• RUB:
    5.05
  • USD:
    489.06
  • EUR:
    536.21
Басты сайтқа өту
04 Қараша, 2016

Алматы әуежайынан адамдар эвакуацияланды

276 рет
көрсетілді

Алматы халықаралық әуежайында жарылғыш зат туралы жалған ақпарат себебінен адамдар эвакуацияланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат. «4 қараша күні 102 пультіне сағат 11-ден 25 минут кеткенде белгісіз біреу әуежай аумағында бомба бар екенін хабарлады. Аталған хабарлама әуежай басшылығы мен қауіпсіздік қызметіне, ТЖД, полиция және құзырлы органдарға хабарланды. Осыдан кейін көп кідіртпей әуежайдағы адамдарды эвакуациялау басталды. Сағат 11-49-да жолаушыларды ресімдеу, әуе кемелеріне жүктерді тиеу жұмыстары қалпына келтірілді. Бомба туралы хабарламаның жалған екені анықталды», - деді ҚазАқпарат тілшісіне әуежай баспасөз қызметінен. Қазіргі уақытта Алматы халықаралық әуежайы өз жұмысын жалғастыруда. Құқық қорғау органдары аталған факт бойынша тергеу жұмыстарын бастады. Әуежай басшылығы жүйе жұмысына келтірілген шығынды есептеп жатыр.