғы парламентаралық ынтымақтастықтың келешегіне жоғары баға берді. Жүздесуге Сенаттың Консти­ту­ция­лық заңнама, сот жүйесі және құқық қорғау органдары комитетінің мүше­лері Люд­мила Полторабатько, Вла­ди­мир Боб­ров, Манап Көбенов, Марат Та­­ғы­мов және Рашид Түсіпбеков қа­тысты. «Егемен-ақпарат»