• RUB:
    5.06
  • USD:
    508.05
  • EUR:
    534.82
Басты сайтқа өту
11 Қаңтар, 2017

Астанадағы жаңа вокзал мамыр айында пайдалануға беріледі

305 рет
көрсетілді

Елорданың жаңа теміржол вокзалы 2017 жылдың мамыр айында пайдалануға беріледі. Бұл туралы бүгін ҚР Премьер-Министрінің бірінші орынбасары Асқар Маминнің төрағалығымен Астана қаласының жаңа теміржол вокзалының құрылысы және Астана станциясының теміржол торабын дамыту мәселелері бойынша өткен көшпелі кеңесте белгілі болды, деп хабарлайды primeminister.kz. Аталған жобаларды іске асыру барысы жайлы «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ басшысы Қ. Алпысбаев баяндады. Ол қазіргі таңда Астананың вокзал кешенінің және теміржол торабының әзірлігі 80% құрайтынын мәлімдеді. Оның айтуынша, вокзалдың карниздерін қаптау жұмыстары, вокзалдың жылытылмайтын бөлігінің қасбеттерін әрлеу, ауа алмастыру жүйесін монтаждау, сыртқы электрмен қамту жұмыстары 90% аяқталған. 2017 жылдың 1 мамырына қарай вокзал ғимаратындағы лифттер мен эскалаторларды монтаждау, іске қосу және жөндеу, төңіректі абаттандыру және көгалдандыру, сонымен қатар әрлеу жұмыстарын аяқтау жоспарланған. Елорданың жаңа теміржол вокзалы аумағындағы инженерлік коммуникациялар мен жол құрылысы жұмыстарының барысы туралы Астана қаласы әкімінің орынбасары Қ. Айтмұхаметов есеп берді. Сондай-ақ, мердігер ұйымдардың басшыларының құрылыс-монтаждау жұмыстарын атқару, жаңа теміржол вокзалын пайдалануға беру қызметінің жұмыстары туралы есептері тыңдалды. Аталған нысан құрылысында шамамен 1 150 адам жұмыс істейді. Астананың жаңа теміржол вокзалы тәулігіне 35 мың жолаушы өткізеді деп жоспарлануда.