• RUB:
    5.61
  • USD:
    479.4
  • EUR:
    522.93
Басты сайтқа өту
12 Наурыз, 2011

Абырой жетегіндегі Ақмола

433 рет
көрсетілді

Абыройға ұмтылыс – ұлты­мыз­дың ең ұлық қасиеті. Тәу­ел­сіз Қазақстан өзінің игі ниеттері мен салиқалы саясатының нә­ти­жесінде қысқа мерзімнің ішінде әлемге танылып, төрткүл дүниенің назарындағы мемлекетке айналды. Біз осы орайда Ақмола облысының әкімі С.А.ДЬЯЧЕНКОНЫ әңгімеге тартып, қызмет тізгінін алған бір жыл ішінде өзі ұйытқы болған істер жайлы айтып беруін өтінген едік. – Сергей Александрович, аймақ серпіліс құша­ғында. Былтырғы жылдың байрағы мемлекеттің үде­ме­лі индус­триялық-инно­вация­лық бағ­дар­ламасымен биіктеді. Өңір­де 6 жоба жос­пар­лан­ға­нын білеміз, ал жүзеге асырыл­ғаны 16 болды. Мұн­ша­лық­ты сілкіністі немен бай­ланыстырар едіңіз? – «Болашақтың іргесін бірге қалаймыз!» атты биылғы Жолдау Қазақстанның тұрақты да­мып келе жатқан, мықты әлеу­меттік саясаты бар ел екендігін тағы бір дәлелдей түс­ті. Алға қойылған міндеттерді мүлтіксіз орындау мәсе­лесі ескеріле оты­рып, жос­пар­ларымыздың бәріне тиісті түзетулер енгізілуде. Об­лыс­тың жылдар бойғы даму дәстүрі серпінді міндеттемелер алуымызға негіз болды. 2010 жылы экономиканы дамытудың оң өрісі сақталып, жалпы аймақтық өнім көлемі 562 миллиард теңгеге жетті. Өнеркәсіп өнімдері көлемінің индексі 131,6 пайызға өсті. Бұл республика аймақтары ара­сын­да ең жоғары көрсеткіш сана­ла­ды. Сала 175 миллиард тең­генің өнімін шығарып, бұрын болмаған деңгейге көтерілді. Жоспарланған үдемелі ин­дус­триялық-инновациялық бағ­дар­лама шеңберіндегі ша­ра­ларды жүзеге асыру аграр­лық облы­сы­мызды аграрлы-индус­трия­лық аймаққа айнал­ды­рады. Былтыр индустрияландыру картасы шеңберінде 74 миллиард теңгенің  16 нысаны пай­да­лануға берілді. Мұның өзі 3 мыңнан астам жаңа жұмыс ор­нын ашуға мүмкіндік жасады. Іске қосылған аса ірі жоба­лар­дың бірі ретінде «Алтынтау-Көкшетау» АҚ алтын айыру фабрикасын атап өтуге бола­ды. Бүгінгі күні кәсіпорын ал­тын айырудың республика­мызда теңдесі жоқ жаңа тех­нологиясын өндіріске енгізіп, жұмыс істеп жатыр. Өткен жылы 4 тонна алтын өнді­рілді. Биыл кәсіпорын толық қуа­ты­на көшіп, жылына 13 тонна катод алтынын өнді­ретін болады. Мұның өзі елімізді әлемдегі алтын өнді­ретін ең үздік 15 мемлекеттің қатарына қосады. Еңбекшілдер ауданындағы «Атансор» кенішінде темір кенін байытатын қазіргі заманғы жаңа фабрика, Степногор қала­сында жылыжай кешені, Қор­ғалжын ауданында экспортқа бағыттал­ған вакуумды ора­ма­дағы ет өнім­дері кешені іске қосылды. Көкшетау қаласында «ЕНКИ» жауапкершілігі шек­­теулі серіктестігінің жы­лына 60 мил­лион дана кірпіш шы­ғара­тын толық ав­томаттан­дырыл­ған кірпіш зауыты пай­далануға бе­рілді. Кәсіп­орын ақпан айы­­ның орта­сында ал­ғаш­қы 2 мил­лион дана кір­піш­ті шы­ғар­ды. Ұжым ішкі және сырт­қы рынокты қамта­ма­сыз ететін болады. Жалпы сыйымдылығы 110 мың тонна болатын 5 астық сақтау қоймасын пай­да­лануға беру астықты та­сы­малдау ло­гис­тикасын шешіп, оны сақтау шығы­нын және соған орай ас­тықтың өзіндік құнын азай­тады. Жал­пы, өткен бір жыл­дың ішінде барлығы 60 жаңа өндіріс орны іске қосылды. Биылғы жылы да бұл ба­ғыттағы жұмыстар онан әрі жалғасын тауып, 15,8 мил­лиард теңгенің 12 ны­саны пайдалануға берілмекші. Жоспарланған үдемелі индустриялық-ин­нова­ция­лық бағдарлама шең­берін­дегі шараларды жү­зеге асы­ру аграрлық об­лысы­мыз­ды аграрлы-ин­дус­трия­лық ай­мақ­қа ай­нал­ды­рады. 2010 жылы агро­өнер­кә­сіп кешеніне 27,7 миллиард теңге көлемінде инвестиция тартылды, оның 6 миллиард теңгесі тікелей мемлекеттік қолдау бағ­дар­­ламаларының еншісінде. Ылғал үнемде­гіш тех­нологияны пайдала­натын дәнді және бұршақ да­қыл­дары алқабының кө­ле­мі 2,7 миллион гектарға немесе барлық егіс алқа­бы­ның 60 пайызына жетіп, 2009 жылға қарағанда  130 мың гектарға асып түсті. Өнімділігі жоғары 193 ас­тық жинайтын комбайн мен 46 тұқым себу кешені қо­сымша сатып алынды. Са­ланы әртараптандыру жұ­мыстары қарқын алды. Көк­темгі науқанға да­йын­дық та ойдағыдай. Жолдауда белгіленген тап­­сырмаларға сәйкес, Ақ­мола облысында етті мал шаруашылығын да­мы­ту­дың жаңа бағдарламасы жасал­ды.  Ірі серпінді жо­ба­лар­дың қатарында  Ең­бек­шіл­дер, Зеренді және Астрахан аудандарында 10,2 мың ірі қара мал ба­сына арналған 3 борда­қы­лау алаңы құры­лы­сы бар. Облыс аумағында 24 асыл тұқымды зауыт пен шаруашылық болса, оның үстіне, отандық және шетелдік селекциядағы  бор­да­қылау алаңдары  желілері жұмыс істеуде. Бағдарламаны жүзеге асы­­­ру нәтижесінде 2015 жыл­­­ға қарай ет өндірісі 46 мың тоннаға дейін жеткізілетін болады. Биылғы жы­лы барлық жоспарланған 16 ны­санды  пайдалануға беру қо­сымша  2 мың жа­ңа жұ­мыс орнын құруға жол ашады. Осыған сәйкес өңдеуші кәсіпорындар қуаттана түс­­­кені түсінікті. Былтыр­дың өзінде 7 миллиард тең­генің 13 жобасы іске қо­сылса, мұның 10-ы  ин­дус­триялан­дыру карта­сы­на енгізілген. Бұл – мем­лекеттің қаржы­лай қолдау көрсетуінің жемісі. – Қазақстан Тә­уелсіз­ді­гінің 20 жылдығын атап өтетін биылғы жы­лы Астана қаласының агло­ме­ра­­циялық ай­ма­ғын да­мыту айрықша маңызға ие бол­мақ. Бұл орайда аста­на­лық Ақ­мола облы­сына жүк­­те­лер міндеттер орасан. Ол еліміздің алға ұм­тылы­сының белгісі іспетті. – Иә, жауапкершілік жү­гі бізді жігерлендіре түс­ті. Астана айналасында орна­лас­қан 20 елді мекен бо­лашақта елордамызға  се­­рік­тес ауыл­дар мен қа­ла­ларға айналмақ. Осы жағ­дайларға байланыс­ты, аталған ауыл­дардың әр­қай­сысының тұр­ғындар саны 2,5 есеге өсті. Жа­ңа­дан  құ­рылып жатқан агло­мера­ция­лық аймақта жеке тұрғын үй құрылысы  ке­ңінен қанат жай­­ғанымен, ондағы аза­мат­тардың ба­сым көпшілігі іргедегі  Астана қаласында жұ­мыс істеуде. Сондықтан, серіктес елді мекендерді  көр­кейту, онда заманауи тұрмыс­тық, мәдени және өндірістік шаралар  кешенін орнық­ты­ру, жаңа жұмыс орын­дарын ашу мемлекеттік саясаттың  басым ба­ғыт­та­ры қатарында қарас­ты­ры­луда. Аталған мәсе­леге қа­тысты арнайы бағдар­лама қа­былданбақ. Ол  2011-2013 жыл­­дарды қамтиды. Осы­ған сәйкес, жаңадан 6 орта мектеп, 7 балалар  бақ­шасы, 17 ден­саулық сақ­­тау мекемесі, басқа да әлеуметтік-өнеркәсіптік ны­сан­дар бой  көтеріп, 848 ша­қырымдық электрмен қам­ту желісі тартылып, 200 километрлік автокөлік жо­лы жөн­деледі және инженерлік ин­фра­құры­лым­дар қатарға қо­сылады. Бұл мақсатқа 40,4 миллиард теңге бөлінбек. Мемлекет басшысының тап­­­­­­­сырмасына сәйкес,  Целиноград ауданының жаңа әкім­шілік ор­талығы – Ақмол  ау­ылын бірінші кезекте су және  электр қуа­ты­мен тұрақты қам­тамасыз ету, жол құрылысы, абаттандыру мен  көгал­дан­ды­ру мәселелеріне кө­ңіл бөлу қажет. Рес­пуб­ли­калық  бюд­жет бұл мақ­сат­қа 118,7 миллион тең­ге қар­жы босатса, об­лыс­тық бюд­жет­тің үлесі 31,3 миллион тең­ге бо­­лып отыр. Ел жү­регін  жел­­пінт­­кен  қам­қор­­лық пен қол­дау шаралары өз қай­тарымын беруде. Ақмол  тұр­ғын­дары был­тыр­ғы 1 қазанда, белгіленген мерзімінен бір ай бұрын тұ­рақты әрі сапалы ауыз сумен қамтамасыз етілді. Қазір мұн­да  тәулігіне 1,5 мың текше метр су келіп тұрады. Бұған дейін ол 700 текше метр  кө­лемінде болып, әр аулаға кезегімен босатылатын. Жалпы, «Жол  картасы» бағ­дарламасы аясында Ақмол ауылының су  жүйелерін күр­де­лі жөндеуге 120 миллион теңге бөлініп, ол түгел игерілді. Сондай-ақ, бюджеттен тыс қаржылар есебінен 40 көшеге шамдар орнатылып, аула­ара­лық жолдар жөнделді. Ұлы Отан соғысында қаза болған­дар  ескерткіші мен орталық алаң, «АЛЖИР» лагерінде азап шеккендер кешені  көр­кейтіліп, саяжолда 6 билборд пен 2 баннер орнатылды. Оның үстіне, Елбасы тап­сыр­ма­сы аясында 250 орындық аурухана, емхана, қуатты қа­зан­дық, қоғамдық монша жә­не спорттық-сауықтыру кешені пай­далануға қосылады. Бұл жұмыстарды атқару үшін ал­дағы үш жылда 12 миллиард 410 миллион  теңге қаржы иге­ру  көзделген. Қазірдің өзін­де экономикалық, әлеу­мет­тік ба­ғыттағы жаңа жеті ғимарат ауыл көркін аша түс­ті. Ал, мем­лекеттік «Балапан» бағ­дар­ламасының тұңғыш ны­са­ны – 320 орындық балалар бақ­­шасы аудан орталығы тұр­ғындарының бүгінгі сұраны­сын толық  қамтамасыз етеді. – Щучье-Бурабай ку­рорт­ты аймағы еліміздің туризм және спорт индустриясының туұстары ғана емес, рухани дамуымыздың орталығы са­на­лады. Көркем өл­кені көр­кейтудің бүгінгі қа­дам­да­ры­на тоқталсаңыз. – Бұл – облысқа жүк­телген абыройлы міндет­тер­дің бірі. Мемлекет басшы­сының тап­сыр­­масымен мұнда ұлттық бақ, арнайы эконо­микалық ай­мақ, жүзден астам туристік-сауықтыру мекемелері, спорт­тық және тарихи-танымдық ор­­талықтар жұмыс істейді. Әлем­­дік деңгейдегі «Астана-Бурабай» автобаны өлке тіршілігін күрт жан­дандырды. Іске қосылған сан-алуан бағыт­тағы басқа да нысандар өңір тар­тым­дылы­ғын  арттыра түсті. Бұған қосымша, заманауи құ­рылыстар салудың кешенді жос­пары жасалды. Жоба шең­берінде былтыр 30 километр­лік су құ­быры учаскесін қай­та жаңғырту жұмыстары аяқ­талды. Щучинск қаласындағы ішкі су тартатын жүйелердің құрылысы басталды. Мұның өзі қаланың Шортан кө­лінен су тартуын тоқтатады. Сон­дай-ақ,  Көкшетаудағы әуе­жай­­­ды қайта құру қарқынды жүріп жа­тыр. Бұл қадам­да­рымыз ку­рорт­ты аймақты кө­лік инфра­құры­лымымен қам­­тамасыз ету­­дің ма­ңызды буы­ны ретінде қарас­ты­рылып отыр. Қазір об­лыс­тық бюджеттен бөлінген 149 миллион тең­геге Бурабай кентін дамытуға бағытталған ин­фра­құрылым­дар­дың жобалау құ­жаттары дайын­далу үс­тінде. Игі жос­парлары­мыз­ды жедел­детудің басқа да ша­ралары ой­дағыдай жүріп жатыр. Осы орайда спорт туралы бір ауыз сөз қосайын. Біздің 235 жерлесіміз Қазақстанның ұлттық құрама командасына енген. Жетістіктеріміздің ол­қы еместігін осының өзі аңғар­та­ды. Жуырдағы Азия ойын­да­рына сегіз спорт­шы­мыз қа­ты­сып, 11 медальді (алтауы ал­тын) жеңіп алуы абы­ро­йы­мызды көтере түсті. Ағымдағы жылы облыс орталығындағы Бұқпа кө­лі­нің жағалауында яхт-клуб құ­ры­лысы басталмақ. Сондай-ақ, биыл ашық жә­не жабық үлкен теннис ор­та­лы­ғы пай­далануға беріледі. – Әңгімеміздің   ба­­сында об­лыс тұр­­ғын­да­ры­ның са­ны ар­тып отыр­­­­­ған­ды­­­ғын айтып өт­тіңіз. Елбасы «­Нұр Отан» ХДП­ ХІІІ съезін­де сөйлеген сө­зінде қазақ­стан­дықтардың тұр­ғын үй және тұрмыс жағ­дайын жақсарту басым ба­ғыт болып қала беретінін еске салды. Сіздің мұнда жеке бас­тамаларыңыз ау­ыз­ға алы­нып жүр. – Бұл – мемлекеттік мә­селе. Әйткенмен, ізденбесек, ілгері басу да болмайды. Об­лыста жер қатынастары өткір тұр. Өткен жылы 300 мың гек­тар ауыл шаруашы­лы­ғын­дық жер сот шешімімен ай­налымға қосылды. Әлі күнге 5000-нан астам тұрғыны бар 309 елді мекеннің нақ­ты­лан­ған жос­пары мен картасы жоқ екен. Қазір қаржы көз­дерін қарас­тыру нәтижесінде олардың бар­лығының тиісті құжаттары тәртіпке келтірілуде. Былтыр 46 ауыл мен 4 қалаға көптен күткен сапалы ауыз су келді. Сондай-ақ, ауылдық округтерді білікті мал дәрігерлерімен қамту да шешімін тауып отыр. Былтыр бірыңғай ұлттық денсаулық сақтау жүйесін ен­гізудің бірінші кезеңі аяқ­талып, оң нәтижелерге қол жеткізілді. Облысымызда сол­түстік аймақтағы бірден-бір жаңа үлгідегі диаг­нос­ти­калық және емдеу әдістерін енгізу арқылы облыс тұрғын­дарына бұған дейін еліміздің ор­талық клиникалары дең­гейін­де ғана мүмкін болған жоғары ма­ман­дан­дырылған  медициналық кө­­мек көр­се­ті­луде. Өткен жы­лы облыста 97 кардио­хи­рур­гиялық опе­ра­циялар, со­ның ішінде жү­рекке – 80, онкология және ней­рохирургия са­ласында – 15, сан-жамбас бу­ындарын ал­мастыру бо­йын­ша  24 операция жасалды. Об­лыстық ау­руханаға магниттік резо­нанс­тық тамографтың са­тып алынуы тұрғын­дарымыз­дың Астанаға немесе Ресейге бармай ақ, өзімізде толық тексеруден өтуіне мүмкіндік ту­ғы­зып отыр. Көкшетау қаласында кө­лік­тік медицинаны дамыту мақ­сатында «КамАЗ Инжиниринг» акционерлік қоға­мын­да жыл­жымалы мобильді емдеу про­филактикалық бірліктерін құ­растыру жұ­мыс­тары бас­тал­ды. Өткен жылы осындай 14 ав­токөлік құрастырылды. Мұ­ның өзі өңірдің шалғай елді ме­кендері үшін сапалы меди­циналық көмекке қолжетім­ді­лікті қам­тамасыз ететін болады. Жүргізіліп жатқан кешенді шаралар осы саладағы негізгі көрсеткіштерді жақсар­туға мүм­кіндік берді. Об­лыста сә­билер өлімі 21,4 па­йызға азайып отыр, ал ана өлімі тіркелген жоқ. Облыс­тағы демо­графиялық өсім 3,5 мың адам­ды құрайды. Былтырғы жылы «са­қал­ды» құрылыс саналып келген Ақмола облыстық ауруха­на­сының оңалту орталығы, қа­зіргі заманғы қан орталығы, Көкшетау қаласындағы об­лыс­тық периниталдық орта­лық­тың әйелдер босанатын-об­сервациялық бөлімшенің құ­ры­лысы аяқталды. Бұған қо­сымша, Көкшетау қала­сын­да ауысымына 500 келушіге ар­налған емхананың, Бурабай ауданында туберкулезге қар­сы балалар сана­торийінің құ­рылысы жал­ғасуда. «Жол кар­тасы» бо­йынша денсау­лық сақтаудың 40 нысаны жөн­деуден өт­кізілді. Облыс­қа 181, соның ішінде ауыл­дық жерлерге 54 жас маман келді. – Журналист бол­ған­дық­­тан, үнемі жолда жү­реміз. Ауыл-аймақтың, тіпті кей­бір қалалардың жұ­пыны келбеті көңілге қаяу тү­сі­ретін. Қазір жағ­дай біршама түзеліп қал­ғандай. – «Кешегі бүгінгіге өл­шем бола алмайды» дейді халық. Кейбір бас­шы­лар­дың немқұрайдылығына төзуге бол­майды. Жасампаз Қа­зақ­стан тұрғындары дә­уір та­ла­бындағы қолай­лылықтармен әдемі өмір сүруі қажет. Көр­кемдіктің ба­ламасындай Көк­шетау  көп  жағдайда,  әсі­ре­се,  өзі­нің сыртқы келбетімен,  сәу­­­­летімен  өзге  облыс  ор­­талықтарынан  артта  қал­ға­ны өкінішті. Сондықтан,  2011  жылы  облыс  орта­лы­ғын­да, аудандар мен ауыл­дар­да кешенді  шараларды   жү­зеге  асыруға  баса  ма­ңыз  беруіміз қажет. Бұл  үшін  қи­рағалы  тұрған  ны­сандарды ысырып, көң-қоқыс  төгетін  орындарды  жо­йып,  аймақты   тазарту  мен көгалдандыру, ағаш  отырғызу   жұмыстары қа­таң бақыланады. 2010  жы­лы  бұл  орайда  біршама  іс  атқарылды. Сенбіліктер мен «таза бейсенбіліктерді» жаң­ғырттық. Жыл ішінде 1662  иесіз,  құлағалы  тұр­ған  құ­рылыстардың   біра­зы  қайта  жөнделіп, 744- і,  немесе 45  пайызы  ысыры­лып  тас­тал­ды. Оның есесіне, шалғай  ау­ылдарда  тұр­мыстық қыз­мет  көрсету ше­берханалары,  монша,  шаш­тараз,  тігін  це­хы,  клуб,  кітапханалар көп­теп ашылып жатыр. Ел Тәуелсіздігінің биік мұраты – болашақ ұрпақ тәр­биесі. Былтыр 62 білім беру нысанына 1,1 миллиард тең­генің күрделі жөн­деуі жүр­гізілді. Ал, «Жол кар­тасы» бағдарламасы шең­­­берінде 799 миллион тең­генің 27 жо­басы жүзеге асы­рылды. Ғи­ма­рат­тарды қай­тарып алу есе­бінен 6 ба­ла­бақша,  мемлекеттік «Ба­ла­пан» бағдар­лама­сы­мен 96 мек­тепке дейінгі білім беру мекемесі құрылды. Жыл ішінде апат­ты жағ­дайлардан басқа мек­теп­тердің 95 па­йызы ішкі дә­ретханалармен қамтамасыз етіл­ді. 2010 жыл­­дың ба­сында ол 40 па­йызды ғана құраған еді. – Сөз соңында биылғы жылдың негізгі міндеттері мен ерекшеліктеріне тоқ­та­ла кетсеңіз. – Елбасы Жарлығымен  2011  жыл  ел  Тәуел­сіз­ді­гінің  20  жылдығы  деп  жа­рия­лан­ды.  Мерейтойдың  ұра­ны:  «Бей­­­­бітшілік  пен   жа­сампаз­дық­тың  20  жылы»  деп  ата­лады. Ол мемлекетіміздің  жа­ңа  тарихындағы   жар­қын  оқиға  болмақ.   Бұл  тек  бір  ғана 2011 жылдың   оқи­ғасы  емес,   тәуелсіздік жылда­ры­ның   ай­шықты  жол­дары.  Cон­­дық­тан,  20  жылдық  мерейтой  шын  мәнінде  жал­пы­ұлттық  мереке  болуы үшін  әр  қа­зақстандық оған белсене  қатысуы  керек. Біздің  басты  мақса­ты­мыз – Қазақстанның   бар­лық са­ла­ларда: экономи­када, мә­дениет  пен  қоғам­дық өмірде  қол  жет­кен  та­быстарын  көр­­­­некі  түрде  на­­сихаттау,  осы­­лайша  әр   отан­дасы­мыз­дың  жү­регін­де  мақтаныш  сезімін  ұя­ла­ту. Бұл орайда әр қа­зақ­стандық   өз  ауылын­да­ғы,  өз  қала­сын­­дағы,  өз  кен­тіндегі  өмір­­дің  қалай­ша өз­гер­ге­нін,    Тәуел­сіз­­­дік   оған  жә­­не  оның  от­басына  не бер­­генін терең па­­йымдауы  тиіс. Бұл  тұр­ғы­да осынау  то­­лайым  та­быс­тар мен жетістіктерде хал­қы­мыз­дың бір­­­­лігі үлкен рөл ат­қар­ға­нын  тағы  бір  паш  ету  керек. Ағымдағы  жылғы   бар­лық  істердің     басты  қағи­да­сы: «Тәуелсіздік  – барлық қазақстандықтар  үшін   ең  киелі  құндылық»  деген  сөз болуы  тиіс. Мұн­дай қоғам алдына үде­мелі жоспарлар қойып, оны мүлтіксіз орын­дайтыны айдан анық. Әңгімеңіз үшін рахмет. Әңгімелескен Бақберген АМАЛБЕК,  Ақмола облысы.