• RUB:
    5.06
  • USD:
    486.44
  • EUR:
    534.31
Басты сайтқа өту
11 Қазан, 2016

Ақмола облысының тұрғыны 107 жасқа келді

210 рет
көрсетілді

Ақмола облысындағы Аршалы ауылында тұратын Палагея Антипова 107 жасқа толған туған күнін атап өтпек. Оның бүгінде бес немересі, тоғыз шөбересі және бес неменесі бар, деп хабарлайды ҚазАқпарат. Ғасырда аса уақыт өмір сүрген қария Ресейдің Алтай өлкесіндегі Сыропятова елдімекенінде дүниеге келген. Ол үйде балалардың үлкені болғанын, балалық шағынан қиындықты көп көргенін айтады. Қазан төңкерісі, азамат соғысы және Ұлы Отан соғысы жылдарында ата-анасына көмектесіп, өзінен кейінгі 11 іні-қарындастарына қамқор болған. «Жастайымнан ерте есейіп, еңбекке ерте араластым. Тұрмысқа ерте шықтым, төрт баланы дүниеге әкелдім», - дейді Палагея Антипова Жылдар өте келе тұрмысы түзеліп, балалары ер жетіп ертеңгі күнге деген сенім пайда болады. Кеңес билігі қалыптасқан ұжымдастырудың ұртоқпағы артта қалды. Алайда 1941 жылы Ұлы Отан соғысы басталып кетіп, жұбайы Ефим Антипов қызыл армия қатарына шақырылады. Басынан мұң кетпеген әйел қайтадан тұрмыстың ауыр қамытын арқалауға мәжбүр болады. Ұжым тірлігіне белсене кіріскен қайратты әйел тракторшылардың курсын оқып, колхоздың темір тұлпарын тізгіндейді. Екі бірдей ұлын соғыс жалмаған Палагеяның күйеуі майданнан еліне аман есен оралыпты. Алайда соғыстан кейінгі жылдар да оңайға соқпаған. Кейін 1949 жылы Пелагея Ивановна отбасымен бірге Қазақстанға қоныс аударады. Алдымен балабақшаға күтуші болып жұмысқа кірген әйел, кейін ауыл кеңесінде еден жуушы, одан соң жергілікті фельдшерлік пункттің тазалықшысы болып жұмыс істейді. Жұбайы қайтыс болғаннан кейін балаларымен бірге бұрынғы Вишневка қазіргі Аршалы кентіне тұрақтаған. Қазір кейуана бес немере, тоғыз шөбере және бес немене сүйіп отырған ардақты ана. Аршалы ауданының әкімі Азамат Тайжанов аудан орталығында тұратын 107 жастағы қария, еңбек ардагері Палагея Антипованы үйіне барып, туған күнімен құттықтады. Алғыс хаты, бір шоқ гүлі мен сыйлықтарын арқалап келгенаудан әкімі Азамат Тайжанов қарияның өмірі мен еңбек жолы келешек жастар үшін үлгі-өнеге екенін атап өтті.