• RUB:
    4.98
  • USD:
    516.93
  • EUR:
    542.52
Басты сайтқа өту
01 Қараша, 2016

Қазақстанда жаңа сенім телефоны пайда болды

435 рет
көрсетілді

ҚР полицейлеріне шағым түсіруге болатын бірыңғай нөмір іске қосылды, деп хабарлайды egemen.kz «Алау» ақпараттық порталына сілтеме жасап. «ҚР Ішкі істер министрлігінің жүйесінде заңнаманың бұзылуы, соның ішінде қылмыстарды есепке алудан жасыру туралы «сенім телефондарына» келіп түсетін азаматтардың хабарламаларын қабылдаудың, тіркеудің, есепке алу мен оларды қараудың бірыңғай тәртібін енгізу мақсатында ІІМ-нің «1402» бірыңғай сенім телефоны іске қосылды. Ол ҚР аумағы бойынша жұмыс істейтін болады», - делінген Қостанай облыстық ІІД баспасөз қызметі таратқан хабарламада. Қазіргі уақытта аталмыш нөмірге стационарлық телефоннан, сондай-ақ Tele2 және Altel ұялы байланыс операторларының абоненттік нөмірлерінен тегін шақырту жасауға болады.