• RUB:
    5.05
  • USD:
    489.06
  • EUR:
    536.21
Басты сайтқа өту
07 Қараша, 2016

Түркістан ауылдары Тәуелсіздіктің 25 жылдығына бәйге өткізді

483 рет
көрсетілді

Ел Тәуелсіздігінің 25 жылдық мерекесі өңірлерде айтулы шаралармен өтуде. Игі шаралардан Түркістан маңындағы ауылдық округтері де шет қалмауда, деп хабарлайды Түркістан қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі. Ұлттық спорт түрлерін Тәуелсіздік мерекесімен тұспа-тұс өткізу де шара көркін қыздыра түсуде. Осындай үрдіс Жаңа Иқан ауылында көкпар мен бәйгеден өткен ұлттық спорт ойындарымен жалғасты. Аталмыш шара ауыл әкімдігі мен демеушілердің қолдауымен өтті. Дүбірлі тойда көкпар салымында түйеден бастап төрт түліктің бәрі болды. Төрт шақырымдық бәйге де жиылған жұрттың делебесін қоздырумен болды. Жүлдегерлері ақшалай сыйлықтармен марапатталып, ұлттық ойынымызды тамашалауға келген жұртшылыққа арнайы ас та берілді. «Бүгінгі Тәуелсіздіктің 25 жылдық мерекесіне өткізіліп жатқан ұлттық спорттық ойындарымыз ауылдың көркін ажарландырып жіберді. Осындай шаралар тек біздің ауылымызда ғана емес, өзге ауылдарда да жалғасын тапса игі. Даланың иісін сағынған жандарға бұл ойындар өте керемет әсер берді деп ойлаймыз»,-дейді шараға келген ауыл ақсақалдары. Сондай-ақ мерекелік аста Түркістан қаласының бас имамы О.Елеуов ата-баба рухтарына құран бағыштады.