• RUB:
    5.05
  • USD:
    489.06
  • EUR:
    536.21
Басты сайтқа өту
08 Қараша, 2016

Елімізде өмірде сирек кездесетін оталар жасалуда

342 рет
көрсетілді

Елімізде бас-ми ісігін алып тастау мен баланы іштен жарып алу оталарын бір уақытта жүргізу мүмкіндігі бар. Симультандық деп аталатын мұндай операция өмірде өте сирек кездеседі. Бұл туралы бүгін Үкімет отырысында Республикалық Нейрохирургия ғылыми орталығының басқарма төрағасы Серік Ақшолақов айтты. Оның айтуынша, өзі басқаратын орталық 8 жыл ішінде Орталық Азияда және Қазақстанда бұрын қолданылмаған 60-тан астам технологияларды енгізген. Орталықта 30 мыңға жуық науқас емделіп, 15 мыңға жуық операция жасалды. Соның 70 пайызында жаңа технологиялар қолданылған. Бас-ми тамырларының патологиясы, Паркинсон ауруы, эпилепсия, бас-миының  және жұлын ісіктері бар науқастарға жоғары технологиялық көмек көрсету қолға алынды. «Біздің орталықтың ашылуына дейін науқастардың шетелге барып емделуіне немесе осы кеселдің ауыртпашылығына көнуге тура келетін еді. Әлемде алғашқылардың бірі болып, 2008 жылы бас-ми ісігін алып тастау, баланы іштен жарып алу оталары бір уақытта жүргізіле отырып, ана мен баланың өмірін сақтап қалатын симультандық операцияны жасадық. Мұндай операция өмірде өте сирек кездеседі. Биыл да осындай операцияны жасадық. Қазіргі таңда осы аналар мен балалардың жағдайлары жақсы», - деді С. Ақшолақов. Орталық тұрақты түрде медициналық технологияларды республиканың өңірлеріне трансферттеуді жүзеге асырады. Сол арқылы қазіргі кезде өңірлерде 1 мыңнан астам науқасты емдеуге мүмкіндік беретін 50-ден астам технологиялар енгізілді. Динара БІТІКОВА, "Егемен Қазақстан"