• RUB:
    5.05
  • USD:
    489.06
  • EUR:
    536.21
Басты сайтқа өту
07 Қараша, 2016

Қарағандыға көше тазалайтын техника берілді

274 рет
көрсетілді

Облыс орталығының көшелерін тазарту үшін жаңа  арнайы техникалардың кілтін Қарағанды облысының әкімі Нұрмұхамбет Әбдібеков табыстады, деп хабарлады egemen.kz өңір басшысының баспасөз қызметіне сілтеме жасап. «Арнайы техникаларды сатып алуға облыстық бюджеттен 1 миллиард теңге бөлінген. Бұл қаражатқа фронтальды жүктиегіштер, арық тазалағыш машиналар, жолаушылар автобусы, МТЗ әмбебап тракторлары, жол тазалаушы машиналар мен вакумды шаңсорғыштар, автогрейдерлер, самосвалдар сатып алынды. Айта кетерлігі, сатып алынған техникалар арасында отандық өнім де бар. Қарағанды  - үлкен қала. Бұл жерде 250 көше, бұған қоса 210 әртүрлі өтпе жолдар бар. Санитарлық тазалауды талап ететін алаңның жалпы аумағы  шамамен бес миллион шаршы метрді қамтиды, - деді аймақ басшысы. Қалаға мұндай бағалы сыйлық Ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығы қарсаңында жасалып отыр. Бұл көшелерді тазартуға арналған арнайы техника 2020 жылға дейін аймақтарды дамытуға арналған бағдарлама аясында сатып алынды.  Бұған қоса Қарағанды коммуналдық қызметтерінің жұмыскерлері бірыңғай қысқы жұмыс киіммен қамтамасыз етілді.