• RUB:
    5.63
  • USD:
    477.15
  • EUR:
    522.43
Басты сайтқа өту
12 Наурыз, 2011

Атырау іскілері бәсекеге төтеп бере ала ма?

437 рет
көрсетілді

Алдыңғы жылы Атырауда бір реттік іскілер (шприц) шы­ға­ра­тын зауыт­тың технологиясын құрас­тыру бас­талады дегенді естігенде та­ңыр­­қа­ғанымыз рас. Өйт­кені, кә­сі­бін негізінен  мұнай-газ өнеркәсі­бін­де немесе құрылыс саласында бас­тауға тәуекелдік танытатын кә­сіп­кер­лер арасынан бұған кім тал­пыныс жа­сауы мүм­кін еді? Бәл­кім, біздің елмен іскерлік байла­нысты жандан­дыруға бет бұр­ған ше­­телдік ин­вестор ма екен? Осылай ойла­ға­нымыз да рас. Сөйтсек, Атырау үшін таңсықтау көрінетін меди­ци­­налық іскі шы­ғаратын зауыт­тың құ­ры­лы­сын қазақ жі­гіті қолға алыпты. Қы­зыл­қоға ауданының орта­лығы – Миялы ауылынан түлеп ұшқан   Махмуд Мералиев іскі шығару идеясын бізге жолық­қан кезде айтып берген. Еш­те­ңе жасырған жоқ. Аз күндік пайдадан гөрі ел үшін қажетті іске ин­вестиция салуды көздепті. Қол­ға алған ісін орта жолда тоқ­тат­пай­тын қазақ кәсіпкерінің айтуын­ша, зауыттың жылдық қуаты 250 мил­лион дана іскі шығаруға негізделген. Сұра­ныс  көбейген сайын оның көлемін екі есеге дейін арт­тыруға болатын көрінеді. Рас, тыңға түрен салғандай жа­ңа зауыттың үздіксіз өнім шығару жұмысын жолға қою оңай емес. Іскі шығаратын зауыттың құ­ры­лысына қомақты қаржы құйған инвестор – кәсіпкер  Махмуд Мералиев Корея технологиясына тоқ­там жасаған. Оның алдында Гер­манияның, Қы­тай­дың бір реттік іскі шы­ғаратын технология­ла­рын зерттеген, барып көрген. Зауытқа өнім өндіру үшін қажетті шикізаттар Корея, Бельгия, Ресей елдерінен   әкелінеді. Шикізат ал­ғаш­қы сатыда арнайы аппаратпен өңделеді. Сонан соң іскі қа­лыбы жасалып, басқа да бө­лік­тері дайындалады. Зауытта жұмыс жа­сай­тын  мамандар медициналық іскі өндірудің барлық үдерісін қатаң бақылайды.  Арнайы жаб­дық­тар ар­қылы шығып жатқан іскі қалып­тарын мамандар микроскоппен тексеріп, жарам­ды­лы­ғына көз жеткізіп барып  жинақтау цехына жібереді. Соңынан  3, 5, 10, 20 грамдық іскі­нің барлық бөлшегі құрас­тырылып, за­лал­сыз­дан­дыру машинасында 10 сағатқа дейін сақталады. Мамандар оны осылайша залалсыздан­дырудан өткізгеннен соң ғана пайдалануға болатынын айтады. Өнім өндіру үде­рісі толық автоматтандырылған. – Зауыттың барлық қондыр­ғы­лары Кореядан алынды. Со­ны­мен бірге, бұл зауыттағы өнім шығарудың барлық үдерістері  ха­­лықаралық ISO – 9001 және ISO – 14001 стандарттарына сәй­кес ат­қа­рылады. Сол себептен бірнеше ма­манды Кореяға жіберіп, арнайы курс­та оқытып алдық. Олар сон­дағы зауытта өнім өндіру үдерісін атқару, басқару тәсілдері техноло­гия­сын мең­­геріп келді. Енді осын­дағы мама­н­дарды үйретуде, – дейді зауыт құ­рылтайшысы М. Мералиев. Зауытта Корея технологтары қазақстандық мамандарға бағыт-бағдар беріп, өз тәжірибелерімен бөліскен. Солардың бірі Чань У Ли қа­зақстандық жас­тар­дың жа­ңа мамандықты Ко­реяда  жедел мең­геріп, жаңа өндіріс орнында тәжірибе жинақтауда біліктілік та­нытқанын айтқан еді был­тыр. Ко­рея­лық маман  қазақ жас­тарының жаңаны үйренуге тал­пынысына жә­не біліктілігіне таң­дан­ғанын да жа­сырмапты. Зауыт алғаш өнім шы­ғара бастағанда жұ­мысқа 40 адам тартылса, қазір олардың қатары 60-тан асыпты. Жұмысқа алынған­дар­дың барлығы жергілікті жастар. Жалақылары да көңілге қонымды. «Сапалы өнім шығару қашан да оңай емес. Зауыт жұмысшылары мін­деттерін дұрыс атқару үшін жағ­дай жасау керек қой. Бұл жағына ерек­ше мән береміз. Әсіресе, жал­ақы­ға. Мәсе­лен, инженердің жал­ақы­сы 200 мың теңге, егер ауы­сым­нан кейін жұмысқа қалуына тура келсе, қо­сымша сағатына үс­теме қосы­ла­ды. Бізде еден жуу­шы­ның өзі 60 мың теңге алады» дейді зауыт құрылтайшысы. Бір сағатта 60 мың дана, жылына 250 миллион дана әр мөлшердегі іскі шығаратын зауыттың эколо­гия­ға зияны жоғына сендіреді мамандар. Тек оны шығаруға қажетті шикізат – полипропилен әзірге Қа­зақстанда өндірілмейді. Осы өнім­ді Атырау­дан шығаратын жобалар кешеуілдеп жатыр. Шикізат  шеттен тасы­малданатынына қарамас­тан, 0,2 грамм іскітің өзіндік құны 6 тең­ге 6 тиын тұрады. Ал 10 грам­дық іскі – 10,09 теңге, 20 грамдығы  15,10 теңгеге баға­лан­ған.  «Оның баға­лары дәріхана­лар­дағыдан 2,5 есеге арзан», дейді кәсіпкер Махмуд Мералиев. Қазір Атыраудағы зауытта 30 миллион данадай іскі шы­ғарыл­ды. Бұлар бәсе­кеге төтеп бере ала ма? Қазақ­стан нарығында қан­шалықты сұ­раныс бар? Өзге елдерден сұра­ныс түсе ме? Осы сауалд­арды кәсіпкер Махмуд Мералиевке қой­ған едік. Кәсіпкердің айтуын­ша, елімізде дәл осындай медицинаға қажетті бір реттік іскілер шы­ғарылмайды. Ал көршілес  Ресейдегі іскі шығаратын 4 зауыт­тың екеуі ескі, Өзбекстан мен Беларусь елдеріндегі зауыттар техноло­гиясы да жаңа деуге келмейді. Ал Атыраудағы зауыт Кореяның жаңа технологиясымен іскі шы­ға­рады. Себебі, Корея техно­ло­гиясымен шығарыла­тын өнім­дер бәсекеге төтеп бере ала­тын­дай  са­па­лығымен ерекшеленеді. Бә­секе демекші, биыл жыл ба­сынан бері Ре­сей­дің Самара облысы да Атырау өнімдерін тұ­тына бас­тады. Биыл­­ғы жыл­дың алғашқы екі айында Самара об­­лы­сына екі партия іскі жіберілген. Енді Иран елімен келісім жаса­л­ып қо­йылған. Биыл ел ме­дицинасын Аты­рау­да шығарылған өнім­дер­мен қамту үшін «Са­мұрық-Қа­зы­на-Фармация» АҚ 85 миллион дана іскі са­тып алуға уағда­лас­қан. Осы тапсырысқа орай 20 миллион данадан астамы жіберілген. Атыраулық кәсіпкер тек бір реттік іскі шығарумен шек­­теліп қал­ғысы жоқ. Зауыт­тың өнім шы­ғару қуатын кеңей­туді көз­деген ол іскілерге қо­са хи­рургиялық қол­ғаптар, ине және сұйық дәрі құюға арнал­ған құрал­дар  шыға­ра­тын үш зауыт­ты қа­тар­ға қос­қысы бар. Бұл зауыт­тар­дың құ­ры­лысын жүр­гізу жоба­ла­ры да әзірленіп жа­тыр. Кәсіпкер­дің бұл ойы оңы­нан іске асса, отан­дық меди­ци­наның өзге ел­дің өнім­деріне кіріптарлық­тан құ­тылу жолы табылғалы тұр. Бұл – бір. Екіншіден, медицинаға бөліне­тін ел қар­­жысы өзге елдің эконо­ми­касын кө­теруге кетпей, Қа­зақ­стан ау­мағында қалатыны анық. Үшін­шіден, тағы да үш зауыт ашылса, бірнеше жүз адам тұрақты жұ­мыспен қамты­лады.  Кәсіпкер дәл осылай дейді. Тегінде Атырауда шығарыл­ған өнімдер өзіміз куә болып жүр­ген дәріханалар сатылы­мын­дағы өзге елдерден, соның ішінде алыс­тағы Германиядан жеткізілген медици­на­лық іскілерді, яғни импорт  ал­мас­тыруға  тап­тыр­май­тын өнім. Оның үстіне оның баға­сы импорт­тық өнімдерден әлде­қайда арзан, ал сапа­сы халықара­лық талаптарға толық­тай сәйкес келеді. Отан­дық нарық­та өз ор­нын иелене бастаған Аты­рау өнімдеріне алыс-жақын шет елдерден де сұраныс түсуде. Демек, Аты­рау іскілері ішкі, сырт­қы нарықта бә­секеге төтеп бере ала­ды деуге толық негіз бар. Жолдасбек ШӨПЕҒҰЛ, Атырау облысы.