• RUB:
    5.05
  • USD:
    489.06
  • EUR:
    536.21
Басты сайтқа өту
04 Қараша, 2016

"Ақсауыт" бағдарламасы жаңа сипатпен шықпақ

777 рет
көрсетілді

«Қазақстан» ұлттық телеарнасының эфиріндегі «Ақсауыт» бағдарламасы көрерменге жаңа уақытта жүргізуші Жангелді Ғапбасовпен бірге жол тартпақ. Тележоба бұған дейін «Бүгін жексенбі» бағдарламасының айдары ретінде тұрақты беріліп келген. «Ақсауыт» танымдық бағдарламасында әскердің бүгінгі жағдайы мен күнделікті өмірі, олардың армиялық қызметке деген көзқарасы, сарбаздардың келісімшарт негізіндегі әскери қызметінің ерекшеліктері, шекаралық белдеудегі әскердің қызметі, қаруландыру мәселелері мен әскери техникалар туралы тың жаңалықтар қамтылған. Жастарға әскери-патриоттық тәлім-тәрбие  беру -  еліміздің бекем қорғаныс қабілетінің кепілі. Сондықтан Ұлттық арна әскери бөлімдер мен әскери білім беру мекемелерінде салалық мамандарды даярлау жайлы хронологиялық сюжеттер арқылы ҚР Қарулы күштерінің Тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктерін кеңінен насихаттамақ. «Ақсауыт» бағдарламасы әр жексенбі сайын сағат 09:05-де эфирге шығады.