• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
18 Наурыз, 2011

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің бұйрығы № 555

453 рет
көрсетілді

2010 жылғы 1 қыркүйек, Астана қаласы Жеке тұлғалардың ерекше қорғалатын табиғи аумақтарда болу ережесін бекіту туралы «Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы» Қазақстан Республикасының 2006 жылғы 7 шілдедегі Заңының 8-бабының 6)-тармақшасына сәйкес бұйырамын: 1. Қоса беріліп отырған Жеке тұлғалардың ерекше қорғалатын табиғи аумақтарда болу ережесі бекітілсін. 2. «Жеке тұлғалардың ерекше қорғалатын табиғи аумақтарда болу ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Орман және аңшылық шаруашылығы комитетінің төрағасының 2007 жылғы 2 ақпандағы № 44 (Қазақстан Республикасы нормативтiк құқықтық актілерді мемлекеттiк тiркеу тiзiлiмiнде 4562 нөмірмен тіркелген, Заң газетінде 2007 жылғы 15 тамызда № 12 (1327) бұйрығының күші жойылды деп танылсын. 3. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Табиғат ресурстарын пайдалану стратегиясы департаменті (Омаров Ж. Ы.) Қазақстан Республикасы департаменті осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде тіркелуін қамтамасыз етсін. 4. Осы бұйрық алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі. Министрдің м. а.           Е.АМАН. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің м. а.  2010 жылғы 1 қыркүйектегі № 555 бұйрығымен бекітілген 1. Жеке тұлғалардың ерекше қорғалатын табиғи аумақтарда болу ережесі 1. Жалпы ережелер 1. Осы жеке тұлғалардың ерекше қорғалатын табиғи аумақтарда болу ережесі (бұдан әрі – Ереже) 2006 жылғы 7 шілдедегі «Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы» Қазақстан Республи­касы Заңының 8-бабаның 6)-тармақшасына сәйкес (бұдан әрі – Заң) әзірленді және жеке тұл­ғалардың ерекше қорғалатын табиғи аумақтарда ғылыми, экологиялық-ағарту, туристік, рекреа­циялық және шектеулі шаруашылық мақсаттарда болу тәртібін айқындайды. 2. Осы Ереже республикалық және жергілікті маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақ­тарды мына түрлеріне қолданылады: табиғат қорғау мекемелері – мемлекеттік табиғи қорықтар, мемлекеттік ұлттық табиғи парктер, мемлекеттік табиғи резерваттар, мемлекеттік өңірлік табиғи парктер; мемлекеттік кәсіпорын нысанында құрылған табиғат қорғау ұйымдары – мемлекеттік зо­ологиялық парктер, мемлекеттік ботаникалық бақтар, мемлекеттік дендрологиялық парктер (бұ­дан әрі – табиғат қорғау кәсіпорындары); заңды тұлға мәртебесі жоқ ерекше қорғалатын табиғи аумақтар – мемлекеттік табиғат ескерткіш­тері, мемлекеттік табиғи қаумалдар және мемлекеттік қорық аймақтары. 3. Мемлекеттік табиғи қорықтардың аума­ғында жеке тұлғалардың болуына тек ғылыми және экологиялық-ағарту мақсаттарда ғана рұқсат етіледі. 4. Мемлекеттік табиғи қорықтың аумағында немесе оның аумағынан тысқары жерлерде орна­ласқан белгілі бір дін жолын ұстанушылар тәу ететін орындарға (қасиетті орындарға) қорық ау­мағы арқылы өтетін жолдармен кіру мүмкіндігін қамтамасыз ету үшін мемлекеттік табиғи қо­рықтың әкімшілігі тиісті діни бірлестіктің келісімі бойынша ақы төлемей, мемлекеттік табиғи қорық инспекторларының бастап жүруімен, топпен осы орындарда болуға немесе осы орындарға жақындап келуге рұқсат берілуі мүмкін. 2. Жеке тұлғалардың табиғат қорғау мекемесінде болуы 5. Жеке тұлғалар үшін (бұдан әрі – келушілер) ерекше қорғалатын табиғи аумақтың (бұдан әрі – ЕҚТА) түріне және күзеттің белгіленген құқық­тық режиміне байланысты табиғат қорғау меке­месінің аумағында болу кезінде мынадай іс-әре­кеттер жасауға рұқсат етіледі: 1) жалпы жұрт пайдаланатын жолдармен және экскурсиялық маршруттардың арнайы жолда­рымен механикаландырылған көлікпен және салт атпен жүру, қорықтық күзет режимі бар учаскелерден басқа, арнайы жабдықталған орындарда аялдау; 2) белгіленген туристік маршруттармен және соқпақтармен табиғат қорғау мекемесінің әкім­шілігімен алдын-ала келісілген, ЕҚТА экскурсия ұйымдастырушыларының немесе инспектор-гид­терінің бастап жүруімен ұйымдасқан экскур­сиялар мен туристік жорықтар өткізу; 3) табиғат қорғау мекемесінің әкімшілігімен келісім бойынша су айдындарында тек қана мо­торсыз жүзу құралдарымен жылжу; 4) әуесқойлық (спорттық) балық аулау. Мемлекеттік табиғи қорықтарда әуесқойлық балық аулау Заңының 43-1 бабына сәйкес жүзеге асырылады; 5) қорықтық күзет режимі бар учаскелерден басқа жерлерде, осыған арнайы бөлінген орын­дарда жабайы жемістер, саңырауқұлақтар дәрі-дәр­мектік өсімдіктер, шөп шабу, отын дайындау және басқа дәстүрлі табиғат пайдалануды, Заңға сәйкес; 6) табиғат қорғау мекемесінің әкімшілігімен келісім бойынша спорттық және экологиялық-ағарту іс-шараларын, туристік слеттер өткізу; 7) кәсіби және әуесқойлық фото-бейнетү­сірімдер жүргізу; 8) оқу практикаларын өткізу; 9) қорықтық күзет режимі бар учаскелерден басқа жерлерде оқу мақсаттары үшін гербарий жинау, топырақ үлгілерін іріктеу; 10) ерекше қорғалатын табиғи аумақтың пас­портында көзделген өзге де қызметтер. 6. ЕҚТА-ның түріне және күзеттің белгіленген құқықтық режиміне байланысты табиғат қорғау мекемесінің аумағында: 1) ЕҚТА-ны пайдалану үшін ақы төлегені туралы растайтын құжаттарсыз ерекше қорға­латын табиғи аумақтарда болуға; 2) жалпы жұрт пайдаланатын жолдардан немесе арнайы экскурсиялық соқпақтар мен туристік маршруттардан тыс жерлерге келіп кіруге және олар арқылы жүріп өтуге; 3) белгіленген орындардан тыс жерлерге автокөлік және басқа да механикалық құралдар қоюға; 4) автокөлікті және басқа да механикалық құралдарды су айдындары жағалауына қоюға жә­не жууға, ыдыс-аяқ жууға, кір жууға, үй жануар­ларын шомылдыруға; 5) су айдындарында, ерекше қорғалатын та­биғи аумақтарды қорғау жөніндегі мемлекеттік инспекция пайдаланатын моторлы жүзу құрал­дарынан басқа, моторлы яхталардың, катерлердің, моторлы қайықтардың, скутерлердің, квадро­циклдердің болуына; 6) арнайы белгіленген және жабдықталған орындардан тыс жерлерде тағам әзірлеу үшін от жағуға, мангал, ошақ орнатуға; 7) осы мақсаттар үшін белгіленген орындар­дан тыс жерлерде аялдау орындарын жабдық­тауға, шатырлар тігуге; 8) тораппен және басқа тыйым салынған құрал мен жабдықтармен балық аулауға; 9) тиісті рұқсатсыз жабайы жануарларды алып қоюға; 10) жабайы жануарларды үркітуге және қорек­тендіруге; 11) ұяларды, індерді, апандарды және құмырс­қа илеулерін бүлдіруге; 12) ағаштар мен бұталарды кесуге, сындыруға және оларға зақым келтіруге, тұрмыстық қажет­тілік үшін сыпыртқылар мен сыпырғыштарға шыбықтар дайындауға; 13) табиғат, тарих, мәдениет және археология ескерткіштерін қиратуға және бүлдіруге; 14) рұқсат етілген жинау орындарынан тыс жерлерде жабайы өсетін ағаш, бұта, шөп өсім­діктерін және дәрі-дәрмектік шикізат жинауға және қазып алуға; 15) осы үшін арнайы бөлінген орындардан басқа жерлерде жабайы өсетін жемістер, саңырауқұлақтар және жидектер жинауға; 16) көрнекі үгіт құралдарын (стенділер, паннолар, аншлагтар және басқалар), орман орналас­тыру, орман шаруашылығы және жерге орналас­тыру белгілерін қиратуға және бүлдіруге; 17) құрылыстарға, ағаштарға, тастарға және жартастарға жазулар жазуға және суреттер салуға; 18) өз бетімен мал жаюға, шөп жинауға, сүрек дайындауға және басқа да заңсыз орман пайда­лануға; 19) топырақ қабатын тұрмыстық қоқыспен және қалдықпен ластауға; 20) Қазақстан Республикасы Ауыл шаруа­шылығы министрінің 2008 жылғы 10 қаңтардағы № 5 бұйрығымен бекітілген «Мемлекеттік табиғи қорықтар аумағындағы шудың және өзге де жасанды акустикалық әсерлердің нормаларына» сәйкес қоршаған ортаға шу шығаратын және басқа да акустикалық әсерлерді қолдануға; 21) мемлекеттік табиғи-қорық қоры мен табиғи кешендер объектілерінің табиғи дамуын және сақталуын бұзатын өзге қызметтерге жол берілмейді. 7. Келушіде ЕҚТА-ны ғылыми, экологиялық-ағарту, туристік, рекреациялық және шектеулі шаруашылық мақсаттарда пайдалану үшін ақы төлегені туралы, нысаны Қазақстан Респуб­ликасының салық заңнамасына сәйкес белгіленетін растайтын құжаттың болуы табиғат қорғау мекемесіне келуге негіз болып табылады. ЕҚТА-ны пайдалану үшін ақы төлегенін растайтын құжат келушінің болу мерзімінің соңына дейін сақталуы тиіс. 8. Табиғат қорғау мекемесі аумағының ше­ка­расында немесе оның күзет аймағында тұрақты тұратын жергілікті халыққа табиғи ресурстарды орнықты пайдалануды қамтамасыз ететін дәс­түрлі шаруашылық қызметтің негізгі түрлерін жүзеге асыру үшін, қорықтық күзет режимі бар аймақтан басқа, ЕҚТА-ның тиісті түрлерінің барлық функционалдық аймақтарына және Заңға сәйкес еш бөгетсіз өтуіне жол беріледі. 9. Рекреациялық жүктеменің жол берілетін нормаларына байланысты келушілер легін реттеп отыру мақсатында табиғат қорғау мекемесінің әкімшілігі осы Ережеге қосымшаға сәйкес Келушілерді есепке алу журналын (бұдан әрі – Журнал) жүргізеді. Журнал нөмірленеді, жіппен байланады және табиғат қорғау мекемесінің мөрімен бекітіледі. 3. Жеке тұлғалардың табиғат қорғау кәсіпорнының аумағында болуы 10. Табиғат қорғау кәсіпорнының аумағында: 1) арнайы бөлінген асфальт төселген немесе қара жолдармен өтуге; 2) арнайы бөлінген орындарда өсімдіктер, жануарлар коллекцияларын қарап көруге; 3) табиғат қорғау кәсіпорнының әкімшілігімен келісім бойынша экспозициялар мен коллек­циялардағы өсімдіктерді, жартылай еркіндік және жасанды жағдайларда ұсталатын жануарларды суретке және бейне таспаға түсіруге; 4) ерекше қорғалатын табиғи аумақтың пас­портында немесе табиғат қорғау кәсіпорнының әкімшілігі белгілеген аумақта болудың ішкі тәртібінде көзделген өзге де қызметке жол беріледі. 11. Мемлекеттік зоологиялық парктердің аумағында жануарларды және келушілердің жеке қауіпсіздігін сақтау мақсатында: 1) радиоқабылдағыштар мен магнито­фон­дарды қосуға, музыкалық аспаптарда ойнауға; 2) жануарларды қоректендіруге, ызаландыруға және үркітуге; 3) жануарларды ұстауға арналған арнайы қоршалған үй-жайларға бөтен заттар лақтыруға; 4) жабайы жануарлар бар үй-жайлардың торлары мен шарбақтарына сүйеніп тұруға, сон­дай-ақ орнатылған қоршаулар арқылы аяқ-қолды созуға, қолжетімді жануарлармен байланыс жасау үшін қол созуға және оларды әртүрлі заттармен (қолшатырмен, таяқпен және басқа заттар)т.б.) түрткілеуге; 5) штативтер мен жарқылдауық шамдарды қолданып, жануарларды суретке түсіруге; 6) жануарларды ұстауға арналған үй-жайлар­дың және басқа да құрылыстардың орнатылған кедергілері мен қоршаулары арқылы кіруге немесе секіріп түсуге; 7) жануарларды ұстауға арналған үй-жай­лардың маңайында орнатылған кедергілерге, дуал­дарға, қоршауларға балаларды тұрғызуға жә­не отырғызуға; 8) көгалдармен жүруге, ағаш және шөп екпелерін бүлдіруге; 9) өзімен бірге үй жануарларын әкелуге немесе ертіп жүруге; 10) бақ-парк мүлкінің орнын ауыстыруға; 11) жануарлар бар қоршаулар мен торлардың қасында кезекшілерімен сөйлесуге, жануарларды қорғау жөніндегі қызметінен олардың назарын басқа жаққа аударуға; 12) экскурсия ұйымдастырушылары мен күзет қызметі қызметкерлерінің талаптарын орын­дамауға; 13) қоғамдық орындарда Қазақстан Респуб­ликасының заңнамасында көзделген құқықтық тәртіп нормаларын бұзуға жол берілмейді. 12. Мемлекеттік ботаникалық бақтар мен мемлекеттік дендрологиялық парктердің аумағында: 1) гербарийлік материал жинауды қоса ал­ғанда, ағаш және шөп өсімдіктерін алып қоюға және бүлдіруге; 2) жемістер, тұқымдар жинауға; 3) табиғат қорғау кәсіпорнының әкімшілігімен келісіп алмай табиғи және мәдени объектілерді суретке және бейне таспаға түсіруге; 4) топырақ қабатын қоқыспен және тұрмыс­тық қалдықпен ластауға; 5) экскурсия ұйымдастырушылары мен күзет қызметі қызметкерлерінің талаптарын орындамауға. 13. Келушіде ЕҚТА-ны ғылыми, экологиялық-ағарту, туристік, рекреациялық және шектеулі шаруашылық мақсаттарда пайдалану үшін ақы төлегені туралы, нысаны Қазақстан Республи­касының салық заңнамасына сәйкес белгіленетін растайтын құжаттың болуы табиғат қорғау мекемесіне келуіне негіз болып табылады. ЕҚТА-ны пайдалану үшін ақы төлегенін растайтын құжат келушінің табиғат қорғау кәсіпорнының болу мерзімінің соңына дейін сақталуы тиіс. 4. Жеке тұлғалардың заңды тұлға мәртебесі жоқ ерекше қорғалатын табиғи аумақта болуы 14. Заңды тұлға мәртебесі жоқ ЕҚТА аума­ғында болу тиісті ЕҚТА түрлерін қорғау және пайдалану режимінің ерекшеліктерін ескере оты­рып, мемлекеттік табиғи-қорық қоры объек­тілерінің сақталуы жағдайында, осы ЕҚТА-ның паспортына және Заңның 25-бабына сәйкес жүзеге асырылады. Жеке тұлғалардың ерекше қорғалатын  табиғи аумақтарда болу ережесіне  қосымша Нысан 20__ жылы келушілерді есепке алу журналы ____________________________________________________ (табиғат қорғау мекемесінің атауы) Р/с № Күні Келуші- нің немесе топ жетек- шісінің Т.А.Ә. Топ- тағы адам- дар саны Көліктің түрі (а/к маркасы, мем. нөмірі) Келу мақ- саты Топтың баратын жері Болу мер- зімі Ақы төлегені туралы белгі (ақы төленгенін растайтын құжаттың №)   1 2 3 4 5 6 7 8 9 Бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2010 жылғы 8 қазандағы Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне № 6530 болып енгізілді.