• RUB:
    5.05
  • USD:
    489.06
  • EUR:
    536.21
Басты сайтқа өту
04 Қараша, 2016

Бейжің ауруханасы алданған қазақстандықтарға өтемақы төлемек

304 рет
көрсетілді

Бейжіңдегі Лимин ауруханасы алданған қазақстандық ата-аналарға өтемақы төлейтін болды, деп хабарлайды egemen.kz "Хабар 24" арнасына сілтеме жасап. Қытайлық емхананың өкілдері Гуанчжоу қаласында зардап шеккен 13 отбасының өкілдерімен келіссөздер жүргізгенде ақшаны қайтарып береміз деп уәде берген. Кездесуге зардап шеккен ата-аналардың ішінен Тойбек Жалғасбаев пен Зәуре Молдабаева және «Сезімтал» қоғамдық қорының үйлестірушісі Сұңқар Нұрмағамбетов барған. 4 сағаттан астам уақытқа созылған кезіссөздерден кейін тараптар мәселені бейбіт жолмен шешуді ұйғарған. Келісім бойынша Лимин ауруханасы 20 күннің ішінде құжатта көрсетілген барлық шығындарды толығымен өтеп бермек. «Келісімге бүгін қол қойды. Төлемді ең көп дегенде бір айда жібереді», - дейді «Сезімтал» қоғамдық қорының үйлестірушісі Сұңқар Нұрмағамбетов. Естеріңізге салайық, былтыр сал ауруына шалдыққан балалары бар 13 отбасы ем іздеп, қыруар қаржы төлеп, Лимин ауруханасына барады. Қытайлық дәрігерлер соңғы үлгідегі 3S жүйкені бұғаттау әдісімен емдейміз деп, бұлшық ет құрысуын уақытша басатын ботокс егіп қоя берген. Ал бұл процедура Қазақстанда сал ауруына шалдыққан балаларға тегін салынады. "Қазіргі таңда 13 ата-ана Қазақстанның бүкіл аумағынан болып тұр. Оралдан жас отбасы, олардың егіз балалары бар. Атырау қаласынан, Жаңаөзеннен, ОҚО Мақтарал ауданынан, Алматы қаласынан төртеу, Қарағанды және Астана қаласынан біреу осы шипаны алу үшін көптеген шығынға батты. Мысалы, жас ата-аналар несие де алған, соңғы мүлкін сатқандар да болды. Жерін сатқандар болды. Кейбіреулер ағайын-туыстың жинаған ақшасына, қайырымдылық ақшаға келді", - дейді ата-аналардың өкілі Тойбек Жалғасбаев.